+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 31 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тәрбие сағаты

Каленова Назгуль Жумабековна, «Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Семей қаласы

Тәрбие сағатының түрі: танымдық-ақпараттық
Өнімі: презентация
Жобаға қатысушылар: 0«А»мектепалды даярлық сыны тәрбиеленушілері, ата-аналар, тәрбиешілер
Уақыты: 02.10.2018
Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрі туралы балаларға мағлұмат беріп, білімдерін тереңдете түсу. Ата-аналармен бірлесе ата-баба дәстүрін сақтауды насихаттау
Міндеттері: Ұлттық салт-дәстүрлер туралы мағлұмат беру; атакәсіп «Ата көрген оқ жонар» қамшы өру туралы; анакәсіп «Ана көрген тон пішер»; тоқыма, оюды ою туралы балаларадың сөздік қорын молайту; ата-апа, ата-аналарының кәсібі туралы білуге, құрметтеуге, еңбекке тәрбиелеу; ата-аналарымен бірлесе жұмыс істеуіне ықпал жасау; өнерге баулу.

Кіріспе

Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық — рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ұлттық өнерді дәріптеу, Қазақ халқының қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Т. Аманов атындағы 16 жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды даярлық сыныбында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Қолөнер халқымыздың қасиетті, ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.
Тәрбие сағатының өзектілігі: Мектепалды даярлық сыныбындағы балалар тілдерін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар әрбір танысқан жаңа затты, іс-тәжірибе түрінде де қолдана білулері керек. Іс-тәжірибеда қолдануға ата-ана немесе отбасындағы үлкендердің ықпалы зор. Бірлесе жұмыс жасау баланың ойлау қабілетін дамытады, еңбекке тәрбиелейді.
Тәрбие сағаты тақырыбы өмірмен тығыз байланысты. Отбасында салт-дәстүрдің сақталуы, ата-баба дәстүрінің жалғасуы қоғам үшін маңызды. Бала отбасында көргенін көңіліне тоқиды. Ата-анасымен бірге балалардың өздері жасап көрген іс-тәжірибелері келешектегі өмірлеріне қажет болулары да мүмкін.
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» — деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.
«Аталық айтар ісің болсын» — деп, өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі жейтін тамығы, ішетін сусыны, рухани байлық деп бағалаған.
Тәрбие сағатының жоспары
Нені білеміз?
Нені білгіміз келеді?
Біз қалай білеміз?
Салт-дәстүрлерді білеміз;
Атакәсіп туралы. Қамшы туралы білеміз;
Анакәсіп. Аналарымыздың қолынан шыққан тұрмыстық заттар туралы білеміз;
«Өнерлінің өрісі кең»;
Ата-аналардың қөлөнер туындыларын көреміз
Видео материалдар  көреміз.

Тәрбие сағатының кезеңдері:
1-кезең. Дайындық бөлімі.
Жобаға тақырып дайындау.
Жобаны іске асыруда қажетті материалдар дайындау.
Көрнекі құралдар дайындау.
Ата-аналармен әңгімелесу.

2-кезең. Негізгі бөлім: Мектепалды даярлық сыныбында тәрбие сағаты өтті. Балаларман бірге ата-әжелер де белсенді түрде қатысты. Даярлық сынып оқушылары ата-әжелеріне тамылжытып ән айтып, мың бұрала би билеп өз өнерлерін көрсетті. Ал қариялар, әрине, сынып оқушыларына құр алақан келмеді. «Ұлтыңды сақтағың келсе, қызыңды тәрбиеле» демекші, ежелден әжелеріміз жүн түтіп, ұршық иіріп тоқыма тоқып, алаша дайындап, оған әртүрлі ою-өрнектер түсіргені белгілі. Жағыпар Сезімнің қос әжелері бірі жүн түтіп, екіншісі жіп иіріп балаларға өнерлерін көрсетті. Ертеде жоқшылық заманында жүн түтіп, жіп иіріп содан киім тоқып, жерге жылы болу үшін төсеніш ретінде жүннен бастырып сырмақ жасағанбыз, бұл жоқшылық заманында пайда болған қол өнер, сендер жоқшылық көрмеңдер деп айтушып отыратын аналарымыз деп бұл қол өнер түрінің шығу тарихын баларға қызықты етіп айтып берді.


«Жігітке жеті өнерде аз» дегендей Нұрахмет ата немересі Нұрыммен ортаға шығып өзі дайындап әкелген қол өнер түрі «Қамшы өруді» көрсетті. Қамшыны өре отырып немересіне қамшының не үшін қажеттіген әңгімелеп берді. Барлық ұл балалар қамшыны өруді қызық көріп қызығушылықпен тамашалады. Әжелер мен аталар немерелерімен бірге домбырамен тамылжытып ән айтып, қазақтың «Бипыл», «Қамажай» билерін мың бұрала билеп көпшіліктің қошеметіне ие болды.
Сыныпта қол өнер түрлерінен көрме ұйымдастырылды. Олардың ішінде, сырмақ, яғни түрлі түстерге боялған киізден жасалған сурет, сөмке, балаларға арналған шұлық, жібек матаға және ыдыстарға сурет салу әдісі және тағы да басқа бұйым түрлері көрсетілді, сандық, қазақтың қошқар мүйізі өрнектелген, оюлы көрпешелер көрменің сәнін келтірді.
«Шығармашылық» білім саласының «Жапсыру» сабағында «Атама шапа, әжеме камзол сыйлаймы» тақырыбында жасаған жұмыстарын балалар ата-әжелеріне тарту етті.
Дидактикалық ойын: Көрмедегі заттармен киіз үйді безендіру. Балалар ұлттық заттарды сынып бұрышына қойылған киіз үй макетінің ішіне орын-рнына қойып,заттардың орны мен қызметін біледі.
Кері байланыс. Даярлық сыныптың оқушысы Қайрат Мединаның әжесі: «Құрметті оқушылар,жастар, болашақ сіздердің қолдарыңызда. Ұлттық өнер, білім саласы болсын, спорт саласы болсын, барлық салада сіздердің алар орныңыз ерекше. Бүгінгідей тәрбие сағатының жастарға берер өнегесі мол. Ұлттық дәстүрімізді ұмыт қалдырмай, насихаттауға, дәріптеуге өзіндік үлесімізді қосуымыз қажет — деп ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін, тәлім-тәрбиесі мол тәрбие сағатын ұйымдастырушы ұстазымызға алғысын білдіремін» — деп сөзін қортындылады.
Қорытынды: «Салт-дәстүрді ұрпаққа дәріптеу» жобасы аясында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты тәрбие сағаты балалар ата-аналарымен қазақтың қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасы мен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы екенін білді. Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті. «Бүгінгі кәсібің – ертеңгі нәсібің», — деп бекер айтылмаған. Ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер шеберлерінің туындыларын, көне мұраларын тауып, оны түрлендіріп жаңғырту және ұлттық қолөнер арқылы эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құрамына айналдыру біздердің парызымыз.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype