Сондай-ақ, «VALEO» зияткерлік- дамытушылық орталығында ата- аналардың сұранысымен 2017 жылдың қаңтар айынан репетиторлық орталық ашылды.Орталыққа ауылдық округке қарасты мектептерден қазақ тілі,математика,химия пәндерінен қосымша білім беруде 5 -11 сынып аралығында оқитын мектеп оқушылары қамтылды. Онда зейнетке шыққан тәжірибелі білікті ұстаздар дәріс беруде.
Елбасы Н.Ә Назарбаев: «Үш тілді білу жөнінде айтып келеміз. Бұл жерде мемлекеттік тіл — қазақ тілін білу парыз. Екінші, орыс тілінен айырылып қалмауымыз керек. Білген тілден ажырауға болмайды. Көп тіл білгеннің зияны жоқ. Үшінші – ағылшын тілі. Біз ағылшын тілін білмесек, әлемдегі озық инновацияға, технологияларға шыға алмаймыз. Өйткені барлығы сол тілде жүргізіледі. Жастарға айтатыным осы»,- деп нақты міндет қойды.
Осы тапсырманы орындау барысындағы жұмыстар Тарбағатай ауданында да жандана түсуде. Былтырғы жылдың қараша айында Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың тапсырмасы бойынша және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Дауытбаеваның қолдауымен, «Тұлпар» ақыл- ой дамыту орталығы ауданда ағылшын тілінің курсын ұйымдастыру мақсатында «Балауса –Балғын» ясли- бақшасы» КМҚК базасында «VALEO» зияткерлік- дамытушылық орталығында Өскемен қаласындағы «Gambridge school» тілдік орталықтың филиалын ашты. Ағылшын тілін меңгерту әр деңгей бойынша, арнайы заманауи оқулықтар мен әдіс- тәсілдер арқылы жүзеге асады.
2-3 сыныптар (beginner, elementary) Family and friends 1
4-5 сыныптар (elementary) Family and friends 1,2
6-7-8 сыныптар (beginner, elementary) Project 1,2
9-10 сыныптар (elementary, pre-intermediate) Solution 1,2
Ересектер (beginner) English File 1 деңгейде болды.
Ақжар ауылында оқушылармен қатар ересектердің де ағылшын тілін меңгеруге деген құштарлықтары артып келеді. Мұндағы ағылшын тілі сабақтарының 110 тыңдаушысы бар. Олардың 103-і оқушы балалар болса, 7-і ересектер. Курс жетекшісі Арайлым Шомбина шет тілін үйренушілердің талабын қолдап, уақытпен санаспай еңбек етуде.
Қазіргі жаһандық заманда, ағылшын тілінің қажеттілігі әр адамға мәлім. Күннен күнге бұл тілдің маңыздылығы әр салада артып келеді. Сондықтан, тіл үйренем деушілерге, аталмыш курс үлкен мүмкіндік ұсынып отыр деп айтуға болады. Себебі, осы орталық арқылы тек тіл үйреніп қана қоймай, сонымен қатар жазғы демалыстарды шет елдерде өткізу және IELTS тестіне дайындық жүргізіп, ресми түрде тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.