+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Педагог-психологтің психикалық дамуында тежелуі бар балалармен топтық коррекциялық дамытушы сабағы

Юсупова Диля Аскаровна, «Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру – тәрбиелеу орталығы» КММ-нің педагог-психологы,  Өскемен қаласы

 Қазіргі кезеңде психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту-түзету жұмыстары өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Түзету үдерісінде топтық жұмысты дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыру арқылы ПДТ балалардың даму деңгейіне қол жеткізуіне мүмкіндік беруге болады.
Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын нығайту үшін сабақ алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндігін және ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай туғызу маңызды.

Сіздердің назарларыңызға психикалық дамуында тежелуі бар балалармен топтық коррекциялық дамытушы сабағымның бір нұсқасын ұсынамын.

Кіріктіріліп ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы / Технологичская карта организационной учебной деятельности

Күні/Дата _23.02.18________ Сабақ /Занятие № _________
Топ/Группа: №6 «Балапан»  даярлық тобы
Тақырып/Тема: «Болашаққа саяхат».

Міндеттері/Задачи:

  1. Тәрбиелік/Воспитательная-  балалар арасындағы бірлікті қалыптастыру, қарым –қатынас кезінде бір-бірінің көзіне қарау, бір-бірін сыйлауға, бір-бірін құрметтеуге үйрету
  2. Білімділік/Образовательная – балалардың оқуға деген мотивациясын арттыру, балалардың эмоциялар туралы білімдерін бекіту,  балаларда болашақ туралы түсінігін қалыптастыру, психоэмоционалды қысымнан арылу.
  3. Дамытушылық/Развивающая_балалардың өз эмоционалды жағдайын мимика және пантомимика көмегімен көрсете білу қабілетін дамыту. Өз ойын анық жеткізе алу қабілетін дамыту. Таным үрдістерін, қолдың ұсақ моторикасы мен қиялын  дамыту.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, коммуникативті, ойын /Методы и приемы: сөздік, ойын
Сөздік қоры+Биллингвальды оқыту/Словарная работа +Билингвальный компонент:

Көңіл-күй

Эмоция

болашақ

будущее

еңбек

труд

дос болу

дружить

Құрал – жабдықтар/Материалы и оборудование: __балалардың бір-бірімен қатынас ережесі, поездқа билет, эмоциялар бейнеленген текше, «бесінші артық» және «лабиринт» бейнеленген бланкалар, босаңсуға арналған музыка, ноутбук, балаларға арналған медальдар.

Іс-әрекет кезеңдері /Этапы деятельности

Педагогтың басқару іс-әрекеті/Деятельность педагога

Балалардың іс-әрекеті/Деятельность детей

Мотивациялық  қозғаушы

Мотивационно-побудительный

 1.  Амандасу рәсімі.  «Ерекше амандасу»  жаттығуы.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Әр бала қасындағы досымен ерекше амандасу түрін ойластыру.

2.      Көңіл – күйді зерттеу.

Психолог. Балалар, бүгін сендер сабаққа қандай көңіл күймен келдіңдер? Мен сендерге мынандай эмоциялар бейнеленген текше әкелдім, ал енді сендер бүгінгі көңіл күйлеріңді білдіретін эмоцияны таңдауларың керек.

3.      Жұмысқа психологиялық бағыт беру.

   Балалар, сендердің көңіл күйлерің жақсы екен, бұл өте жақсы. Балалар, сендер саяхаттағанды ұнатасыңдар ма? Мен сендерді «Білім әлеміне» саяхатқа шақырамын. Себебі білім бәрімізге керек. Әсіресе мектепке барғысы келетін балаларға. Сендердің мектепке барғыларың келеді ғой? Сондықтан бар білетінімізді және білімімізді көрсетейік.

Балалар, менде «Білім әлеміне» бару үшін билеттер бар. Бұл билетті сендер өздерің туралы айтып берсеңдер ғана аласыңдар.

Амандасады, көңіл-күйлері көтеріңкі.

 

 

Балалар текшедегі бүгінгі көңіл-күйіне сәйкес келетін эмоцияны тауып, саусақпен көрсетеді.

Іздену-ұйымдастырушы

Организационно-поисковый

4.  «Мен  кіммін» жаттығуы.

Мақсаты: өз-өзіне деген сенімділігін және топтағы ұйымшылдықты арттыру, өзін дұрыс бағалай білуін дамыту, әр баланың мінезімен, қызығушылықтарымен танысу.

Тапсырманы орындаған балаларға психолог билет береді.
5. Топпен қарым-қатынас ережелерімен таныстыру.

Мақсаты: Балалардың зейінін шоғырландыру.

Психолог: Балалар, біздің саяхатымыз қызықты және көңілді болуы үшін ережелерді еске түсірейік. Бұл ережелер бізге саяхат кезінде көмектеседі.

6.      «Поезд» жаттығуы.

Мақсаты:  балалардың ептілігін, тактильді сезімталдығын, бір-бірімен келісіп жұмыс істей  алуын дамыту, эмоционалды қысымнан арылу. Әуен шырқап тұрады, келесі бекетке тоқтау.

Психолог: Балалар, міне біз «Білгіштер» деген бірінші бекетке де келіп жеттік. Бұл жерде бізге арналған тапсырмалар бар. Тапсырмаларды орындасаңдар одан да ақылды және білімді боласыңдар.

7. «Төртінші артық» жаттығуы.

Мақсаты: балалардың ойлау белсенділігін, зейінін және өз ойын айқын жеткізе алуын, анализдеу мен қорытындылау қабілетін  дамыту.

Балалардың алдында 4 заттың суреті белгіленген парақтар жатыр. Олардың біреуі артық, соны сызып тастауы қажет.

Психолог: Жарайсыңдар! Сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, бізге әрі қарай жүру керек. Поездға отырып, саяхатымызды жалғастырамыз.

Әуен шырқап тұрады, келесі бекетке тоқтау.

Психолог: Балалар, міне біз «Эмоциялар» деген екінші бекетке де келіп жеттік». Білім әлемінде түлкінің баласы өмір сүреді. Оған биік аспанға әуе шарымен көтерілуге көмектесейік. Ол биіктен бүкіл әлемді тамашаласын.

8.      «Түлкіге әуе шарын табуға көмектес» жаттығуы.

Мақсаты: эмоцияларды айыра білу.

Қорытынды:Әр адамда әр түрлі сезім болады, олар бізге басқа адамдардың көңіл-күйін түсінуге көмектеседі.

Көңілді және күліп жүретін  адамдармен сөйлескен  жағымды болады. 

Бұл тапсырманы сендер сәтті орындадыңдар.  Жарайсыңдар! Ары қароай жүретін уақыт келді.  Поездға отырыңдар. Әуен шырқап тұрады, келесі бекетке тоқтау.

Психолог: Балалар, міне біз «Көңілді алаңқай» деген бекетке де келіп жеттік. Бұл жерде бізді алаңқай тұрғындары бірге билеуге шақырады.

9.      «Көңілді алаңқай» музыкалық жаттығу.

Мақсаты: Балалар арасында жағымды эмоционалды микроклимат қалыптастыру, эмоционалды қысымнан арылу, достық қатынас қалыптастыру.

Психолог: Жарайсыңдар, балалар! Сендер бұл тапсырманы да керемет орындадыңдар. Ары қарай жүретін уақыт келді.  Поездға отырыңдар. Әуен шырқап тұрады, келесі бекетке тоқтау.

10.  «Көңілді мазайка» ойыны

Мақсаты: балалардың қиялын, шығармашылық, топта жұмыс істей алу  қабілеттерін дамыту.

Балалар, қазір біз топ болып шығармашылық жұмыс істейміз.  Түрлі-түсті пішіндерден биік мұнара  жасаймыз. Әуен шырқап тұрады, келесі бекетке тоқтау.

11.  «Баспалдақ» әдістемесі.

Мақсаты: балалардың өз-өзіне деген сенімділігін анықтау.

Балалар өздері туралы барынша  көп айтып берулері тиіс. Орындарында отырып билет алады.

Балалар қарым-қатынас ережелерін еске түсіреді.

 

Балалар бірінің артына бірі тұрады. Машинист ролін психолог атқарады.  Поезд болып балалар топта жүреді.

 

 

Бала артық затты тауып сызып тастауы тиіс. Оны атап , беруі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға әр түрлі көңіл-күйде бейнеленген түлкілер таратылады. Оған балалар дәл сондай көңіл-күй бейнеленген әуе шарын тауып түзу сызықпен қосуы қажет.

 

Балалар экранға қарап қимыл-әрекеттерді қайталауы тиіс.

Рефлексивтік-коррекциялаушы

Рефлексивно-корригирующий

Психолог: Міне балалар,  осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Біз өз тобымызға қайта оралдық.

Сендерге саяхат ұнады ма? (балаларды бүгін не істегенін, не ұнағанын, не сезінгенін айтуға итермелеу)

Балалар, сендер саяхат кезінде тапсырмаларды өте жақсы орындап, мейірімді іс атқардыңдар. Сол үшін сендерді күлегештермен «ең ақылды және тапқыр» деген марапаттаймын

Балалар өз ойын айтады, күлегештерді алады.

Күтілетін  нәтиже/ожидаемый результат:
Түсінуге тиіс/иметь представление: қарым –қатынас кезінде бір-бірінің көзіне қарау, бір-бірін сыйлау, бір-бірін құрметтеу керектігін түсіну. « Білім» ұғымын түсіну.
Білу/знать: адамдардың еңбек етіп, білім алуының қажет екенін, эмоционалды қысымнан арылу әдіс тәсілдерін білу
Істей  білу керек/уметь: балалардың өз эмоционалды жағдайын мимика және пантомимика көмегімен көрсете білу, өз ойын анық жеткізе алу, басқаларды тыңдай білу, топтық жұмысты істей алу.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype