+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Сиқырлы бөлме» (Сенсорлық бөлмедегі психолог сабағынын технологиялық картасы)

Ережепова Үміт Серікбековна, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру – тәрбиелеу орталығы» КММ-нің әдіскер-психологы, Өскемен қаласы

Сабаққа қатысқан балалар:
Кисенбаев Бекарыс Азаматұлы, 6 жаста
Аңғарымы – открытая органическаяринолалия, ОНР-1 ур,ВПС, состояние после пластики, ДМЖП, РЭП,ЗПР
Мырзабеков Мансур Азатұлы, 6 жаста
Аңғарымы – ОНР-1 ур, Интеллектуальн. норма
Балалар ересек топ тәрбиеленушілері.
Бүгінгі сабақта сенсорлық жағдайды жасаған жиынтықтар – тактильді жолды сезіну арқылы ағза оятылды, визуалды көру арқылы қабылдау процесі жүрді – үйшіктің есіктерін ашу, балапан мен доптарды босату, көпіршік колоннаға салу; әуен тыңдау, смайликтерді анықтауда көңіл-күй таңдалды, ароматерапия (қалампыр гүлінің иісі) арқылы иіс анализаторы қозғалып, баланың эмоционалдық жағдайы қалпына келтірілді, тыныштандырылды, босаңсыды, демалды, қызықты; бала қабылдауының белсенділігі артты.

 

 Құм терапиясы арқылы баланың дамуына жағымды жағдай жасалды, ынталандырылды. Бала қабылдауының белсенділігі артты. Құрғақ бассейн арқылы дене бұлшық еті босаңсыды, жәйлі эмоционалдық жағдай туды.
Түзеу педагогикасының дәстүрлі емес әдістерінің бірі – сенсорлық бөлмедегі ынталандыру тәсілдері.
Балаларды қозғау үшін, сөйлету үшін смайликтер қолданылды.
Сенсорлық бөлме – жағымды эмоционалдық фон туғызуға арналады, жалғыз қалып демалуға өте қолайлы. 

Сенсорлық бөлме жайында ақпарат:
Сенсорлық бөлме міндеттері:

  1. Психикалық процесс түзетулері
  2. Жоғарғы агрессиялы балаларды түзету
  3. Балалардың психоэмоционалды дамуы
  4. Сенсорлық және танымдық даму.

Мектеп жасына дейінгі кезең қабылдаудың сензитивтік кезеңі.Осы негізде еске сақтау, зейін, ойлау процестері дамиды.

 Жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасуы мен дамуы негізінде күрделі процесс жатыр, сондықтан психикалық түрлі бұзылыстарда қабылдауға ерекше мән берілуі керек.

 Сенсорлық бөлмедегі түзеті-дамыту жұмысы түрлі сезім мүшелерінің сенсорлық дамуы арқылы жүреді.
Жүргізілген мерзімі: 17.05.2018 ж.

Сенсорлық бөлмедегі психолог сабағынын технологиялық картасы

Тақырыбы: «Сиқырлы бөлме»
 Бұл бөлме сиқырдан жасалған.
Гипербелсенді балалармен түзету – дамыту жұмысы үшін.

Мақсыты: М. ж.д баланың психо-эмоционалдық жағдайын өзі меңгеруіне жағдай жасау, гипербелсенді әрекетін өзіндік қадағалауға үйренуі.

Сабақ 2-3 баламен жүгізіледі .

Міндеттер: 
— Психоэмоционалдың қызбалықты төмендету
— Балаларда жағымды көңіл — күй туғызу
—  Белсенді қиялдауға қабілетін дамыту
— Сөздік нұсқаулықты саналы орындау барысында ерікті әрекет , өзін-өзі бақылау біліктілігін қалыптастыру ,

Түзету дамытушылық: Жылдам ойлау, фонематикалық есту қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту, таным үрдістерін арттыру, ұсақ қол моторикасын, визуалды және естіп қабылдау дағдысы арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Түзету тәрбиелілік:Балаларды күнделікті өмірде түрлі жағдайлардан шыға білуге өзін тәрбиелеуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Бала таным қызығушылықтарын арттыру жағдаяттар, шығармашылықпен ізденіс жағдаятын туғызу, анализ- синтез жасау, ойын мақтау-мадақтау, бағалау.

Көрнекіліктер: смайликтер, сенсорлық бөлме жабдықтары, үрлемелі шар, құрғақ бассейнге қосымша, ерекшелену үшін, екі дана түсті бөртпе доптар, жағымды әуен, ароматерапия – иісті май. 

Іс-әрекет кезеңдері
Педагог-психолог іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
 
 
Ұйымдастыру кезңі
  1. Балалар сенсорлық бөлмеге келеді.
  2.  Мына тұрған ерекше жолмен, тактильді жолмен бөлмеге кірсек, біздің табандарымыз өзгеріп шыға келеді екен. Ендеше жүріп өтейік.әрбір адымдаған сайын жолды таптап жүреміз (өте жақсы)
 
 -Балалар, Айналадарыңа қараңдаршы, бәрі ерекше. біз бүгін өзгеше бөлмеге келдік. Осында сиқыр бар екен,бірақ ешқандай сиқыр көрінбейді.
 
Балалар айналаға қарайды,
Тактильді жолмен 3 реттен таптап жүреді
 
 
Балалар зер салып қарайды
Мотивациялық қозғаушы кезең
Осы кезде бір қиналған дауыс шығада. Қабырғаға жабысып қалған үрлемелі шар қиналған дауыс шығарады. Ол барлық болғанды айтып, көмек сұрайды. Қатты жел соққанда бөлмедегі заттардың барлығын қозғап, шарды қабырғаға жабыстырып, сиқырды бірге алып кеткен екен. Бізге соны қайтарып алу керек. Ол үшін біз әрбір затты зерттеп көріп, «кілттерін» табуымыз керек.
 
 
Кіріспе бөлім
 
— Қараңдаршы балалар, алдымызда үйшік тұр, мына смайлик не дейді? (ойлан, тап деп тұр. Үйшіктің есіктерін аша ала ма, көмек бере ала ма деп тұр)
 — Ал үйшіктің барлық есіктері жабылып қалыпты, біреудің дауысы шығады. Бұл не болды екен? (тыңдайды) Әлде біреу қамалып қалды ма?барлығы кезекпен үйдің есіктерін ашады… (ішінен балапанмен бірге бір қорап шығады. Ішінде доптар бар. Олар түлі түсті.
 бірнеше шарик домалап шыға келеді).
 
— Ойлан, тап –деп тұр.
Балалар жан-жақтарына, тұрған үйшікке қарайды.
— Мұнда балапан бар екен және шариктер де шықты.
—  Көп шариктер, түстері де түрл
Сенсорлық бөлме жабдығы №1. 
Көпіршікті колонна
Бұрышта айналы тоққа қосылған, түстері түрленетін жабдық
 
Негізгі бөлім
 
Сөздік жұмыс
 
 
 
 
 
 
 
—         Міне керемет,біз балапанды қамалған жерінен босаттық,ал ол болса желден доптарды сақтап қалған екен ғой!
(балапан досының жанына барсын ба?, біз оны неден босаттық?)
—         Ал, шариктерді апарып көпіршікті колоннаға салғанда, ол жарқ етіп қосылады.міне сиқыр қайтарылды.
 
— Біз босаттық
— Досына апарайық
— Біз қараңқыдан босаттық
— Міне керемет, көпіршіктер жанды
 
Д/о«Ойлан тап»
—         Мына тұрған не? Смайлик қандай көңіл-күйде?  Доптарды бақылау . Бұл көпіршіктер шарлар суда қалқып, малтап жүр. Оларға қарап тұрсаң адам армандарын орындайды екен. .
-Көрдіңдер ме, балалар, сендер сиқырды қайтарып жатырсыңдар.
Ендеше, армандарды орындайтын көпіршіктерге қарап, Біз де армандап алайық. Арман деген не, балалар? Сендер нені армандап, тілейсіңдер?
(Мансур, сенің қандай арманың бар.
Ал сенде ше, Бекарыс?
—         Балалар, біз осы армандарымызды ойлап, тәртіпті, білімді, қайырымды болсақ, олар міндетті түрде орындалады екен.себебі біз сиқыр бөлмеде жүрміз.
(бірігіп бақылайды)
—  ойланып, көңілді тұрған
 —  ол бізге армандап көріңдерші деп тұр.
— Ол –біздің тілектеріміз.
—  Менде сега ойыншық болса деймін
—  Мен үлкен автобусым болғанын қалаймын
Сенсорлық бөлмедегі жабдық № 2
«Кілемше» немесе жұлдызды әлем
 
 
-Өте тамаша! Сиқыр бұл бөлмеге қайтып келіп жатыр.
-қараңдаршы,мына жерде де бір смайлик тұра қалыпты.Ол не деп тұр?
-Жердегі кілемшені басып кеткенде ол жарқ етіп жанады.(әуен ойналады) Онымен жоғары ұшамыз. Көзімізді жұмамыз.балалар, біз биікке ұшып барамыз.көзімізді жұмып тұрып, мұрнымызбен иістерді сезіп көрейікші( АРОМАТЕРАПИЯ қолданылады).бұл сендер аспанда жүргеннің белгісі… Ақырын ғана соққан желді сездіңдер ме?Біз аспанға ұшып кеттік.Биіктен жаңағы ойлаған армандарымызды көрдік.
 
 
 
 
 
 
—         тыныштықты сақтайық дейді
Білімді тексеру
 
Арман деген не еді?
Ол біздің тілектеріміз
Сенсорлық бөлме жабдығы №3
«Шамды құм тақта» құмда сурет салу
 
 
 
 
 
Ұсақ қол- моторикасы (Саусақ жаттығулары
 
 
Мансур –ойыншықты, ал Бекарыс – үлкен автобусты көрді.
Жақсы, ендеше қайтадан балабақшамызға қайтатын да уақыт келді.
Осы бөлмені тағы аралап көрейік.
-Алдымызда құм тақта тұр. Ішінде құм өте көп. Смайлик не деп тұр, айтыңдаршы?Ұстап көрейік.нені сездіңдер?
— Балалар, құмда жаңағы заттардың суретін салайық. енді бұл суреттерді бояп көрейік.
(Сол кезде шамдары жанады.)
— Тамаша, бұл да сиқырлы құм болып шықты ғой…
 
 Балалар көздерін жұмып, әуеге ұшты.
Көздерін ашып,
бөлмеге оралды.
 
— не істеуге болады? 
—  ұсақ, майда
 
(балалар сурет салады)
— Шамдар жанды, әдемі болды
— Менің СЕГАМ көк түске боялды
Сенсорлық бөлме жабдығы №4
«Құрғақ бассейн»
200 дана біртүсті доптардан жабдықталған бассейн
 
 
Түзету жұмысы:
 
(осы кезде судың дауысы әуенмен шығады)
-Балалар, маңайымызда бассейн бар ма, су бар ма? Ненің
дауысы?
Йә, бұл жерде бассейн бар екен. Ендеше біз шомылып алайық.
Мына смайликке қараңдаршы, не деп тұр?
— Бұл тәртіп сақшысы, бассейнге түскендегі балалардың тәртібін бақылайды.
 Бассейнде судың орнына
доп толған екен.Өте жақсы….
Бұл жерде адам көп күш жинап, мықты болады.
 
 
 
(Бәрі тыңдап қалады).
—         Бассейн бар
—         Судың дауысы
 
 
-Шомылайық
— Бізге қарап тұр
-Тәртіпті боламыз!
— Бір-бірімізге доптарды лактырмаймыз, көзімізді сақтаймыз
Бұлшықет босаңсыту жаттығулары
 
Бассейндегі жаттығулар:
  1. «Аяқтарды жылытамыз»
  2. «Аяқтарымен шапалақтау »
  3. «Затты жасыр»
  4. «Толқындар»
«Жасырынбақ
Балалар бассейнге шомылып, жаттығуларды орындайды, шулайды, еркіндікті сезініп, қуанады
Рефлексия
 
 
—          Балалар, бүгін біз қайда болдық?Барлық жерде бізге нелер кездесті?( Олар қандай көңіл-күйде болды?)
—         Сиқыр деген не екен, қалай түсіндіңдер?
—         Сендерге бәрінен де қай жерде болған ұнады?
—         Біздің армандарымыз орындала ма екен?
—         Қазір көңіл-күйлерің кандай, көрсетіңдерші
 
—          
 
— сиқырлы бөлмеде
— көңілді
— смайликтер
—  олар бізге сиқырды табуға, қайтаруға көмектесті.
— бассейнде
— Орындалады 
— бет әлпеттерімен көрсетеді
Өзін-өзі бағалау
— Формативтік бағалау: қазір көңіл – күйлерің қандай?
— көңілді
 
Бекіту
 
— Бүгінгі сиқырлы бөлмеге саяхатымыз аяқталды, енді топқа баруға болады.Балапанға көмектескендерің үшін Сендерге үлкен рахмет.
— Рахмет. Сау болыңыздар.
Бөлмеден шығып кетеді.

 Тактильді жолда таптап жүру әдісі,
Табандағы рецепторларды ояту.
Көпіршікті колоннадағы түсті доптарды бақылау
Әсерлермен бөлісу мезеті

 «Шамды құм тақта» армандарын бейнелеу үстінде
«Құрғақ  бассейн» эмоция сәті

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype