+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 31 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Мұрағаттағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және орналастыру тәртібі» (сабақтың әзірлемесі)

Аблахатова Ардақ Амангельдықызы, «Бизнес және сервис колледжі” КМҚК арнайы пәндер оқытушысы,Семей қаласы

Елбасымыздың үш тілді бірдей меңгеру әрбір қазақстандық жастың міндеті деген ұстанымына сәйкес, жәнеде қазіргі білім беру саласында да үштілділікті енгізу қолға алынды. Болашақ іс жүргізуші мамандардың үш тілді қатар меңгеруі бастамасын жүзеге асыру мақсатында КЛИЛ технологиясы бойынша өткізілген сабақтың әзірлемесі.Пән: «Мұрағаттану»           Топ: 31ДПк 
Мақсаты:
Танымдық мақсаты: Мұрағаттану пәні бойынша студенттердің теориялық білімдерін кеңейту, іскерліктерін қалыптастыруға арналған ақпараттармен таныстыру. Мұрағаттағы құралдардың орналасу реті мен сақталу тәртібін білу.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың өз таңдаған мамандықтарына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін дамыта түсуге, болашақ мамандықтарына деген, елі мен жерінің өткені мен бүгініне деген қызығушылықтарын арттыра түсуге ықпал ету.
Тілдік мақсаты: Студенттердің сөйлеу әрекетін дамыту, тіл байлықтарын арттыру, дұрыс сөйлеу дағдысын арттыруға бағытталған терминдермен жұмыс.

 

Сабақтың тақырыбы: Мұрағаттағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және орналастыру тәртібі. Saving and locating archive documents.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту тілі: Қазақ және ағылшын тілі
Әдістері: Студенттердің индивидуалды жұмыстары
Бағалау: Формативті
Ресурстары:Мұрағаттық құжаттар көрмесі, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, бейнекөрсетілім, термометр.
Мазмұны: Мұрағаттану пәні бойынша студенттердің теориялық білімдерін кеңейту, іскерліктерін қалыптастыруға арналған ақпараттармен таныстыру.
Оқудың мақсаты: мұрағаттағы құралдардың орналасу реті мен сақталу тәртібін білу.
Оқудың нәтижесі:
Біледі: Мұрағаттық құжаттарды сақтау тәртібі мен техникасы жайлы білімді меңгереді.
Түсінеді: Сақтау құралдарын өлшем бойынша орналастыруды түсінеді.
Тілдік қатынас: Студенттердің сөйлеу әрекетін дамыту, тіл байлықтарын арттыру, дұрыс сөйлеу дағдысын арттыруға бағытталған терминдермен жұмыс.
Таным: Дидактикалық тапсырмалар арқылы студенттердің ойлау, жүйелеу, саралау қабілеттерін дамыту, есте сақтау процесін арттыру.
Мәдениет: Тапсырмалар беру арқылы студенттерді ізденімпаздыққа, өзбетінше жұмыс істеуге, ұйымдастырушылыққа баулу. Қоршаған ортаға адекватты көзқарасын қалыптастыру.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттерді оқу әрекетіне бағыттау, қызығушылықтарын ояту.
А) 2-3баладан үй тапсырмасын сұрау;
Ә) компьютерде ЕXAM бағдарламасында тест тапсырмасын орындату;
2. Негізгі кезең:
А) Слайдтар бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру;
Ә) Жаңа терминдерді қайталау, сол терминдер бойынша оқушыларға сәйкестендіру тест тапсырмаларын беру.

 (Уақыт біткеннен кейін бағалау критерийлері экранға шығарылып, әрқайсысы өзін-өзі тексереді).
The criteria’s of matching
5wright answer – «5»
4 wright answer – «4»
3 wright answer – «3»

Б) Жаңа сабақ бойынша мәтін таратылады, мәтіндегі білетін сөздердің астын сызады, білмегендерін дөңгелектейді.
1.      Equipment for storage of documents.
An archive for personalstorage of documents is provided. Archive is equipped with archive warehouses, reading rooms, work rooms, rooms for electronic and communication equipment. The archive store is located away from laboratories with chemical substances, food storage facilities, warehouses. It is not allowed to place archive warehouses in a cellar, partial basement and bottom room.
2.      Documents storage facilities and their placement.
The main instruments for storing documents are fixed or rolling metal shelves, accessories — metal cabinets and safes. Warehousing rules: their interval distance is 120 cm; distance of storage means — 75 cm; the distance between the outer wall of the building and parallel to it the storage distance — 75 cm; Distance between the wall and the storage device is 45 cm; The distance between the floor and the bottom shelf of the storage device is 15 cm. A topographic cardis created for each storage device to determine the location of documents.
3.      Document storage mode.
In the archive stores, the following temperature and humidity regimes are set for storage of documents:  1. For paper baseddocuments — the temperature is +17 — +19°C, relative air humidity is 50-55%. 2. For documents in black and white film — temperature +15°C, relative humidity — 40-55%. 3. For documents of color film — temperature +2 — +5°C, relative air humidity — 40-55%.       4.For documents on an electronic basis — the temperature is +15 — +25°C, relative humidity — 40-60%.  Temperature-humidity regulators: thermometers, psychometers, hygrometers.
В) «Сен-маған, мен-саған»: мәтін бойынша парақшаларда сұрақтар мен жауаптар болады, оқушылардың бірі сұрақ оқыса, екіншісі сәйкес жауабын тауып оқу керек

. 

 Мемлекеттік мұрағатта түсірілген бейнефильм көрсетіледі.
Д) видео бойынша берілген сөйлемдерден шын мен жалған ақпаратты табу керек.
1. Мұрағат қоймалары рет бойынша араб цифрларымен нөмірленеді. (Archive stores are numbered in Arabic numerals).
2. Мұрағаттық қойманың ішіндегі ауа ылғалдылығы 100% болуы керек. (The moisture content of the archive warehouse should be 100%).
3. Мұрағат қоймасы зең, жәндіктер, кеміргіштер пайда болу, шаң жиналу мүмкіндіктеріне жол бермейтін жағдайда ұсталады. (The archive store is held in molds, insects, rodents, and does not allow dust collecting)

4. Мұрағат қоймасының ішінде көп терезелер болуы керек. (There should be many windows in the archive store).

5. Жалпы және қабаттар бойынша тоқ ажыратқыштар қойманың сыртында орналастырылады. (In general and on floors, the circuit-breakers are located outside the warehouse).

3. Қорытынды кезеңі:
А) келесі ойынымыз «Ғажайып үштік» деп аталады. Бұл ойында сұрақтар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (бейне сұрақтар) қойылады. Сұрақтардың деңгейлері бірдей, қандай тілде сұрақты таңдаса, жауап сол тілде болуы керек. Сұрақтарды қолдарын көтеру арқылы оқушылардың өздері таңдайды.

 

10. Мұрағаттың есіктері мен терезелері қандай болуы керек?
20. Как нумеруется хранилище?
30. Бейнесұрақ

10. Кино, фото, фоно құжаттары неліктен қораптарға салынады?
20. Как правильно надо нумеровать стеллажи  хранилища?
30. Бейнесұрақ 

10. Ауа райы реттелмейтін мұрағат қоймасын қалай жылытуға болады?
20. Сколько раз в неделю надо измерять температуру и влажность хранилища?
30. Бейнесұрақ

Ә)«Полиглот» ойынымен сабақты аяқтаймын.
«Полиглот» сұрақтары.
1. Тарихты адамдар жасайды, ал …………………. сақтайды.

                                         мұрағаттар – архивы — archives

2. Бүгінгі оқиға, ертеңгі …………………

                                         тарих – история – history

3. Мұрағат — тарихи деректі құжаттар сақталатын асыл……..

                                         қазына – сокровище – treause

4. Мұрағаттар – ұлттық ………………………қазынасы.

                                          құндылық – ценность –  wellness

5. Өткенге шолу жасамай, ………………….. болжау киын.

                                       болашақ- будущее — future 

Үйге тапсырма: Ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелерінен (2003 жыл 29 желтоқсан) 3-тарау 1,2,3- параграфтарын оқу.

  Сабақ соңында студенттер бағалау парағына өздерін бағалайды.

 

 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype