+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 26 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

Алпыспаева Майгуль Кенесбековна, «Өрлеу» БАҰО» Шығыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институтының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы

Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне орай қазіргі таңда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайында мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби біліктілігі айрықша мәнге ие болуда. Өйткені ол мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып табылады. Қай кезде де білім бастауын мектептен алады, сондықтан мектеп неғұрлым жаңашыл, шығармашыл болса, одан нәр алатын айдын көл де соншалықты мөлдір болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы Халыққа Жолдауындағы Білім берудің жаңа сапасы тарауында «барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.

 

Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі. Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» делінген. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама бойынша өз білімін жетілдіру әрбір бастауыш және пән мұғалімдерінің алға қойған мақсаты болып отыр. Біліктілікті арттырудың бұл курстарының мақсаты — оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім беру бағдарламасымен және критериальді бағалау жүйесімен мұғалімдерді қамтамасыз ету. Осы мақсатты жүзеге асыруда әр мұғалім жаңартылған білім беруге қажетті нормативтік құжаттар мен бағдарламалар және әдістемелік құралдарды оқып үйренуде. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы — оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыландыру, тәжірибе жасау, АКТ-ны тиімді қолдану, коммуникативті дағдыларын дамыту, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру. Жаңартылған білім беру бағдарламасының тағы бір ерекшелігі білімнің спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткізуге болады. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериальді бағалау жүйесіне көштік. Критериальді бағалау, кері байланыс тәсілі заманауи оқытудың қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада оқушылардың табысты болуы үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Осылайша оқушыларды сыни ойлауға, бірлесіп жұмыс жасау, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика пәні бойынша білім беру бағдарламасында мәселелерді шешу, жаратылыстану бойынша білім беру бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларына баса назар аударуды көздейді. Осы орайда жаңа технологияларды енгізу, білім беру қызметкерлерін үздік технологиялармен қамтамасыз ету, халықаралық білім беру стандарттарына көшу-білім беру саласындағы негізгі стратегиялық басымдықтар болып отыр. Себебі, ақпараттық технологиялар оқушыларға білім алу үшін жан-жақты мүмкіндік бере отырып, мұғалімдерге оқу үдерісін сапалы жаңа деңгейге шығаруға және оқыту сапасының тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Бүгінгі инновациялық үрдістің негізі — жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың біртұтас қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жеке, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Қазіргі оқу орындарында жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық-ақпараттық технологияларды қолдану мұғалімге не береді? Атап айтқанда, сабақта уақытты үнемдеу; оқыту барысында көрнекілік деңгейін көтереді; оқушының бос отыруы болмайды; оқу үдерісін белсендіреді; материалдың мазмұнын тереңдетуге мүмкіндік береді; оқу уәжін арттырады; оқытуды интеграциялауға, бір мезгілде аудио, видео, мультимедиа-материалдарды қолдану арқылы сабақты жаңашаландыруға мүмкіндік береді.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.

Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданудың келесі ерекшеліктерін атап көрсеткен [10]: дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін арттыру; қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі; оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет; саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағыттау; ақпараттық бағдарламалап оқыту — оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру; иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптастыру; ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала – субъект», «бала — объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады».

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады: модификациялық инновация — бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу [9]. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек мәтінін және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады. Комбинаторлық модификация — бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел. Радикалдық инновация — білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Инновациялық үрдістерді енгізу үш өзара байланысты күштер: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен анықталады.

Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды: мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді. Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады. Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді. Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығушылық танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады. Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық — педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет. Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамытуы кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады. Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге енгізу жұмыстары; инновацияны тәжірибеде дұрыс қолдану.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды қолдануды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: білім алушылардың білім және біліктілік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты; жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады; жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір  шарты – оқу орындарындағы білім беру үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Қазіргі кезеңде оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай: әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу, өз бетінше жұмысты істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту, талдап, ойлау қабілетін дамыту.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбев Н. «Қазақстан — 2030» Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы-2018ж,. [1]
2.Қазақстан Республикасы “Білім мемлекеттік бағдарламасы” / Қазақстан мұғалімі. – 2016. — №33-34
3.Границкая А.С. Научить думать и действовать. Адаптивная система обучения в школе. М: Просвещение, 1991. [5]
4.Бөрібекова Ф, Жанатбекова, Кусаинова. Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері.kazmu.kz
5. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004.
6. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2014.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype