+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 27 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Қыр қызғалдағы

Еңсебаева Шынар Мұратбекқызы, Шығыс Қазақстан өнер музейінің "Экспозициялық көрме" секторының маманы, Өскемен қаласы

Кескіндеме өнері - дүниені көркем бейнені қабылдау, оны тану және дербес-эмоционалды жаңғырту құралы. Кескіндеме  өнерімен араласу- адаммен араласу. Шынайы  өмірді көркем түрде, типтік  бейнеде көрсету арқылы кескіндеме өнері, көркрменге әлем жайлы түсінік береді және  содан саналы қарым-қатынасты қалыптастырады.

Қылқалам шебері Бекбердинова Гүлнар Миғражқызының туындылар тереңдігі әртүрлі. Суретшімен байланыста  рухани баю процесі жүреді әрі ол  процесс ерекше құнды: эстетикалық талғам артып, өзін-өзі тануға ұмтылыс жасайды. Бейнелеп айтқанда, көрермен полотнодан өз әлемін көреді. Көркем туындыны эстетикалық қабылдауды айрықша қызмет түрі бар: санада автордың өз шығармасында жасаған көркем  бейнесі қалыптасады.

 Гүлнар Миғражқызы туған ел табиғатын тамсана жазады, туған жер табиғатын ерекше бір  сүйіспеншілікпен жеткізетін суретшінің бірі.  Өзіме ерекше әсер еткен  туындылар ішінде «Қыр қызғалдағы» жұмысына тоқталуды жөн көрдім. Туынды  нәзік түсімен, шиыршық атқан бояуымен, белсенді кеңістік ортасымен, бейне әсемдігімен және сырлылығымен ерекше көзге түседі.  Адамзат  әдемілікке түс арқылы ұмтылады. Түс  қызығушылықты оятады, өзіне тартады, көңіл күйге әсер етеді. Дидактикалық тұрғыда түс тәрбиелік әсер  қалдырудағы жоғары алғышарттардың бірі ретінде танылады және  бейнелеу өнерін  дидактикалық құрал ретінде қабылдауға  мүмкіндік  береді. Басқа да  рухани өмірдің түрлері сияқты өнердің де мақсаты адамды толық жетілдіру, оның ішкі әлемін байыту, шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту.

Философтардың арасындағы таластарды туындататын сұрақ, өнердің ең  басты жұмысы неде. Әрбір заман одан жаңа қырларын табуда. Аристотель өнерді, әлемді тану және жанды тазарту тәсілі деп есептейді. Француз философы Ш. Батте ХҮІІІ ғасырда өнерді «әсемдікті жасау», деп көрсетті. Ал қызғалдақ гүліне тоқталсақ, таныстырмас бұрын:

Қазақстан-біліп ал,
Қызғалдақтың отаны.
Қызғалдақпен шықты ғой,
Біздің елдің атағы,-деген өлең жолдарынан кейін қызғалдақ атауы қайдан, қалай шыққан? Және басқа да сұрақтар туындауы сөзссіз. Ол  жөнінде  болжам көп. Оның кеңінен тараған атауы — «тюльпан». Бұл  парсы сөзі: «толибан» немесе «долбент». Оның  мағынасы:  басқа  тартатын орамал, «тюрбан». Тюльпан осы сөзден шыққан, қызғалдақ  қауызы шығыстың баскиіміне ұқсас болғандықтан, осылай аталған. Қызғалдақ ежелден-ақ, ақындарды да, ғалымдарды да, патшаларды да таң-тамаша қалдырып, өзіне  ынтықтырып келеді. Содан да болар, Шығыстың тағы бір  атақты шайыры Ғафиз қызғалдақтың қыздай нәзіктігіне, әдемілігіне,  кипаристей сымбаттылығына тіпті раушан гүлі де  тең келмейді,-деп жырлайды. Кең байтақ қазақ  даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі  өсімдік  түрлеріне аса бай. Соның бірі- көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі. Тамаша қызғалдақ гүлінің біздің  жерімізде 32 түрі кездеседі. Оның 12-сі эндемикалық, яғни, тек  қазақ жерінде ғана өсетін түр болып саналады. Осыдан болар, Қазақстанның «Қызғалдақтың отаны» аталуы. Шындығында, аталмыш гүлдің  қазақ даласынан бүкіл жер жүзіне  таралғандығына бүгінде ғалымдар нақты дәлелдер келтіруде. Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, Қазақстанның  бренді ретінде  мақтаныш етуге біздің  толық  қақымыз бар. Оны тек мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алуымыз керек. Оған себеп,  жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрінің «Қызыл кітапқа» енгендігі. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақ-пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да ең кең таралған, көгалдандыруда да  жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл  болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 сантиметрден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, «Рембрант қызғалдағы» сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн  аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп  жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Жер шарының  қай түпкірінде болмасын алуан түсті қызғалдақтар өседі. Үлбіреген  нәзік  гүлге әрдайым сүйсіне қарағанмен, оның шығу  тарихы мен табиғаты жөнінде көп ойлана бермейді екенбіз. Ғалым Анна Иващенконың «Қазақстан қызғалдақтары және жуа тұқымдас өзге  өсімдіктер» кітабында қызғалдақтың отаны-Қазақстан екендігі анық жазылған. Қызғалдақтың тұқымы Ұлы Жібек  жолы арқылы Түркияға, кейіннен Голландияға жеткен көрінеді.

Қазақстанда тың игергенге дейін, одан кейінгі 20-30 жылдың ішінде де  дархан дала төсі қырмызы қызғалдақтармен құлпырып тұратын-ды. Көктем келіп, мамыр айы туысымен-ақ, ауылдың қыз-жігіттері қырға шығып, сан алуан түсті қызғалдақтарды тамашалап, гүл теріп қайтатын.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype