+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Тіл кемістігі бар мектепке дейінгі жастағы балалармен коррекциялық жұмыста ертегі элементтерін қолдану

Тургумбаева С.Р., «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру-тәрбиелеу орталығы» КММ-де мұғалім-логопед, Өскемен қаласы 

Тіл қарым-қатынас құралы. Тіл арқылы адамдар өзара пікір алысады, бірін-бірі түснеді. Тіл адам психикасының ерекшеліктерін сөз арқылы бейнелеп, өзінің еркі мен сезім күйін, мақсат-мүддесін білдіреді. Бала 4-5 жастан ана тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айта білуі керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында кейбір дыбыстарды бұзып, орнын алмастырып, шатастырып айтуы жиі кездеседі. Сол себепті мен бұл тақырыпты өзекті деп ойлаймын. 
Балалардың тілін дамытудағы мақсаттарым:
-       Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
-       Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
-       Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.

     Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттерім:

—       Бала тілін дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
—       Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;
—       Баланың сөздік қорын молайту;
—       Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
—       Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.
    Менің жұмысым мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілермен таныстыру барысында сөйлеу тілінің барлық жақтарымен байланысты болды. Ертегілерді тыңдадық,айттық, рөлдерде ойнадық. Ертегілердің көмегімен сөйлеу тілінің барлық әдістемелерін қолдануға болады. Білім беру-тәрбиелеу жұмысының барысында ертегілер сабақ барысында және бос уақыттарында (серуен, ойын, басқа күн тәртібінде) қолданды. Өзімнің жұмысымды келесі кезеңдерге бөлдім:
—      Мәліметті ерекше таңдау;
—      Тәрбиелік жұмысты  және балалардың әр түрлі іс-әрекеттерін байланыстыру;
—      Балаларды ойын іс-әрекетіне белсенді қатыстыру;
—      Ертегілердің тілдік қатынасқа тура әсері.
Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой — өрісін жеткізуге үйреттім. Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашты. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырдық. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білді. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйреттім. Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл — ой дамуымен біртұтас жүреді. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан — да балалармен жүргізілетін жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылды. Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да тілдерін дамыту сауат ашу оқу іс — әрекеттерінде ғана емес, ән, дене шынықтыру оқу іс-әрекеттерінде де, бос кезеңдерде де балаға өлеңдер, тақпақтар үйретілді.

       Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын болсақ:
1. Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. Әр кейіпкерді сөйлете отырып, балаларға қайталанады.
2. Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы тіл дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды.
3. Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып бердім.
4. Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын тыңдадық.
5. Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта» «Не өзгерді?» үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап алу.
6. Жұмбақ, мақал — мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту.

     Жұмыстың осы түрлерін баланың жас кезінен бастап дер шағында қолға алса нәтижесі де ойдағыдай болады. Осы тақырыбымды ашық сабақпен байланыстырдым

     Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы    

Ашық сабақ
Топ: №11 «Ақбота» ересектер тобы           Күні: 12.12.2017          Сабақ:  № 1
Білім беру бөлімі: «Коммуникация»
Саласы: Сөз сөйлеуді дамыту
Тақырып: «Сиқырлы қыс әлеміне саяхат»
Міндеттер:
Түзету-тәрбиелік: бірін-бірі тыңдауға, кезекпен жауап беруге және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түзету-білімділік: Қыс мезгілі және қыс мезгілінің белгілері  туралы білімдерін кеңейту және бекіту, тақырып бойынша сөздік қорларын молайту, сұрақтарға толық жауап беруге, сөйлем құрастыруға, белгі сөздермен іс-қимыл сөздерін(сын есіммен етістік) қолдануға үйрету.
Түзету-дамытушылық: жалпы танымдық үрдістерді, сөздік қорды (зат есімдік, сын есімдік және етістіктік), түстерді қабылдауды, байланыстырып сөйлеуді, жалпы және ұсақ саусақ моторикасын, жалпылауды дамыту.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу
КӨРНЕКІЛІКТЕР:  сабаққа байланысты суреттер, қар ұлпалары, тірек-сызбалар, видео бейне, дем алу жаттығуына арналған құрылғы, аққалалар

№
Іс-әрекет кезендері
Педагогтың басқару іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
І    
Мотивациялық-қозғаушы     
Балалар музыка әуенімен топқа кіреді. Шеңберге тұрып  келген қонақтармен амандасу.Д/о: «Жұмбақ жасыру»Мақсаты: қыс және қыс қызықтары туралы білімдерін анықтау, сабақтың тақырыбын ашу.Шанамен зырлап желетінШаңғы, коньки тебетінАққала жасап ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың?(Қыс)—    Жұмбағымыз қай жыл мезгілі туралы?-    Ия, балалар, біз бүгін қыс мезгілі туралы айтамыз-    Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші?-    Қазір қай ай? Желтоқсан айында қандай мерекелері бар?-    Балалар, сендер қыс мезгілін жақсы көресіндер ме?(маймылдын дауысы естіледі)
Сәлеметсіздерме    Қыс Желтоқсан Қаңтар Ақпан Президент күні тәуелсіздік күні Жаңа жыл
ІІ
Іздену- ұйымдастырушы 
Қонаққа маймыл келеді, қолында хаты бар. Хатын логопед оқиды, қыс мезгілі қандай болады? Қыста не істейсіңдер? Қандай ойындар ойнайсыңдар? Деп сұрайды маймыл(Логопед: досымызға қалай көмектесе аламыз? Балалар, ендеше досымызға көмектесу үшін, сиқырлы әлемге саяхатқа шығайық)Сиқырлы әуен ойнайды (көзімізді жұмайық, сиқырлы әлемге ұшайық)  экранда қысқы орман бейнеленеді1. «Қысқы орман»— Балалар, біз қайдамыз?- Дұрыс, біз қысқы ормандамыз?- Орманда қандай жануарларды көрдіңдер?-Табиғатта қандай өзгеріс болады?-Балалар, орманда шулауға болмайды, қазир қыс мезгілінде жабайы жануарларға тыныштық керек, себебі күн суқ, боранды, ал олар өздеріне азық іздеп жүр.Д/о: «Қандай болады?»Мақсаты: зат есімді сын есіммен байланыстыру, сөздік қорды молайтуБарысы: қарды ұстап алған бала жабайы жануарлардың белгілерін атайдыД/о: «Кімнің баласы?»Мақсаты: орман жануарларының төлдері туралы білімдерін анықтау, жануарлардың төлдерін түсі және фигураға байланысты орналастыруБарысы: тақтада орналасқан жануарлардың суреттеріне олардың төлдерін тауып береді, сурет фигура және түске жасырылған. Қай пішін шықты? Түсі қандай? Пішін ішінде қай жануарлар?Дем алу жаттығуы (балалар, орманда жиі жел соғып боран тұрады, қане көрсетейікші боран соққанда қар қалай ұшады, енді орманымызда қатты боран басталмай тұрғанда басқа сиқырлы жерге ауысайық)Сиқырлы әуен ойнап, экранда қысқы қала көрінісі пайда болады.2. «Қысқы қала»Д/о «Қатарды жалғастыр»Мақсаты: қыстап қалатын құстар туралы білімдерін анықтау, ойлау қабілетін дамыту, тақырып бойынша лексикалық сөз қорын молайту.Барысы: қыстап қалатын құстардың қатарын жалғастыру, бірінші қатарда үш құс болады, жетпейтін төртіншіні карточкалар арасынан бала табады,келесі қатарда екі және үш құстан болады(күрделі)Д/о: «Артығын тап»Мақсаты: көріп қабылдауды дамыту, логикалық ойлауды және қатардан артығын табуға үйретуБарысы: қатарда орналасқан құстардың ішінен артығын анықтау, неліктен ол артық екенін айтуСергіту сәті Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт — сарт — сарт,
Шапалақ соғамыз.
Етік киіп аламыз,
Топ — топ — топ.
Топылдатып билейміз,
Тоңса біздің денеміз.
Тоңды киіп аламыз,
Зу — зу — зу,
Шанамен зулаймыз.Ал, балалар, сиқырлы саяхатымызды жалғастырайық, (көзімізді жұмайық, сиқырлы әлемге ұшайық)Сиқырлы әуен ойнап, экранда қыста ойнап журген балалар суреті көрсетіледі3. «Қысқы ойын алаңы»Д/о: «Шатасқан сөйлемдер»Мақсаты: байланыстырып  сөйлеуді дамыту және сөйлемнің құрылысын дұрыс құру.Барысы: суреттерге байланысты дұрыс емес сөйлем үлгісін тындап, өз нұсқаларын айтады, сөйлемді тізбекке орналастырады.Балалар мұздан үй жасады (үй, балалар, мұз жасады)Мұз айдынында коньки тепкен көңілді (көңілді, мұз айдыны, тепкен, коньки) Балалар қар атысып ойнағанды ұнатады (ұнатады, ойнағанды  қар, атысып, балалар) Балалар таудан шанамен сырғанайды(таудан, балалар, сырғанайды, шанамен) Аққаланың мұрнын сәбізден жасады (аққаланың, мұрын, жасады, сәбіз) Алиханмен Нурали шаңғы теуіп жүр (шаңғы, жүр, теуіп, Алиханмен Нурали)Д/о: «Суретші нені салуға ұмытты?»Мақсаты: ұсақ қол моторикасын дамыту, ілік септіктегі зат есімді қолдануБарысы: балаларға аққаланың суреттері жеке-жеке таратылады, әр суретте аққаланың бір бөлігі жетпейді, бала оны анықтап суретті аяқтайды. Балалардың тақпақтары Айналаға қараңыз, Аппақ бопты даламыз.Жүр, сырғанақ тебейік,Қайда екен шанамыз?! (Еркеназ Қ)****Қыста қармен ойнаймыз,Қызыққа біз тоймаймыз. Таудан төмен сырғанап,Шаңғы,шана тебеміз.(Жалғас)****Қыс қызықты балаға,Ойнаймыз көп далада.Қарды үйіп аулаға,Сырғанайды бар бала. (Еркеназ С)Презентация
   Ия    Қысқы орман
ІІ
Қорытынды
— Балалар, бүгін біз не істедік?- Сендерге ойындар ұнады ма?-Егер барлық тапсырмалар түсінікті болды десеңдер, күннің бейнесін көрсетіңдер, ал егер сабақ ұнады, бирақ тапсырмаларды орындау барысында біраз қиыншылықтар болды десеңдер бұлт арасындағы күнді көрсетеміз, егер тапсырмалар қиын болды десеңдер бұлтты көрсетіңдер.Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Түсінуге тиіс: сөздік қорлары (зат есімдік, сын есімдік және етістіктік), байланыстырып сөйлеулері, жалпы және ұсақ саусақ моторикалары, жалпылай алулары дамиды.

Білу: қыс мезгілі және қыс қызықтары  туралы білімдерін кеңейеді және бекиді

Істей білу керек: жұмыс барысында зат есімді сын есіммен, етістікпен байланыстырып (сөйлем) үйренеді;

 Қорыта айтқанда, балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге берілер тәрбиенің ықпалы зор. Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, басты міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт — бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу логопедтің алға қойған мақсаты.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype