|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Жылулық шеңбер: — Сәлеметсіңдер ме, балалар? |
Балалар жылулық шеңберге тұрады. Үлкенмен де, кішімен де бас иіп, амандасады.
|
|
Іздену -ұйымдастырушылық |
Тәрбиеші пішіндер туралы жұмбақтар жасырады: 2. Төрт бұрышы бар, 3. Допқа өзі ұқсайтын, 1. Я фигура хоть куда, Очень ровная всегда, Все углы во мне равны И четыре стороны, Кубик мой любимый брат, Потому что я … 2. Три вершины, три угла, Три стороны у меня. Кто же я? 3. Нет углов у меня И похож на блюдце я. На тарелку и на крышку, На кольцо и колесо. Угадайте, друзья, кто же я? 1-тапсырма: Геометриялық пішіндерді ата (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек). Тәрбиеші: — Ал енді алдымызда жатқан дөңгелек пішінді көрсетейікші.
2-тапсырма: «Бағдаршам» (түстерді үш тілде атап шығу). Тәрбиеші: үш доңгелекті осылай қойса, балалар, неге ұқсайды? -Дұрыс, бағдаршамға. 3-тапсырма: «Пішін жасау». Тәрбиеші үстелде жатқан заттардан геометриялық пішіндер жасауға тапсырма береді. Ұсынған заттар: санау таяқшалар, түрлі-түсті қарындаштар, жіп т.б. ұсақ заттар. Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оңға қарай жүрейік, Солға қарай жүрейік, Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық. 4-тапсырма: «Өз үйіңді тап» ойыны. Шарты: Балалардың қолдарына әр түрлі пішін таратылып беріледі, қолдарыңда қандай пішін болса сол пішін бейнеленген үйдің «ішіне кіріп кету керек». — Балалар қазір жылдың қай мезгілі? — Көктем айларын білесіңдер ме? — Осы ай қалай деп аталады?
— Жарайсыңдар балалар! — Бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол Ғарышкерлер күні. Ғарышкерлер дегеніміз-олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар. Билингвальдік компонент: Ұшақ-самолет, зымыран-ракета, тікұшақ-вертолет. 5-тапсырма: Геометриялық пішіндермен зымыран құрастыру. 6-тапсырма: «Оң жақта-сол жақта». Тәрбиеші: -Аспанда, балалар, тағы не болады? Дұрыс айтасыңдар. Неше күн аспанда? Ал ай ше? Жұлдыздар ше? Дұрыс. |
-Үшбұрыш.
-Төртбұрыш.
-Дөңгелек
-Квадрат.
-Треугольник.
-Круг.
Пішіндерді атайды.
Көрсетеді. — Допқа, алмаға, күнге т. б. Тәрбиеші атаған түсті дөңгелекті кезек-кезек магнит тақтаға қояды және неге ұқсағаның айтады.
Балалар үстелде орналасқан әртүрлі заттардан үшбұрыш, төртбұрыш және дөңгелек құрастыруға тырысады.
Қимылмен көрсетеді.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап, тапсырманы орындайды.
-Көктем.
-Ия. -Наурыз, сәуір, мамыр.
Тәрбиешіні қызығушылықпен тыңдайды.
-Ұшақ, зымыран, тікұшақ.
Қайталайды.
Мұқият тыңдайды, ғарышкерлердің суреттерің қарайды.
Балалар геометриялық пішіндерден зымыран құрастырады.
Сұраққа жауап береді. -Ай, жұлдыздар, күн. -Бір, біреу. -Көп. |
|
Рефлексивті түзеуші |
Сұрақ-жауап. Қорытыңдылау. Мақтау-мадақтау. Тосын сәт. «Ғарышкерлердің тамағы». |
Сұрақтарға жауап береді.
Қуанады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы: Кеңістікте бағдарлауды
Қалыптасқан әдет: Заттың сол жақта, оң жақта орналасуын ажырата біледі
Істей біледі: Пішіндердің атауларын және түс пен көлемін
Тәрбиеші: Мухитова З. С.
Тексерген: _______
Ескерту: _________