Биллингвалды компонент: қарлығаш – ласточка — swallow
Көрнекілік материалдар: Құстардың суреттері. Ақпараттық технололия.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Ертегі желісін ретімен орындауды білу керек.
Нені игереді: Сурет бойынша әңгіме айтуды игереді
Нені біледі: Бір – біріне жақсылық жасау керектігін, көмектесу керек екенін біледі.
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
| Ұйымдастырушылық оятушылық Ұйымдастырушылық ізденушілік Сергіту сәті Ойын ойнату Рефлекстік түзету | Шаттық шеңберіне тұру Біздер жақсы баламыз, Өсті ақыл санамыз. Барлығымыз сыпайы, Амандасып аламыз. Сәлеметсіңдер ме, достарым! Құстардың дыбысы шығады. Ой, балалар бұл ормандағы құстардың дыбысы ғой. Қане, қарап көрейікші қандай құстар екен. Экраннан көрсетілген құстарды атау. Көкек, қарға, қарлығаш. Қарлығаш – орыс тілінде ласточка – ағылшын тілінде swallow деп айтылады. Мен құстардың неге шулап жатқанын білемін. Балалар, мен сендерге қарлығаш пен дәуіт туралы ертегі айтып берейін, тыңдағыларың келе ма? — Ертеде бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаты қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні балапандарды жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрай барса: — Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ, – дейді көкек. Одан шығып, қарғаға барса: — Үйленгелі жатқанымда, мазамды алма, – дейді. Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті көреді. Дәуіт қарлығаштың шыр-шыр еткен дауысын естіп: — Достым, неге зарлайсың? – деп сұрайды. Қарлығаш сонда: — Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. Соған не істерімді білмеймін, – деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп-төгіп жібереді. — Олай болса, мені жеткіз тезірек, – дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Дәуіт жотасына шығып алады. Көзді ашып-жұмғанша ұясына жетеді. Жылан ұяға тақап қалған екен. Дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, балапандарды қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйықтамақшы екен. Дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. Жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Содан бері талай заман өтсе де екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен. Тақтамен жұмыс. Бұл ертегі нелер туралы? Қарлығаш пен Дәуіт туралы екен. Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан? — Жылан не үшін келді? — Қарлығаш көмекке кімді шақырды? — Көкек не деді? — Қарға ше? — Дәуіт не істеді? — Қарлығашқа не көмектесті? Біз қарлығаш құсымен таныс пыз. Ал дәуіт – ол өзі жасыл, әрі батыл жәндік. Дәуіттің басы қозғалысқа өте икемді, денесі ұзынша, жасыл, сары, қоңыр түсті. Қос қанатты, алдыңғы екі аяғы жемін қармауға икемді келеді. Қарлығаш – орыс тілінде ласточка – ағылшын тілінде swallow деп айтылады. Сергіту сәті: Қане қанат қағайық, Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып-ұшып алайық, Сауысқан боп секіріп, Торғай болып қонайық, (Қимылмен көрсетеді). Ойын: «Ретімен орналастыр» Үстел үстінде шашылып жатқан ертегі кейіпкерлерін ретімен орналастырып айту керек. Драмалық ойын: «Қарлығаш пен дәуіт» Ертегіні рөлге бөліп ойнату. Балаларға ертегі кейіпкерлерін таратып беріп, ертегіні жалғастырып айтып, ойнау керек. -Балалар, біз бүгін қандай ертегімен таныстық? Бүгінгі туралы сабағымыз ұнадыма? Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан екен? — Жылан не үшін келеді? — Қарлығаш көмекке нені шақырады? — Көкек не дейді? — Қарға не деп жауап береді.? — Дәуіт не істейді? — Қарлығашқа не көмектесті? Қарлығаш – орыс тілінде ласточка – ағылшын тілінде swallow деп айтылады. Бүгінгі сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Бір-бірлеріңе көмектесіп жүріңдер. Дос болыңдар. Мақтап, мадақтап, жұлдызшалар таратып беру. | Балалар шеңбер құрып тұрады Қимыл жасап айтады. Балалар қызығушылық танытады. Балалар құстардың атауын қайталап отырады. Жеке-жеке және хормен қайталап айтады. Иә, тыңдағымыз келеді деп жауап береді. Ертегіні мұқият тыңдайды. Жыланмен танысады. Көкекпен танысады. Қарғамен танысады. Дәуітпен танысады. Ертегіні мұқият тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Қимыл жасап айтады Ойын ойнап көңілдерін көтереді Қарлығаш жардың қуысына ұя салыпты. Балапанды жеуге келеді. Көкекке келеді. Қонаққа барамын мазамды алма дейді. Үйленгелі жатқанымда, мазамды алма дейді. Көмектеседі. Дәуіт көмектеседі. Балалар жұлдызшаларын алып, риза болады. |