+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жыр-шашу: «Бағаналы орда, басты орда» (Қазақстан Республикасының елордасы-Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналады)

Шаяхметова Камшат Кенжеканкызы, А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінің тәрбиешісі, Зайсан ауданы 

"Ақиқатында біздің жайымыз ісімізден танылады. Сендер біздің құдыретімізге күдіктенсеңдер-зәулім ғимараттарымызға қараңдар".
Әмір Темір 

Көрді талай халқым менің қасірет пен қайғы-мұң,
Сонда-дағы киелі елім құдіретің ғажап тым.
Қанмен жазған, термен жазған тарихы бар қаншама,
Айбынысың Астанам Мәңгілік ел қазақтың.

Ғажабын көрдік кеше ғана ЭКСПО деген пейіштің,
Астананың көркін көріп, шетелдікпен көрістім.
Сондықтан да көркейтуге үлес қосып мен-дағы,
Сені барша мына әлемге танытуға тиіспін.

 

Толағайдай тас құлатып, тау қопарған тарихта,
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді ғой халыққа.
Береке мен бірліктің  тұнығынан нәр алған,
Ару қалам, Ақордам шалқи берші, шаттана!

Өтті қанша өкініш пен өксіктер де басымнан,
Табылды ғой, жоғалтқаным, жоғалғаным қасымнан.
Ақорданы тұрғызып,ел қондырған Есілге,
Елбасымыз жаралған ғой мықты болып асылдан.

Ханшайым сынды Астана тәжін киіп оралған,
Сұлулығына барлық әлем таңдай қағып қараған.
Маңғазданып тұрады мың бұралған бишідей,
Есіл, Нұра қос бұрымы толқынданып таралған.
Астанам Азияның ару қызы гүлдей болып жайнаған,
Барлық жерде қазағымның қара қазаны қайнаған.
Алпамыстай өсе берсін, жайнай берсін Ақорда,
Желбіретейік Мәңгілік елдің көк аспанда байрағын!

Сенсің ғой мына менің мақсатым мен мұратым,
Таңқалдырсын бүкіл әлемді сенің ғана бір атың.
Бір өзіңнен бастау алсын өрелі іс пен сан арман,
Ару Астана мәңгі менің сөнбейтұғын шырағым! 

Жүз жүйріктен озып келсін сенің ғана бір атың,
Маған ыстық орман-тоғай, өзен-көлің, тау-тасың.
Мен өзіңнен көргендеймін шынымен де әлемде,
Жер жүзінің тіл жетпейтін, көз жетпейтін жұмағын.

ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы» деп атандың,
Шетелдіктерді таңғалдырды зәулім ғимарат,әр затың.
Әсем әні менен жырына айналдың кең даламның,
Тарата бер сұлулықтың шырайлы  шұғыласын. 

Ұрпағың үрлей берсін мәңгі, үміттің бар шырайын,
Атыңды әнге қоссын мөлдір бұлақ, жыршы қайың.
Сарыарқаның төсіндегі әсемдіктің әлемі боп,
Оң жақтан күнің туып, сол жақтан шықсын айың.

Арманымның қақтырдың самғатып ақ қанатын,
Сен сәулесің, мен отпын жалын шашып жанатын.
Ұқсатам Есіл мен Нұраны арудың қос бұрымына,
Астанам сұлудың сырғасындай құлағына тағатын.

Көгінен нұр шашып, күндей боп жарқыраған тұрағым,
Тыныштығы бұзылмасын деп бір Алладан сұрадым.
Елбасымның тілегісің , еліміздің жүрегісің, Астана!
Бір өзіңсің болашақтағы таусылмайтын жыр-әнім!

Домаласын әрдайым мәңгілікке Астана өрге тасың,
Шаттықпенен шырайлансын арайлы аспан астың.
Бәйтеректей биік болсын мәртебең жер бетінде,
Бүкіл әлем танысын халқымның ару Астанасын

Жиырма жасыңа ару Астанам жиырма шумақ арнайын,
Саған дегенде айтылатын ән мен күй де жыр дайын.
Алты Алашқа арай шашқан, алты құрлық көз салған,
Құтты болсын Елордам жиырма жылдық нұр тойың!

Көзімнің қарашығы сенсің ғой ай дидарлы Астанам,
Әсем гүлің, жарық күнің, әр жәндігің ыстық маған.
Ерекше күй кешері сөзсіз тіл жетпейтін сезіммен,
Басына зәулім Бәйтеректің өрмелеп шыққан  адам.

Батасын саған берді ақ сақалды, Алатаудай қарт бабаң,
Әркімдерге олжа болмай ырысың, тұра берші сен аман.
Ұраны сен ұлтымның, жүрегісің соққан мына қазақтың,
Арайланған таңы бар, күн дидарлы ару қала Астанам!

Сен болшы Темірқазық жол сілтейтін мына маған,
Астана менің ақ қайыңдай кеудемде бүршік жарған.
Қазағым бір өзіңнен мәңгі болашаққа бастау алар,
Өткенде өткелдерден, сан сындар мен асулардан,

Ордасы бол мәңгі  береке мен бірліктің сен Астанам,
Жүректердің армандарын орындай берші бас қалам.
Нәр алған аппақ қар мен салқын самал желден,
Тыныштықтан әрдайым бұзылмасын құбылам.

Жалғанды жалт қаратып, таңғалдырған ару қалам,
Бір өзіңнен  таусылмайтын қуат пенен жігер алам.
Бірлікті байрақ етіп, ертеңгі мына болашаққа,
Жол сілте, барайын арман қуып мен де саған.

Сан ғасырлар бойы армандаған сені Алаш бабам,
Әлемді тамсандырып, ән салдырдың сұлу қалам.
Аққудай арманымды қайығыма  желкен қылып,
Барайын, уа, Астана, құшағыңды сен аш маған!

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype