Математикалық сауаттылық ұғымында негізгі тірек пәнді меңгеріп алу емес, функционалдық сауаттылыққа мән беру қажет. Функционалдық сауаттылық математикалық білімді дербес және қоғам арқылы әртүрлі талапты қанағаттандырады. Осыған сәйкес әрбір оқушының математикалық білімін есеп шешуде әртүрлі тәсілді интуиция және ойлану арқылы шығаруда негізгі назар аударамыз. Бұл үшін оқушыда белгілі мөлшерде математикалық білім және білік болуы керек, математикалық деректер, терминдерді, стандартты әдіс, стандартты әрекет және белгілі әдіс қолдану есептелмейді.
Біздің ойымызша, математикалық сауаттылық – біріншіден, математиканың адам өмірінде алатын орнын түсіну, екіншіден, математиканың негізгі ұғымдары мен анықтамаларын білу, үшіншіден, математиканың ережелері мен теоремаларын және математикалық аппаратты нақты проблемаларды шешуде ұтымды қолдана білу.
Мектептегі математика курсындағы кейбір тақырыптарды оқытудың қолданбалы бағытын нығайту үшін, есептер жүйесіне практикалық жағдайды модельдеуге математикалық білімді колдануды көрнекі көрсетуге немесе керісінше, қандай да бір математикалық модельмен сипатталатын әр түрлі табыстарға мысалдар келтіру арқылы формуланың практикада қолданылуын, математиканың рөлін, абстрактілі ғылым екенін оқушыларға көрсетуге мүмкіндік беретін есептерді енгізу қажет.[1]

Берілген есептер бірден қарағанда әр түрлі сияқты, өйткені есептердің құрылымы және шығарылу әдістері әр түрлі. 1-3 мысалдарды талдап, шешкеннен кейін оқушылар теориялық мәселелердің өмір практикасымен байланысты екеніне көздері жетеді.
Мұндай топтағы есептерді қолданудың артықшылығы математиканың өмірде қолданылуын көрсетуде септігін тигізіп, соның негізінде оқушылардың ойлауының кеңдік, тереңдік, тиімділік сияқты сапаларын тиімді қалыптастыруға көмектеседі.
Мысал — 4. Егістікте бидай мен жүгері 5 га, 6 га, 12 га, 14 га, 23 га және 29 га аудандарға егілген. Әрбір ауданда дақылдың бір ғана түрі өсіріледі. Бір аудандағы бидайды толығымен жинап алғаннан кейін, жиналмаған бидай жүгеріге қарағанда екі есе артық ауданды алып жатты. Қанша ауданға жүгері егілген? [3]
Шешуі. Барлық жердің ауданын табайық:
5+6+12+14+23+29=89га. Есептің шартында бір аудандағы бидайды толығымен жинап алғаннан кейін, жиналмаған бидай жүгеріге қарағанда екі есе артық ауданды алып жатыр. Бұл ауданда жүгері 1 есе болса, бидай 2 есе болады, яғни жүгері мен бидай 3 есеге тең. Сондықтан бидайды жинағаннан кейінгі қалған аудан 3 — ке бөліну керек. 89 — ды 3 — ке бөлгенде 2 қалдық қалады, онда 89 — дан 3 — ке бөлгенде 2 қалдық қалатын ауданды алып тастау керек.
Ондай аудандар 5 га, 14 га, 23 га, 29 га.
1) Бидайын жинаған аудан 5 га болсын, онда 89-5=84 га, 84:3=28 га.
6 га, 12 га, 14 га, 23 га және 29 га арасында қосындысы 28 га болатын аудандар жоқ. Олай болса, бұл дұрыс емес.
2) Бидайын жинаған аудан 14 га болсын, онда 89-14=75 га, 75:3=25 га.
5 га, 6 га, 12 га, 23 га және 29 га арасында қосындысы 25 га болатын аудандар жоқ. Олай болса, бұл дұрыс емес.
3) Бидайын жинаған аудан 23 га болсын, онда 89-23=66 га, 66:3=22 га.
5 га, 6 га, 12 га, 14 га және 29 га арасында қосындысы 22 га болатын аудандар жоқ.
4) Бидайын жинаған аудан 29 га болсын, онда 89-29=60 га, 60:3=20 га.
5 га, 6 га, 12 га, 14 га, 23 га арасында қосындысы 20 га болатын аудандар. Олай болса, бұл дұрыс .
Жауабы. 20 га.
Мысал — 4. Құлыпталған 6 шабадан және олардың 6 кілті бар. Қай кілт қай шабандандікі екені белгісіз. Шабандарға сәйкес келетін кілттерді іріктеу үшін ең кем дегенде неше рет тексеру жасау керек?
Шешуі. Мынандай мүмкін жағдайды қарастырамыз. Бірінші кілтті 5 шабаданға салғанда дұрыс болмаса, онда ол 6 — шы шабадан кілті болады. Екінші кілтті 4 шабаданға салғанда дұрыс болмаса, онда ол 5 — ші шабадан кілті болады. Үшінші кілтті 3 шабаданға салғанда дұрыс болмаса, онда ол 4 — ші шабдан кілті болады. Төртінші кілтті 2 шабаданға салғанда дұрыс болмаса, онда ол 3 — ші шабадан кілті болады. Бесінші кілтті 1 шабаданға салғанда дұрыс болмаса, онда ол 2 — ші шабадан кілті болады. Алтыншы кілт соңғы шабадан кілті. Сонымен шабадандарға сәйкес келетін кілттерді іріктеу үшін ең кем дегенде 5 + 4 + 3 + 2 + 1 = 15 рет тексеру керек.
Жауабы. 15.
Қазіргі кезде мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған мәселелер аз емес. Солардың бірі — оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құштарлығын дамыту.
Оқушылырдың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-қуатымен сенімін арттырып, қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал.
Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалды оқып үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іс-әрекеттеріне және дағдыларына, сонымен бірге математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет деп ойлаймыз.[4;5]
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1) Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2016 жылы/Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылы 1 наурыздағы №205 Жарлығы.
2) Математикалық сауаттылық II — ші бөлім: Әдістемелі құрал/
Ұ. Жанасбаева — Алматы, 2017. – 124 бет.
3) Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016 — 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2016 жылы/Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылы 1 наурыздағы №205 Жарлығы.
4) Ы. Мәуіт, Қ. Қапатұлы, Ә. Қайсаұлы, Ө. Қасыманұлы. Математикалық
сауаттылық. Тесттер жинағы. ІI бөлім. – Астана: 2017. -80 бет.
5) Мұғалім.kz/ ғылыми-әдістемелік журнал — Алматы: №5 (40), 2015.