ХХІ ғасыр – білімділер ғасырының талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру мемлекетіміздің негізгі стратегиясы болып саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңмен іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» атап көрсетілді.
Бүгінгі таңда ағылшын тілі меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса ағылшынша білсең, әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Ең бастысы, ағылшын тілін білу – бұл іскерлік қарым – қатынас және әлемнің кез келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап. Жалпы әлемдік рейтингте ағылшын тілі бірінші орын алады, сондықтан біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жас ауымыз керек. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ.
Егеменді еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімнің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан -–жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік кеңістігіне өтуі білім беру саласында, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.
Орта мектепте үш тілді оқытудың негізін қалыптастыру, әртүрлі оқыту технологияларын қолдану арқылы баланың бойына тілге деген қызығушылығын, оны үйренуге деген құштарлығын арттыру болып табылады.
Бүгінде біздің алдымызда жеке тұлғаның болашақта заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін, мәдениетін танып білуіне ықпал ету, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсаты тұр.
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде үш тілді оқыту технологиясының әртүрлі әдіс — тәсілдерін қолдана отырып,терең білімді, ізденпаз шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріледі. Олардың есте сақтау қабілетін жетілдіре отырып, еркін сөйлеуге өз ойын еркін айту дәрежесін жеткізу.
Үш тілді оқытудың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту, жас ерекшелігіне сай ақпараттық сауттылығын жетілдіру. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға және терең білім беруге, соның ішінде тілді үйрету мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады. Білім саласына үш тілге үйретуді енгізу қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттерінің бірі. Себебі, еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеп, олардың бойына бір жақсылықты сіңіре отырып үштілділікті барынша кіріктіру балабақшадан басталатыны бәрімізге мәлім. Сондықтан да балалардың ой-өрісін үздіксіз дамыту үшін ұйымдастыру оқу іс-әрекетінде ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Балабақшада балалар өз құрбыларымен араласып, ойын ойнай алады. Балабақшада берілетін білім оқу-тәрбие үрдісі барлығы ойын арқылы жүзеге асады. Мұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Алғашқыда ағылшын тілін оқытудағы бір негізі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар және ағылшын тілінде тақпақтар, жұмбақтар таңдалады. Осы ойындар балалардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады. Яғни, ағылшын тілін меңгеру барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзыреттілік тапсырмалар арқылы баланың өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Мектепке дейінгі мекемелерде үшгтілділікті үйрету кіші топтан басталады. Бала тілді неғұрлым ерте жастан үйренсе, соғұрлым ол оны жеңіл меңгереді және балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді. Бастауыш мектепте тәрбиенің жалпы білімділік құндылығын көтереді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге және құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылардың табиғи ғылыми ойларын болашақта әлемдік білім жүйесінде қолдана алатындай деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз кү сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі ұйым педагогтарінің алдына қойылған міндет – тілдің негізгі құндылықтарын меңгерген, ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа дайын, сөздік және сөздік емес құралдардың көмегімен қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті көпмәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Үштілділік сабақ балалардың ой өрісін, қиялдарын, сөздік қорларын, тапқырлықты, ізденпаздықты, зейінділіктерін дамытады. Тілді дамыту жүйесі кешенді жүргізіледі, сондықтан баланың санасында адамзат тілдерінің әр алуандығы туралы түсінікті және оларға деген құрмет сезімін дұрыс қалыптастыру керек. Мектепке дейінгі білім беруге үштілділікті енгізу, мұның арқасында, тілдерді меңгерудің логикалық жүйесін жасай аламыз. Яғни, балабақшада, бастауыш сыныпта шет тілмен танысса, мектептерде оның негізін меңгеріп, жоғарғы оқу орындарында мамандықтарынас сәйкес кәсіптік тілді оқитын болады. Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың негізгі мақсаты тіл дамыту негізінде білім қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету. Баланың үштілді мәдениетке баулудың негізгі мақсаты: тілді дұрыс меңгерту, ауызекі сөйлей білуді үйрету.
Балалар бақшасында шет тілін игеріп, тілдік қатынасқа түсудің маңызды түрі – ауызша сөйлеу тіліне үйрету. Ал толық түрде жазбаша тілдік қатынасқа түсу, яғни айтылған ойды тез түсіну, тез жауап қату біртіндеп мектепте бастауыштық және орта білімдік сатыларда, тіпті баланың бүкіл өмірінде дамытылады.
Егемен еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Қорыта келгенде, мектепке дейінгі мекемеде, бастауышта білімнің негізгі кірпіші қаланады. Сондықтан әрбір тәрбиеші, мұғалім мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңашыл көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған, үштілді еркін меңгерген білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Білімдегі жаңалықтар журналы, №2, 2017 ж.
2. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2007 жылғы 28 ақпан
3. Бастауыш сынып журналы, №7, 2016 ж.
4. Білімдегі жаңалықтар журналы, №2, 2017 ж.