+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 25 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Шағын жинақталған мектепте пәндерді кіріктіре оқытудың тиімділігі

Құрманова Жұпар Сакановна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ каф. меңгерушісі, ф.ғ.к. 

Шағын жинақталған мектептіңерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ түрлері бар: бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар.
Бір пәндік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана пән сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.

Әр пәндік сабақтар бір пән сабағын басқа пәндермен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші  топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен математиканы оқытуда өз бетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады, өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу және дұрыс есептей білу дағдысын дамыту көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нәтижелі болуы көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты[1].

Ал екінші топқа жататын ана тілі, табиғаттану пәндері жөнінде іс басқаша. Бұл пәндерді оқыту балалардың сабақта  өз бетінше жұмыс істеуін керек етпейді емес, қайта бұл пәндер бойынша оқушылардың білімін оқулық бойынша пысықтауды өте-мөте керек етеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен аталмыш пәндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі әңгімесін, көрнекті құралдарды көрсетуін т.б, басқаша айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеуді талап етеді.

Сабақ  кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп  жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант,  қызықты тапсырмалар,  дидактикалық ойындар жүргізуге болады.

Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз — қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер, диафильмдер мен кинофильмдер, үнтаспа т.б құралдарын қарауға болады [2].

Пәнішілік кіріктіру – әр оқу пәнінің мазмұны түсінік, білім, білік, дағды және т.б кіріктірілуі, яғни концентрациялану ұстанымы негізінде спиральді құрылыммен сипатталады.

«Спиральдік» ұстаным бойынша ШЖМ оқушылары ортақ ұсынылған мәселені назарға алады, сол мәселе төңірегінде білімін тереңдетеді және толықтырады, сонымен қатар қажетті дағдыны дамытып, қалыптастырып отырады. Оқушылардың алға ілгерілеуіне қарай бір сыныптан келесі сыныпқа ауысқан сайын тақырыптарды анағұрлым тереңірек түсінеді жəне онымен байланысты тиісті тұжырымдамаларды қолдануға мүмкіндік алады және игерілетін негізгі дағдыларға қайта-қайта оралып отырады.  Мысалы, бастауыш сыныптарға арналған математика пəні бойынша спиральді білім беру бағдарламасындағы ілгерілеуді келесі кестеден оңай көруге болады, айталық оқушылар қосу жəне алу тұжырымдамаларының негізінде өткенді қайталайды жəне жаңа білім қалыптастырады [2].

Математика оқу бағдарламасы бойынша тақырыптың спиральділігі

1 кесте

Сынып

Тақырып

1-сынып

Қосу жəне алу элементтерін білу

2-сынып

Оқыған жəне жазған кезде қосу жəне алу элементтерінің атауларын пайдалану

3-сынып

Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу жəне алу (ондықтарды ауыстыру арқылы)

4-сынып

Оқыған жəне жазған кезде қосу, алу, көбейту жəне бөлу элементтерінің атауларын пайдалану

Сонымен қатар, «Спиральдік» ұстаным негізіндегі оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардың шынайы өмірде кездесетін проблемаларды анықтап, оларды зерттеуін талап етеді. Оқушы сыныптан сыныпқа ауысуына қарай бұл проблемалар күрделене түседі.   Бұл шағын мектептер жағдайында біріктірілген сыныптардың оқыту үдерісін ұйымдастыруда ортақ тақырыптар мен мақсаттардың ұқсастығы мұғалім үшін де, оқушы үшін де өте тиімді болмақ. Мысалы, біріктірілген 2–4 сыныптардың дүниетану пәні бойынша бір сабақтың ортақ белгілері [3]:

  1. Ортақ тақырып– Саяхат
  2. Бөлім –Тарих беттерінен
  3. Тақырып – «Көне мəдениеттер мен өркениеттер»
  4. Мақсаттары – 2 сынып – Дереккөздерді пайдалана отырып, тұтынушы жəне өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты білу жəне түсіну, 4 сынып – Зерттеулер негізінде түрлі тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресс деңгейін анықтау. Яғни, 4 сынып оқушылары түрлі тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресс деңгейін анықтау үшін 2 сыныпта алған білімдерін тұтынушы жəне өндіруші шаруашылық арасындағы айырмашылықты еске түсіреді. Еске түсіру шағын мектептер оқушылары үшін жеңілірек болады, себебі «мұғалімнің 2 сыныпқа түсіндіруі арқылы», «2 сынып оқушылардың дереккөздерден алған ақпараттары арқылы» т.б.

Пәнаралық кіріктіру – екі немесе одан да көп пәндер бойынша факті, түсінік, ұстанымдарға және т.б синтез жасау. Бір пәнді оқу барысында басқа пәнде меңгерген теория, заңдылық, әдістерді қолдану арқылы көрініс табады. Яғни білім мазмұнын осы деңгейде жүйеге салу – танымдық нәтижені, әлем туралы тұтас бейнені қалыптастыра отырып, жалпы ғылыми түсініктер, категориялар, тәсілдер түрінде көрініс табатын жаңа білім сапасының түріне алып келеді. Төменде ұсынылған тақырыптар барлық пәндерде оқытылады, яғни әр пәннің өз мазмұндық ерекшелігіне қарай беріледі.

Оқу бағдарламаларының ортақ тақырыптары

2 кесте

Тоқсан

Тақырып

І тоқсан

Өзім туралы

 

Менің мектебім

ІІ тоқсан

Менің отбасым және достарым

 

Бізді қоршаған орта

ІІІ тоқсан

Саяхат

 

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

ІV тоқсан

Тағам және сусын

 

Тәні саудың – жаны сау

Оқушылар бір пəннің аясында үйренген мəселелерін екінші пəнге пайдалана алады немесе бір пəннің негізінде басқа пəнді оқуды жақсарта алады. Білімдерді ықпалдастыру оқу үдесірін оқушы үшін анағұрлым байланысқан жəне маңызды етуге бағытталған.

Мысалы, «Тағам және сусындар» тақырыбы.  1-сынып

  Шағын жинақталған мектептерде   бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Мұндай сабақтың ерекшелігі: оқу процесінің бір уақытты әр түрлі сыныпта бірдей ұйымдастырылуы. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім бір сыныпқа жаңа материалдарды түсіндіріп жатса, екінші сыныптың оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді. Бұл, көбінесе 5-8 және 7-9 сыныптарға қиынға соғады. Өйткені, егер тақырыптар күрделі болса, уақыт жетпей қалады. Бастауыш сыныптарда көбінесе әдебиеттік оқу, математика, дүниетану, қазақ тілі пәндерінде қиындық туғызады. Ендеше күнтізбелік жоспарды аумақты, қайта құруға тура келеді. Сабақ түрлерін өзгерту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға тырысқан жөн. Осыған орай дуэт сабақ, жарыс сабақ түрлерін ұйымдастырған тиімді. Шағын жинақталған мектептерде, бастауыш мектептерде пәндерді кіріктіріп оқыту үшін күнтізбелік жоспарларды кіріктіріп құрған тиімді. Ол үшін сыныптарды біріктіру қажет мысалы, 1-3, 2-4 сыныптарды біріктіріп алып пәндер бойынша кіріктірілген күнтізбелік жоспар негізінде сабақтың жоспарын дайындап, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырған тұлғаны жан- жақты дамыта оқытуға жетелейді.

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Астамбаева Ж.Қ., Уəйісова Г.И. Шағын жинақталған бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы. Оқу құралы.   Алматы, 2010. – 49 бет.
  2. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016 ж.
  3. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мерзімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015 ж. – 80 б.
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype