Сөздік жұмыс: қарлығаш, қараторғай, ұзақ, қаз.
Керекті құралдар: Интерактивті тақта мүмкіндігін қолдану,құстың ұясы,қарындаштар түрлі-түсті
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиеші іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру. Сезімді ояту
Ізденістер. Ұйымдастыру
Қорытындылау |
Арайлап таң атты, Балалар,тыңдаңдаршы ненің үні, ненің дауысы? -Боран дауысы (боранның суреті тұрады) -Балалар,біз қандай мезгілді артқа тастадық? -Қыс. -Биыл қыс несімен есте қалды? -Өте суық болды,қар қалың болды. -Енді тағы тыңдап көріңдерші-сылдырлап аққан су, құстың дауысын, гүрілдеген дыбыстарды естігенде сендер қай мезгілді елестетіңдер? (слайд арқылы суреттер көрсету) -Көктем мезгілі. -Көктемде неше ай бар? -Қай айдан басталады? -Көктемді қыспен салыстырғанда қандай өзгерістер бар? -Көктемде ауа-райы қандай болады? -Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді? (ұзақ, қараторғай, үйрек) -Жыл құстары, қыстап қалатын құстарды бөлу. -Суретті жұмбақтың жауабын тауып көрейікші; Көктем мезгіліне жататын суреттерді қаламсаппен апару. Сергіту сәтін өткізу. Келді көктем далаға. А-а-а-а-а Нұрлы көктем А-а-а-а-а Сүйді беттен -Көктемнің алғашқы гүлі қандай гүл? -1,2,3 топ сендерге тапсырма. (музыка қосылып тұрады, балалар өлең айтып отырып тапсырма орындайды) -1 топ: құстардың суретін бояп,салады. -Суреттер бойынша әңгіме құрау. -Кітаппен жұмыс. «Көктем» өлең жолын оқып беру. -Балалар, қараторғайға қараңдаршы ол қай жаққа қарап тұр? -Ағаштағы құстың ұясына қарайықшы не көріп тұрмыз? -Құстардың ұясын. -Неге қараторғай бізге ұясын көрсетіп тұр деп ойлайсыңдар? -Кім айтады? -Қане, ұяны көрейінші, не бар екенін,ой балалар ұяның ішінде көктем құстары сендерге сыйлықтар алып келіпті .Көрейікпе не екенін? Сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықтау. Мадақтау. |
Балалар өлең жолдарын айтып,бір- бірімен сәлемдесу.
Естіген әуенді зейін қоя тыңдап, айту.
Көктем мерекесін сезінеді
Естігенін айту. Қаламмен апару
Суретті жұмбақтың жауабын айтады.
Қаламмен жұмыс.
Қимылмен көрсету. Өлең жолдарын қайталап.
Бәйшешек гүлі
Әуенмен бірге әнді орындай отырып,суреттер-ді бояу. Түсінгендерін айтады Сұрақтарға жауап береді. Балалар көктемнің ерекшелігіне тоқталады. Балалар жауабы. |
Күтілетін нәтиже :Көктем мезгілінің ерекшелігін білуі.
Білуі тиіс:Жыл құстарымен, қыстап қалатын құстарды ажырата білу.
Түсінігі: Көктем мезгілімен қыс мезгілінің айырмашылығы.
Көрсете білуі: Құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғау. Суретке қарап әңгіме құрай білу.