+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Менің елесімде — білікті тәрбиеші

Көшербаева Жанар Анесханқызы, «Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі» ММ, Жарма ауданы

ХХI ғасыр адамзат баласын ғылым мен техниканың өрлеу кеңістігінің куәсі етіп, өркениетті дамыған елдер қатарына көтерілудің арналары мен мақсаттарын айқындап беріп отыр. Осыған орай егеменді елімізде ғылым- білімнің өркендеуіне сай, әлемдік білім беру, тәрбиелеу кеңістігінен орын алу басты мақсаттарға айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек», деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған дұрыс. Қазіргі таңда халқымыздың баға жетпес асыл мұралары оқу- тәрбиелеу үрдісінде қолданылып келеді. Әйтсе де, олардың балабақшаларда қолданылуы өз деңгейінде болып келеді. Әдетте адам жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі балалардың бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек,

 Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, жастарға оқу-білім және тәрбие ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгін де, болашағы тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана-қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеп отыр.

Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым-қатынасына тығыз байланысты.

Бүгінгі өскелен ұрпақ — болашақ қазақстан азаматы. Өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу бүгінгі күн тәрбиесіндегі бірден- бір қажетті, кезек күттірмес мәселе. Жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Әсіресе, кіші орталықтағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологиялары, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру мәселесі талассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.

Кіші орталықта  берілетін тәрбие — барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев «Мен дәрігерден гөрі тәрбиешілердің көп болғанын қалаймын, себебі дәрігер денеңді сауықтырса, тәрбиеші өне бойынды сауықтырады» — деген екен.

Бала — шыбық, қалай исең солай майысады, оны тәрбиелеп, мінсіз адамзат жеткізудің кілті – тәрбиеші — деген ұстанымды өз басым әр уақытта жадымда ұстаймын.

Мен, өзім еңбек етіп жүрген кіші орталығымның әрдайым биіктен көрініп, тәрбие, білім саласында айтулы жетістіктерге жетіп, сәбилердің қуаныш мекеніне айналуын қалаймын. Білім қазынасын осы тәрбиеленуші бүлдіршіндердің бойына сіңіріп олардың болашақтарына игі ықпал ету негізгі міндетім. Бүгінгі жас ұрпақ болашағының ірге тасының берік қалануы үшін, балаға берілетін білім мен тәрбиенің негізін дұрыс қалыптастыру өз қолымда екендігін күн сайын сезінемін. Сезінген сайын жан-жақты ізденемін.

«Тәрбиеші бойында балаға тәлім берерлік асыл қасиеттері болмаса, тәрбиені бала бойына жеткізу жұмысы оңай болмайды» – деп ұлы ойшыл Эсхил айтқандай бала жүрегінен жол табу асыл қасиетті өз бойымнан тауып, мақсатты істерге жетелеймін.

Тәрбиеші жолы — мен үшін өмірімнің мәні, қайрат-жігерімнің, қабілетімнің бастауы. Әр таңдағы әрбір игілікті еңбек қадамым, тәрбиешілік шығармашылық ізденістерім, балалармен бірлесе атқарған жемісті істерім мені алдағы уақытта нәтижелі істерге бастайды. «Адам өзінің қабілеттерін олардың іс жүзінде қолдануға тырысуы арқылы біле алады» — деген ойшыл  Сенеканың  пікірін сәби санасына сіңіруден мен де жалыққан емеспін.

Бүгінгі тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктету жолында, жаһани талаптарға төтеп беретін жеке тұлғаны тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген білімді де білікті, шығармашылық ізденісті тәрбиешілердің еңбегі өлшеусіз…

ХХI ғасыр — ғылым мен техниканың, білім мен тәжірибенің ұштаса кемелденген ғасыры. Бүгінгі тәрбиеші — инновациялық технологияларды пайдаланушы, әрі ізденуші, әрі өндіруші, әрі ғалым-зерттеуші. Мен өзімді осындай тәрбиешілер қатарындамын деп санаймын, өйткені мен – болашақтың бағбанымын!

Дана да, бала да бас иетін,
Ей, адамзат, ұға біл, тәрбиеші қасиетін!..-  деп өз ойымды аяқтаймын.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype