+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектепалды даярлық сыныбында ойын технологиясы қолданудың тиімділігі

 Кудеринова Асем Маликовна, «М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ, Зайсан қаласы

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория.
Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.
Ойын технологиялары – оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.  Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта – ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зердесін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруді үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.

 Дидактикалық ойындардың түрлері: ойын-саяхаттар, ойын-тапсырмалар, ойын-болжамдар, ойын-жұмбақтар, ойын-әңгімелер, ойын-өлеңдер. Ойынды өткізу түрлері: жалпы, топтық, жекелей. Ойынның атқаратын қызметтері: коммуникативтік немесе қарым-қатынастық, ойын-сауық, диагностика (өзін-өзі тану), әлеуметтендіру, коррекциялық (өзін-өзі түзету). Ойын арқылы іске асатын дағдылар: бірлесе оқу және жеке ерекшеліктерді мойындау, сыныптағы, ұжымдағы басқаның үлесін бақылау, жолдастары, сыныптастары алдындағы жауапкершілік, қалыптан тыс ойлау, барлық ойыншы жеңімпаз, шешім қабылдау дағдысы, көзқарастарды бөлісу дағдысы, түсіну мен практика арқылы есте сақтауды жетілдіру, өзара тәуелділіктің өмірлік тәжірибесі, ұжымның құрылуы және сезімнің дамуы, өзінің бағасын көтеру, өзін-өзі және басқаларды сыйлау.

Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланады.Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға дамиды.

Ойын — оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепалды дайындық сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді.Оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуге тырысамын. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:

1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;

2. Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», «мысық пен тышқан» .

3. Дидактикалық ойындар: «заттардың түсін анықта», «қуыршақты серуенге дайында», «орныңды тап», «ойлан тап», «түсті лото», «тез ретке келтір», «көршілер», «аралар», «дүкен», «сен жалғастыр», «дәл тауып айт» т.б.

4. Құрылыс ойындары: лото және басқа констукторларды пайдалану.

5. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.

Оқушылардың қызығушылықтарын туғызытын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі- дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады.

Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында  пайдалану тиімді болмақ. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу, процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді.

Ойын арқылы бала нені меңгереді:
1. Балалар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Балалар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Балалар әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Балалар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Балалар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype