Математика пәні бойынша жоспар құрғанда аймақтық компоненттерді қолдануға болады. Аймақтық компоненті қолданудағы мақсат — оқушылардың өз Отанының қасиетін сезініп, тарихын танып, Отан алдындағы жауапкершілігін ұғынып және өзі өсіп – өнген аймаққа деген сүйіспеншілігін арттыру, мақтаныш сезімін тудыру арқылы өз елінің патриотын тәрбиелеу. Төменде ұсынылып отырған сабақтың жоспарында аймақтық компоненті қолдану «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» кесенесінің жоғарғы табанын табу туралы есеп ұсынуда көрінеді. Пәнге қатысты терминдерді оқушыларға үштілде айтқызу арқылы өз тілін құрметтеуге және өзге тілді қабылдауға баулуға болады.
|
8.1.А Көпбұрыштар.Көпбұрыштарды зерттеу. 8 сынып |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары. |
|
Оқу мақсаты |
8.1.1.13 Трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану. |
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: трапецияның орта сызығының анықтамасын біледі, есептер шығаруда қолданады. Оқушылардың басым бөлігі: трапецияның орта сызығының қасиетін басқа элементтерін табуда қолданады. Кейбір оқушылар: трапецияның орта сызығын дәлелдеуге берілген тапсырмада орындайды. |
|
Бағалау критерийі |
Трапецияның орта сызығының қасиетін есептер шығаруда қолданады.
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқытудың тілдік мақсаты: Трапецияның орта сызығының теоремасын тұжырымдайды;Сызбаның салынуын түсіндіреді; Дәлелдейді. Пәнге қатысты лексика, терминология: Трапеция, табаны, бүйір қабырға, орта сызық, биіктік, диогональ Диалогқа қажет тіркестер: Трапецияның орта сызығы …; Трапецияның орта сызығының теоремасы …; Трапеция,…,trapeze; …,Средняя линия,middle line; Табан,основа,…; |
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының алтыншы «Мәдениет пен Тарихтың, Тілдің ортақтығы» құндылығы негізінде оқушыларды ұлтжандылыққа, үштілділікке, Отанын сүйуге тәрбиелеу. |
|
Пәнаралық байланыс |
Орыс тілі,ағылшын тілі |
|
Алдыңғы білім |
Трапеция ,оның түрлері,ұшбұрыштың орта сызығы. |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 10 мин |
1.Ұйымдастыру кезеңдері (сәлемдесу,түгендеу,психологиялық ахуал) 2.Үй тапсырмасын тексеру «Таза тақта» әдісі 3.« Шаңырақ» әдісімен топтастыру 4.Мақсат пен критерийді оқушылармен талқылау. |
|
||
|
Сабақтың ортасы 20 мин |
1.Топтық жұмыс. «INSERT» әдісі.( түртіп алу) 2.Тапсырмалар: «Ойлан. Жұптас.Топтас» 1.Трапецияның орта сызығын тап,егер оның табандары 9 см және 11 см болса. 2. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу»кесенесінің табаны 5,2 метр ,орта сызығы 330 см жоғарғы табанын табыңдар 3.Трапецияның диогональдарының орталарын қосатын кесінді табандарына паралелль және олардың айырымының жартысына тең екенін дәлелдеңдер. ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» |
«Мектеп» 8 геометрия Смирнов В.А Тұяқов Е.А 41 бет( Жоба)
|
||
|
3.Сергіту сәті : «Кеме айлаққа келді» |
|
|||
|
Сабақтың соңы 10 мин |
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар: 1.Трапецияның табаны 6см және 8см.Оның орта сызығын тап. Дескриптор: 2.Трапецияның орта сызығы 5см-ге, бір табаны 4см-ге тең. Оның екінші табанын табыңдар. Дескриптор: Қарқыны жоғары оқушыға тапсырма: 1. Трапеция табандарының қатынасы 2:3 қатынасындай ал орта сызығы 5 метрге тең.Трапеция табанын тап? ҚБ: «Өзін-өзі бағалау» Рефлексия : Сауалнама беру 1.Мен сабақ барысында … 2.Мен өз жұмысыма … 3.Сабақтың материалы мен үшін … 4.Сабақта түсінбеген жерім … Үйге тапсырма :№ 3 . 41 бет |
«Мектеп» 8 геометрия Смирнов В.А Тұяқов Е.А 41 бет( Жоба)
|
||
|
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау-Cіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||
|
Саралау тәсілдері: тапсырма,қарқын,диалогқа түсу және қолдау. Қолдауды қажет ететін оқушыға көмек көрсету, қарқыны жоғары оқушыларға қиындығы жоғары есеп беру.Тапсырмалар жеңілден бастап күрделеніп отырады. Қарқыны жоғары оқушыға тапсырма құрастырылды. |
«Еркін микрофон», «Екі жұлдыз, бір тілек», Дескрипторлары құрылған есеп арқылы оқушылар өзін-өзі, бір-бірін бағалайды. |
Сергіту сәті «Кеме айлаққа келді» |
||
