+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жұма, 30 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Ә» дыбысы мен әріпі (ашық сабақ)

Салимова Раушан Камзиновна, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру – тәрбиелеу орталығы» КММ-нің мұғалім-логопеді

Сабақтың мақсаты: Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Ә дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. А мен Ә дыбыстарын ойын арқылы ажырату. Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Сөйлем құрастыру. Фонемалық есту қабілеттерін арттыру. Сөздік қорын молайту. Логикалық ойындар арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақ басында әтешті теледидардан көрсетіп, дауысын естіртіп, “Алтын айдарлы әтеш” ертегін еске түсіріп, қызықтырдым. Әтеш деген сөзді не үшін алғанымызды балалар түсінді және көмек көрсетуге ұмтылды. Әтеш туралы жұмбақтарды шештік, “Қандай дыбыс”, “Кім зейінді”, “Оркестр”, “Қай әріп сәйкес келеді”, “Қай сөз шығады”, “Неге ұқсайды”ойындарын ойнаттым. Перфокартамен жұмыс жасадық, балаларға өте қызықты болды. Құрастырылған сөйлемдерден әңгіме шыққанын түсіндірдім және оны балалар оқыды.

Топ / Группа: 12 «Балауса»
Білім беру бөлімі / Образовательная область:  Коммуникация
Бөлім / Подобласть: Сауат ашу
Тақырып / Тема: Ә дыбысы мен әрпі
Міндеттер / Задачи:
1. Воспитательная/Тәрбиелік: сыйластыққа, еңбекшілікке, ойын барысында достыққа, тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
2. Образовательная/Білімділік: Ә дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Ә дыбысы жіңішке айтылатын дауысты дыбыс екенің анықтау. А мен Ә дыбыстарын ойын аркылы ажырату. Сөздерге дыбыстык талдау жасату. Сөйлем құрастыру.
3. Развивающая/Дамытушылық: Фонемалық есту қабілеттерін арттыру. Сөздік қорын молайту. Логикалық ойындар арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сөздік қоры/Словарная работа: Бұрап қойған сағаттай.

Құрал-жабдықтар/Материалы и оборудование: касса, пенал, тор жолдар, қарындаштар, пефокарта, тапсырма карталар, қорап.

Іс-әрекет кезеңдері

Этапы деятельности

Педагогтың басқару іс-әрекеті

Деятельность педагога

Балалардың іс-әрекеті

Деятельность детей

Мотивациялық-қозғаушы

 

Мотивационно-

побудительный

— Балалар, құлақ не үшін беріледі? Көз не үшін беріледі? Ауыз не үшін беріледі? Біз бүгінгі сабақта  жақсыны көріп, жақсыны естіп және тек жақсы сөздерді айтамыз.

Ойын «Қандай дыбыс?»

Әтеш теледидардан көрініп, дыбысың шығарады.

-Бұл әтеш қай ертегіден? Ой, бұл не? Қандай әдемі қорап, ішінде не бар екен? Хатты оқимыз.

Жақсыны есту үшін,

көру үшін, айту үшін

 «Алтын, айдарлы әтеш»

 

 

Іздену ұйымдастырушы

 

Организационно-

поисковый.

Балалар, біз әтешке көмектесе аламыз ба? Біз көмектессек, түлкі әлсіз болып ұйықтап қалады, әтеш қашып кетеді.

Жұмбақ Бұрап қойған сағаттай

              Айқайлайды тан атпай.  

Әтеш деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі?

Біз бүгін «Ә» дыбыс және әрпімен танысамыз,  сондыктан әтешке көмектесе аламыз.  

 «А» дыбысы мен «Ә» дыбыстардың белгілерің көрсетіп, сүреттерді сәйкес қоямыз. Бірінші қатарға «А», екінші қатарға «Ә»

-Балалар «А» дыбыс жуан дауысты дыбыс, сондықтан сөздер жуан айтылады. «Ә» дыбысы жіңішке дауысты дыбыс, сондықтан сөздер  жіңішке айтылады.

Ойын «Оркестр»

Ойын «Кім зейінді?» Дыбыс, буын, сөз ішінде дыбысты естіп ұстап алу.

Дыбыстық талдау Әтеш деген сөзге жасату.

Бір бала  тақтаға шығып жасайды, қалғандары орындарында отырып өз бетімен орындайды.

 

 

Динамическая пауза «Әдемі көбелек»

        Көбелек-ау,  көбелек,

        Әдемісің керемет!                                                       

        Гүлге келіп қона ғой,

        Өзің де гүл бола ғой.

 

Ойын «Қандай әріптер жоқ?» Жоғалған әріптерді айту Қандай әріптер жоқ болды? Дұрыс дауысты әріптер жоқ

«Ә» әрпін ашып таныстыру. Әріп дауысты жіңішке болды. Дауысты әріптер нешеге бөлінеді?. Неге ұқсайды? Теледидардан «Ә» әріпіне неге ұқсайтының көрсетем.

Перфокартамен жұмыс-тәтті деген сөзді пішіндердін ішіне жазу. Тәтті деген сөзде неше әріп бар? Т-әріп неше рет кездеседі? «Ә» әрпі сөздің қай жерінде? Әтеш айтқандай жұмбақтың бір сөзің таптық.

Ойын «Қай әріп сәйкес келеді?» теледидарм. көрсету

Ойын «Қандай сөз шығады?» Сиқырлы жолдар арқылы қандай сөз шығатының тауып, оқыту. Балалар әтеш неше буынға бөлінеді? Әже неше буынға бөлінеді? «Ә» әрпі сөздің қай жерінде? Әже, ата, әтеш, сағат деген сөздермен сөйлем құрастыру. Құраған сөйлемдерден әңгеме құрастыру. Қысқа әңгіме оқыту.

 

 Әтеш

Ә жіңішке дауысты дыбыс естіледі.

 Ата-дауысты жуан дыбыс.

Әже- ә даусты жіңішке.

 А-а-а —- Ә-ә-ә

  

 

 

 

 

 

 

 

Дауысты әріптер жоқ

Жуан, жіңішке

  

Этешке, тоқашқа…..

  

Тәтті-бес әріп, екі дауысты дыбыс,

үш дауыссыз, екі буын.

Әже, әке, ата, әтеш,сағат.

Әжем мен атам аулда тұрады. Әжемнің әтеш бар.Әтеш айқайлайды тан атпай.

 

 

Рефлесивтік-коррекциялаушы

 

Рефлексивно-

корригирий

-Балалар, кім сабақта белсеңді қатысты, бәрің түсінді-жасыл түсті алады. Кім бәрін түсінді, бірақ тапсырма қиын болды — көк түсті алады. Кім сабақты түсінген жоқ-қызыл түсті алады. Айым, сен неге жасыл түсті тандадын?

Сендер тандаған жасыл түс әдемі жасыл шөпке айналды.

Апайлардың бізге берген жылулары күнге айналды. Ал мен  көк түсті алдым, себебі сендер сабаққа белсене қатыстындар, бірақ әліде көп жұмыс жасау керек. Көк түс бұлтқа айналды . Қай жыл мезгелі шықты? Көктемде біздің көңіл күйіміз қандай? Сондықтан бүгінгі сабақ қалай өтті?

 -Біздің көңіліміз көтерілді, себебі біз әтешті құтқардық. Әтештің дыбысы шығады.

 -Балалар, жұмбақ шешіп, қорабтын ішінде не бар екенің білейік.

Жұмбақ-   К –дыбыстан басталады,
                 Ә –дыбысы ортасында,
                 Өзі тәтті
                 Бұл не? 

 Мен жасыл түсті тандадым,себебі мен сөйлем,әңгіме құрастырдым.

 

 Көктем

Көңілді,жақсы

 

 

 

 

 

  

Кәмпит

Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Түсінуге тиіс/Иметь представление: дауысты дыбыстардың жуан және жінішке бөлінетінін
Білу/Знать: Ә дыбысы дауысты жіңішке дыбыс екенін.
Істей білу керек/Уметь» Ә» әріпті танып, көрсете білуді 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype