+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы жаңа тәрбиелік ұстанымдар

Ибраева Гүлназ Найманғазықызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы 
Сұлтанбекова Амангуль Керейханқызы, «№2 Ақсуат орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ХХ ғасыр қазақ халқы үшін күрделі тарихи-мәдени оқиғаларға толы шиеленісті ғасыр болып ел есінде қалды. Соның ең бір қасіреттісі кеңес қоғамында ұлттарды жоюға жүргізілген зұлым саяси науқан. Сонау 18 ғасырда әлем елдеріне мәшһүр болған, француз революциясы тудырған «бостандық, теңдік, туысқандық» атты асыл ұғымдарды алға тартқан Алаш арыстары халық санасын оятуға бар күш-жігерін салды. Алайда ат төбеліндей ғана азшылықты құраған зиялы топ өкілдері өздерінің мақсат мүдделеріне жете алмай арманда кетті. Бірақ та сол армандарының болашақта орындаларына сеніп өтті. Бұл сенім ХХ ғасырдың аяғында іске асты, қазақ елі аңсаған егемендігіне қол жеткізді. Тәуелсіздікке қол жеткен сәттен бастап ұлттық сана, ұлттық қасиеттер қайта жаңғыра бастады.

Егемендік бізге не берді? Ең алдымен біздің санамыз – тәуелсіздік деген қасиетті ұғыммен жаңғыра бастады. Қазақтың үні бүкіл әлемге естілді. Мектепте оқитын оқушы өз тарихын терең оқып білуге мүмкіндік алды. Ақын М. Шаханов айтқан төрт анамыз «туған тіл, туған тарих, туған дәстүр, туған жер» атты қасиетті сөздер жаңа, азат үнмен айтылып, ел санасына орнықты. Тәуелсіздік дейтін қасиетті сөз бізге сонысымен де құнды.

ХХІ ғасырдағы өзгермелі қоғамда ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып алға басу үшін елімізде Елбасының бастамасымен түрлі шаралар, бағдарламалар қабылданды. Олар: 2004 жылы қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы. «Мәдени мұра» бағдарламасы бізге не берді? Ең алдымен Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғырды.Ал 2013 жылы қабылданған «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинақтап, зерттеуге үлкен мүмкіндік берген болатын. Бұл атқарылған шаралардың барлығы мәдени жетістіктерімізді елімізге, әлемге паш етуге зор ықпал жасады.

Жоғарыда аталған рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға арналған жүйелі бағдарламалардан кейін де тоқтап қалмай, рухани даму жолын жалғау мақсатында Елбасы Н. Назарбаев 2017 ж 12 сәуірде Егемен Қазақстан газетіне «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Әрине қазақ елі болашаққа бағдарды сол жылы ғана алған жоқ, сол жылы ғана рухани жаңғырған жоқ. Біздің болашаққа бағдарымыз, жаңғыруымыз сонау егемендік алған 1991 жылдан бері жалғасып келеді. Алайда аталған мақаланың негізі идеясы – біртұтас ұлт қалыптастыру және қоғамдық сананы өзгерту. 130 дан аса ұлт өкілі мен 17 конфессия өкілі бар ұлан байтақ Қазақстан мемлекетінде ұлттық тұтастықты берік сақтау айтуға ғана оңай. ХХІ ғасырдағы үдемелі өзгерістерге толы ғасыр болғандықтан халқымыз басқа халықтармен бәсекеге қабілетті болу керек. Қазақтың көштен қалмауы үшін ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлы айтқандай «басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу, бай болуға кәсіп, ал күшті болуға бірлік керек» ал бізге осы керектің жолында аянбай қызмет ету қажет.

«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы қажет. Мысалы компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың қатарында. Сол себепті «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», — деп ашып көрсетеді. Яғни, ХХІ ғасыр интернеттің, ақпараттың заманы екені белгілі.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек деген тапсырмасынан кейін, алдымен өңірлерде комиссиялар құрылып, қасиетті орындар мен ескерткіштер түзілді. Мамандар алты бағыт бойынша – Солтүстік, Шығыс, Орталық, Оңтүстік, Батыс, Алматы облысы және Алматы қаласына экспедицияға шығып, киелі мекендерді аралады. Сапар нәтижесінде  «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті орындары» тізіміне барлық аймақтан іріктеліп, сарапталған 100 нысан енген еді.

Шығыс Қазақстан облысынан бұл тізімге осы өңірдегі 8 тарихи орын ұсынылды. Солардың бірі болып алғаш тізімге енген Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай Досханаұлы кесенесі. Осы тарихи-мәдени ескерткіштің қатарына, ақын Несіпбек Айтұлы «құдайдың ұмыт қалған қара мөрі» деп сипаттаған Бөрітастаған ескерткішін де енгізуге болады.

Қазақтың кез-келген жерінің сайы мен тасы көнеден сыр шертеді. Ал Тарбағатай ауданының халқы «Рухани жаңғыруға» қалай үн қосады, біз қалай ат салыса аламыз? Халқының құрамы 99% қазақ ұлтын құрайтын аудан жерінің тарихы тереңде, рухани қазынасы құнды. ХVII-XVIII ғасырлардағы тарихи тұлғалар Тоғас батыр, Дәулетбай батыр, Қабанбай батыр, Би Боранбай есімдері еліміз егемендік алғалы бері жоғары деңгейде дәріптеліп, халқымыздың рухани жаңғыруына айтарлықтай әсер етті. ХІХ ғасырда елін ағартуға зор үлес қосқан Тана мырза Тілемісұлы, ХХ ғасыр басында азаттық аңасаған Алаш арыстарының қатарында болған Ережеп Итбаев, Отыншы Әлжанов, Биахмет Сәрсенов есімдері ел жадын жаңғыртуға, ұлттық кодты сақтауға, жас ұрпақтың таза тәуелсіз санада қалыптасуына әсер етуде. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен Шығыс Қазақстан облысында 2016-2018 жж. арналған археология саласын дамыту бағдарламасы қабылданған еді. Осы бағдарлама аясында қаржыландырылған жобаның бірі Тарбағатайдағы ерте көшпелілердің мәдени мұрасы жобасы. Бұл жоба «Елеке сазы» ескерткіштерін зерттеуге бағытталған.

Елеке сазы қорымы Тарбағатай тауының басында Қарғыба өзенінің бастау алатын жерінде Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан алқап. Алқапта ерте темір, көне түркілік кезеңдерге жататын 7 қорымда 300-ден астам ескерткіштер көптеп шоғырланған. Елеке сазы ескерткіштерін алғаш ашқан, экспедиция жетекшісі археолог Ерден Оралбай осыдан екі жыл бұрын «Елеке сазы жайлауын «Патшалар алқабы» деп айтуға толық негіз бар» — деп мәлімдеген болатын. Бұл сөз шындыққа айналып биыл 2018 жылы Тарбағатайдың «Алтын адамы» табылып зерттелді. Тарихи жәдігер Елеке сазынан Өскеменге, одан кейін Астанаға, Астанадан Италия мемлекетіне жол тартты. Яғни бұл табылған алтын адамның да Зайсан ауданы Шілікті жерінен табылған алтын адам сияқты түр тұлғасы, бет бейнесі қапысыз зерттеліп зерделенуі тиіс. 

Осы ретте алтын адам бізге несімен құнды деген заңды сұрақ туындары сөзсіз. Бұл, әрине, өшкенімізді жандырып, жоғалтқанымызды түгендеуге мүмкіндік берген егемендіктің тарихи жемісі, зор нәтижесі. Тәуелсіздік тарихымызды мүлдем басқа көзқараста пайымдауға жол ашып берді. Ата-бабаларымыздың тарихы тек 1917 жылғы қазан төңкерісінен ғана бастап айтылды деген кеңестік қасаң қағида түбімен жойылды. Қазақтарда өркениет, мәдениет деген болмаған деген жалған сөзді еліміздің әр аумағынан табылған «Алтын адамдар» түбегейлі жоққа шығарып, дәлелдеп берді. Елеке сазынан табылған алтын адам да ата-бабаларымыздың үлкен өркениет жасағандығының заттай айғағы.

Тәуелсіздіктің жариялануы елдің санасының жаңғыруы рухани жаңғыруымыздың айғағы Тарбағатай ауданындағы әр ауылдан бой көтеріп жатқан ескерткіштер. Бұрын Лениннің ескерткі ғана қол бұлғап тұратын қазақ елінде Тарбағатай төрінде ата-бабаларымыз Мұрын ана, Қабанбай батыр, Тоғас батыр, Дәулетбай батыр, хакім Абай ескерткіштері т.б. тарихи-мәдени ескерткіштер бой көтеруде. 

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype