+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ө. Тұрманжанов «Қайдан келдің, бауырсақ» жаттау (ұйымдасқан оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы)

 Бакирбаева Л.С., «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру-тәрбиелеу орталығы» КММ тәрбиешісі

Инклюзивті білім беру – барлық балалардың психикалық және физикалық мүмкіндіктеріне, ата-аналарының әлеуметтік және экономикалық мәртебесіне, мәдениетіне, жеке ерекшеліктеріне қарамастан білім алуы мен нәтижелі табысқа жетуі үшін қажет жағдайлар жасау және білім берудің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған орай біздің мекеме арнайы дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жасау бағдарында әр іс-әрекет кезендерін жан жақты қызықты, балалардың талаптарына, ерекшіліктеріне сай ұйымдастыру жолдарын іздеуде. Инклюзивты білім беру - біздің мекеме жұмысының негізгі бағыты. Жалпы сөйлеу тілдерінің кемістіктері бар және психикалық дамуында тежеулістері бар балаларға күнделікті өмірлеріне қажетті күн тәртібіне сай, арнайы сабақ жоспарлары құрулуда. Осы бағытта негізгі орын алатын ойын әрекеті. Өзім «Жүйелі-рөлдік ойындар арқылы ЖСТК, ПДТ бар балалардың тілдерін дамыту» өзекті тақырыбы бойынша жұмыс атқардым.

 

Төменде сіздердің назарларыңызға өзімнің мектепалды даярлық тобымен өткізілген кіріктірілген ұйымдасқан оқу іс-әрекетінің технологиялық картасын  ұсынып отырмын.

Сабақ барысында тоқталып өтсек: сөйлеу кемістігін түзету дамыту бағытында тіл үстірту, сөздік жұмыс, алдынала жұмыс 4 жолды тақпақ ата-аналар көмегімен жаттау және мнемокесте арқылы жаттау іс-әрекетін қолдандым; психологиялық даму тежеулістерін түзету-дамыту бағытында  жүйелі- ролдік ойын «Наубайхана», мнемокесте  қолдандым. Балалардың денсаулықтарын сақтау нығайту бағытында сергіту сәтін, шаттық шеңбер, іс-әрекетін аумастыруды қолдандым.

Кіріктірілен ашық сабақ

Ұйымдасқан оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші:Бакирбаева Л.С.

Күні:14.02.17ж.

Топ: мектепалды даярлық № 12«Балауса» тобы                 

Білім беру саласы/ бөлімі:Коммуникация. Көркем әдебиет. Таным: Сауат ашу (элементі). Шығармашылық: Мүсіндеу (элементі).

Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Қайдан келдің, бауырсақ» жаттау.

Т.М:  жүйелі-рөлдік ойын арқылыүлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.

Б.М: «Қайдан келдің бауырсақ» өлеңімен таныстыру. Мнемокесте әдісі арқылы өлеңді жаттату.

 Д.М: балалардың сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабылеттерін дамыту; тіл үстірту жаттығуы арқылы тілдерін жаттықтыру; сөзжұмбақ арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Бауырсақты қамырдан мүсіндеу арқылы шығармашылық құзыреттіліктерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, үлгі көрсету, іс жүзінде орындау.

Көрнекіліктер: мнемокесте, Бауырсақ- видео, иленген ұн, бала санына шалғыштар, қалпақ, лес, піскен бауырсақтар, «Наубайхана» ойынының атрибуттары.

Әрекет кезеңдері

      Тәрбиешінің оқу-қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

Іздеу-ұйымдас-

Тырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық

түзетуші

Психологиялық дайындық:

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге тәрбиенің басы ғой,

Ал, қанеки бәріміз, сәлем берейік.

 

-Балалар біздің бүгінгі сабағымызға көп қонақтар келіпті оларға өзіміздің білімімізді, ақыл толтырғанымызды көрсетейік, және сабағымыз қызықты өту үшін бар күшімізді салайық.

Сөзжұмбақ:

-Бүгінгі сабақта не туралы сөйлесетінімізді білу үшін сөзжұмбақ шешейік:

Жұмбақтарды шешіп, сөздердің бірінші әріптерінен «Бауырсақ»

сөзін құрастырады. Буынға бөледі, шапалақтап бауырсақты шақырады:

-бау-ыр-сақ.

-Бауырсақтын суреті теледидарда  көрсетіледі. (әуен қосылады)

Әңгімелесу:

-Қонаққа не келді? (бауырсақ)

1 бала тұрып:

-Ал бауырсақ қайдан келді?

Бұл сұрақтын жауабын «Қайдан келдің бауырсақ» өлеңінен білеміз.

Бұл өлеңді ақын жазушыларымыздың бірі Өтебай Тұрманжанов  жазған. (портретін көрсету, тақтаға ілу). Мен өлеңді оқимын, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Өлеңді оқып беру:

—мәнерлеп оқиды.

Сөздік жұмыс:

Наубайхана – нан пісіретін орын

Диірмен – ұн тартатын жер

Диқан – егін өсіретін адамдар

Өлеңді 2-ші  рет оқып беру.

Өлең бойынша сұрақтарға жауап беру:

-Өлең не туралы?

-Бауырсақ дастарханга қайдан келді?

-Дүкенге қайдан келді?

-Наубайға қайдан келді?

-Диірменге қайдан келді?

-Кімдер бауырсақты өсірді?

Мнемокестені пысықтау:

-Әр суретте тоқталу, стол- дастарханды белгілейді…..

 

Тіл үстірту жаттығуы:

-До-ма-лақ, до-ма-лақ ба-уыр-сақ  –ақ-ақ

 Қай-дан, қай-дан кел-дің, кел-дің до-ма-лап  –ап-ап

 

Жаттау:

-Мнемокестемен  балалар мен тәрбиеші бірге жаттайды.

 

Сергіту сәті:  (әуенді)

-Ай, бауырсақ, бауырсақ

Домалайсың домалап (қолда домалату)

Ыстық, ыстық бауырсақ (үрлейді)

Диқаншылар өсірген. Наубайшылар пісірген.

Домалақ батыр

Батырларды өсірген.

Өлеңді қайталап оқыту: Ойын «Жалғастыр»:

— балалар мнемокестенің көмегімен өлеңді кезектесіп қайталайды.

Жүйелі-ролдік. «Наубайханада» (Әуен қосу)

Шалғыш киіп  «Қол жуу» массаж.

Мақсаты: ойын арқылы наубайхана жұмысымен таныстыру.

Шарты: Балалар шалғыш киіп, наубайшы болады,

Қамырды алып бауырсақ жасайды.

(көмекші алып кетеді)

Ойын соңында тыныс алу жаттығуы:

Мақсаты: денсаулықтарын ойын арқылы нығайту.

Шарты:

-Алақанды шапалақтап, оларға үрлеу.

Тәрбиеші: Алақанды ұрайық

     Ұнды үрлеп тастайық!!!

-Балалар бауырсақты дастарханға әкелу үшін қанша ма адам еңбек етеді? (диқаншы, диірменші, наубайшы, дүкенші).

— Сол себептен үлкендердің еңбегін құрметтеңдер, нанды бекер шашпаңдар.

1 бала:        

— Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар!    
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!

2 бала:

-Нанды қастерле,    

Ұгітпе бекерге.

3 бала:

-Нан болса, әнде болады    

Нан бар жерде тірлік бар

Өзін өзі бағалау:

-Балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

-Өздеріңнің жұмыстарына, жауаптарына қандай  баға бересіңдер?

(көңілді, көңілсіз смайликпен өздеріне баға береді)

 

Қортындылау:

—Қандай өленді жаттадық?

-Бауырсақ дастарханға қайдан келеді екен?

-Оны қайдан білдіңдер?

-Өлеңді тез жаттауға не көмектесті?

-Бауырсаққа тілектеріңді айтыңдар.

Бауырсақ сендердің өзі туралы көп білетіндеріңе риза болып, рахметін айтып сендермен қоштасты.

Есік қағылып, көмекші піскен бауырсақтарды кіргізеді.

Амандасады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарсы алады

жауаптары

 

 

 

Жауаптары

 

 

 

 

 

 

Тындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауаптары

 

 

 

 

 

 

 

 

3 рет

қайталайды

 

 

Мнемокестемен

танысады

 

 

Қимыл қозғалыс

 

 

Өлеңді мнемокестемен айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызыға ойнайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іс-әрекеттеріне баға береді

 

 

 

 

 

жауаптары

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Мнемокесте арқылы өлеңді жаттайды.
Меңгеру: өз ойларын жеткізіп айтады.
Жасай алу: ұсынылған тапсырманы орындайды.

Ұйымдасқан оқу іс-әрекетінің нәтижесі: оқу іс-әрекетінің барысында қойылған мақсаттарға мнемокесте, үстірту жаттығулар, қайталау әдісін, жүйелі-ролдік ойын «Наубайшы», сергіту сәтін, сөздік жұмыс қолдану арқылы толық жеттім деп айталамын. Сабақ қорытындысында балалар еркін, өз беттерімен «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңін жатқа айталды.

 

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype