+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік коммуникативтік іскерліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

Абылкасенова Алия Уалиевна, Ахмер орта мектебінің «Балдаурен» шағын орталығы, Өскемен

Бүгінгі күнде мектепке дейінгі білім беруді дамытудың негізгі бағыты бала дамуына қажетті кеңістікті және баланың дара дамуына кешенді жетекшілік жағдайьн туғызумен байланысты болып отыр. Соған сәйкес баланың әлеуметтік ортада өзін-өзі танытып, дамытуына, сол ортадағы мәдени коммуникациясын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың алғашқы көшін мектепке дейінгі кезеңде бастау керектігі белгілі. Қай жағынан болмасын өте тәрбиелі де, мәдениетті азаматтарды ертеңгі қоғам талабына сай етіп тәрбиелеу - мемлекет, білім беру -мекемелері және отбасы үшін жауапты міндет. [1]

Мектепке дейінгі шақ дамудың бір-бірінен әжептәуір өзгеше кезеңдерін қамтиды. Мектепке дейінгі балалық шақтың әрбір кезеңі психофизиологиялық дамудың өзіне тән ерекшеліктерімен, ал әрбір бала — даралық ерекшеліктерімен сипатталады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың психикалық үрдістері, тұлғалық қасиеттері дамып, кішкене сәби іс-әрекеттің түрлі де кең спектрін белсенді түрде игере бастайды. Дәл осы шақта баланы оның өзіндік санасы мен өзіне баға беру қабілеті қалыптасады, алғашқы әлеуметтену кезеңінің есігі ашылып, бала мәдениет әлеміне, жалпы адами құндылықтарға, адамдар әлемімен, заттармен, табиғатпен және өзіндік ішкі әлемімен қарапайым қатынасты орнатады. Тұлға тек іс-әрекеттің әр түрінің жүзеге асуы барысында ғана дамиды. Ол жеке түлғалық қасиеттердің тәрбие пәні ретінде қалыптасуына тікелей байланысты. Сондықтан ең алдымен мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтік-коммуникативтік іскерліктерін қалыптастыруды қарастырмас бұрын әлеуметтік-коммуникация түсініктерінің мән-мағынасын ашып көрдік: Әлеуметтік дегеніміз қоғамдағы қарым-қатынастардың, индивидтердің бірлескен іс-әрекеттерінің жиынтығы, олардың қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен үрдістер.
Қазіргі отандық әлеуметтануда «әлеуметтік» термині бірнеше мағынада қолданылып жүр. Біріншісі, қоғамдағы жасына, дүние мүлкіне, ұлттық белгілеріне қарай ерекшеленетін адамдардың түрлі қауымдарының өзара ықпалдықтастықтары жүзеге асатын қоғамдық өмір өрісін анықтауменбайланысты. Екінші жағдайда, «әлеуметтік» және « қоғамдық» сөздері тең мағынада қолданылады.
«Коммуникация» түсінігі ғылыми әдебиеттерде «Communicatio» — латын тілінен аударғанда – хабарлау, жеткізу және –«Сommunicare» — ортақ ету, әңгімелесу, байланыстыру, хабарлау жеткізу, ұғымдарын береді. Ол адамдардың, топтардың, халықтардың, мемлкеттердің хабарды жеткізу және өзара хабарласу, өзара сезімді бағалау, мән-мағынаны жеткізу сияқты әлеуметтік үрдіс сферасында алдыңғы орынды алатын құндылықтарды жүзеге асыруға аса қажетті элемент ретінде ХХ –ғасырдың басында пайда болды. [2]

 «Коммуникация термині 3 интерпретацияға (түсініктемеге) ие:
1) ақпарат құралы;
2) ақпаратты жеткізу;
3) ақпарат арқылы ықпал ету.

    Коммуникация үшін терминнің үш интерпретациясы да маңызды: біріншісі коммуникация құралдарын дифференциалдау және жүйелеу мәселесімен байланысты; екіншісі тұлғаралық коммуникация мәселесімен байланысты; үшіншісі көпшілік коммуникациясы мәселесімен байланысты болып келеді.
    Коммуникация дара және қоғамдық жетілген ақпараттар арасындағы делдалдылық (посредник) құралы қызметін атқарады. Оның маңызды мәселесі — ақпаратты жеке дара үрдісінен, жеке дараға және көпшілікке әсер ететін әлеуметтік маңызды үрдіске аудару механизмі болып табылады. Бұл механизм адамдардың тілдік әрекетінде қаланған және ол арқылы әлеуметтік шарттас нормалар мен қарым-қатынас ережелері жүзеге асады.
    «Коммуникативтік кеңістік» — терминіне П.А.Сорокин қоғамдағы барлық әлеуметтік статустардың жиынтығый жатқызады. [3]
    Коммуникативтік кеңістік бір қалыпты. Оның тығыздығы әр орында әр түрлі болып келетіндіктен, әртүрлі нәтижеге ие болады жэне ерекшелігіне қарай төрт деңгейге бөлінеді:
  1. Физиологиялық деңгей — қарым-қатынас арақашықтығы өте жақын, бірақ коммуникация үстірт келеді. Бүл деңгейге адамдардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандаруы жатады: ауқаттану, тұрғын үй, ұрпақ жалғастыру материалдық өнімдерді шығару немесе оны тұтыну.
   2. Психологиялық деңгей — қарым-қатынас арақашықтығы жақын, коммуникация терең болып келеді. Бұл деңгейдің алдыңғы орынында жан түбіндегі құпиялы, жекетұлғалық жүректен шыққан ақпарат тұрады. Психологиялық деңгей өте сенімділік қарым-қатынасын қажет етеді. Деңгейдің бүл түрінде адам өзінінің махаббаттық, достық, отбасылық, интимдік, эмоционалдық қажеттіліктерін қанағаттандырады.
 З. Әлеуметтік деңгей — қарым-қатынастың бұл түрінде арақашықтық алыс, коммуникация үстірт келеді. Ол қоғамдық нормалармен (адамның әлеуметтік мінез-қүлқы, мәдениеті), дәстүрлермен, заң шығарушы орындармен, мемлекеттік         институттармен реттеліп отырады.
   Коммуникация деңгейлерінің бүл түрі индивидтің қызығушылығы мен қажеттілігін социумның (лат. «socium» — ортақ, бірлескен, үлкен әлеуметтік түтастық) қызығушылық, қажеттілігіне оның талабына тәуелді етеді.
  4. Ақпараттық немесе интеллектуалдық деңгей — қарым-қатынас арақашықтығы алыс, бірақ коммуникация терең. Коммуникация деңгейінің бұл түрінде терең коммуникация — сыртқа шықпастан, адамның ішінде, миында: есте сақтау мен қиялдың интенсивті (нәтижелі) жұмыс істеуге берілуі арқылы жүзеге асады. Аталмыш деңгей арқылы адам өзінің дарындылығын, талантын, шығармашылық қабілетін қанағаттандырады. Ендеше, біздің зерттеуімізге жақын коммуникация деңгейі немесе түрі-әлеуметтік коммуникация.
    Әлеуметтік коммуникация мәселесі бойынша Э.Уилсон, Р.Александер, Д.Бэреш (әлеуметтік коммуникацияның онтологиялық аспектісі), Р.Бхаскара (әлеуметтік қоғамдастық Л.Н.Гумилев (этногенез және биосфера, 1990), И.П.Павлов, Г.Мак Люэна (гносиологиялық аспектісі), Б.Беристайн (коммуңикация және әлеуметтік құрылым өзара іс-әрекеттестігі) ж.т.б. зерттеген.
  Қазіргі заман қоғамында коммуникация проблематикасын бірыңғай өзара байланысты жүйе ретінде, коммуникация және әлеуметтік коммуникацияның тікелей негізгі терминологиясының компоненттері ретінде қарастырған жөн. Әлеуметтік коммуникацияны зерделей келе, «қарым-қатынас», «коммуникация», және «тілдік іс-әрекет» сияқты өзара бір-бірінің орынын ауыстырып түратын, ал атаулары синоним ретінде қолданылатын түсініктер анықталады.
    Қарым-қатынас өзара іс-әрекетке қатысушылардың бірлескен жү-мысының бір аспектісі ғана. Кез-келген іс-әрекеттің белгілі бір құрылымы болады. Оның элементтері — түрткі беруші: қажеттілік, қызығушылық, мақсат, іс-әрекет пәні, іс-әрекет пәні мен түрткілердің үйлесімділігі, өнім немесе нәтиже, іс-әрекеттер мен оны жүзеге асырушы құралдар.
    «Қарым-қатынас» терминіне дәстүрлі әлеуметтік психологияда нақтылы аналогтардың жоқ болуы «коммуникация» деп аталатын ағылшын терминіне толық пара-пар келе бермейтіндігінде емес, оның мазмұны түсіндірме сөздігінде аса маңызды психологиялық іс-әрекет теориясы түрінде беріледі.
    Қарым-қатынасты зерттеуші ғалымдар оның адамдар арасындағы қоғамдастықты орнатуға, олардың бірлескен іс-әрекетін реттеуге ықпалдық етіп, жеке адамның танымын, сана сезімін оятатын құрал, жеке түлғаның өзін-өзі анықтау қызметі болып табылатындығын ерекше атайды.
    Жаңа әдістер негізінде педагогтың әрбір жеке тұлғаның балалар ұжымындағы өзіндік құндылығын мойындауы, ұжымдық қатынас пен бірлескен шығармашылықтың жеке тұрғыдан өсу перспективасын туғызу мен баланың айнала қоршаған ортамен өзара іс-әрекетіндегі субъектілік тұғырының орнығуындағы рөлін түсінуі жатыр. [3]
    Мектепке дейінгі кезеңде бала көп уақытын өз құрдастарымен бірге топпен өткізеді. Бүл топты баланың әлеуметтік тұрғыдан қалыптастырудың алғашқы сатысы деп есептеуге болады. 3-жасқа қараған шақтағы бала өмірінде оның құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуі біртіндеп аса ерекше орынға ие бола бастайды. Алайда олар бір-біріне эмоционалдық тұрғыдан ашылып, бірдей деңгейде қарым-қатынас жасай бастағандарымен байланыс әлі тұрақсыз болып келеді. Себебі аталмыш жас ерекшеліктер баланың заттармен іс-әрекеті мен ересек адамдармен өзара қарым-қатынасқа түсуі маңыздырақ болып түрады.
    Балабақшадағы ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру сәбилер және естиярлар тобында ойын, еңбек, көркем шығармашылық сияқты іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру болса, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға ұжымдық жұмысты ұйымдастырудың әртүрі тән. Бүл жастағы балалар бірлесіп жүмыс істеудің жаңа түрлерін игереді. Олар: бірлесіп жоспар құру, рөлдерді бөлісу, міңдеттерді бөлісу.
  Мектепке дейінгі ересек балалардың бірлескен ұжымдық іс-әрекетінің туындауының алғы шарты ретінде Л.С Выготский ұжымдық субьектілік іс-әрекетті атайды. Ол ұжымдық субьектілік іс-әрекеттің фундаменті «дамудың әлеуметтік жағдайлары» дейді. Ұжымдағы жас ерекшеліктік кезеңі барысында ең алдымен сол жасқа тән өзіндік сипаты бар қайталанбас, ерекше бала мен бала және мен қоршаған орта оның ішінде әлеуметтік шындықпен өзара қарым-қатынас қалыптасып дамиды. Осы қарым-қатынас балалар жас ерешелігінде дамудың әлеуметтік жағдайлары болып табылады. Әлеуметтік жағдайлар бала дамуының дәл осы кезеңіндегі барлық динамикалық өзгерістерінің алғашқы сәті. Ол баланың әлеуметтік ортадан алатын жаңалығы мен жаңа жеке тұлғалық қасиеттердің даму бастауындағы бала үшін әлеуметтік пен жеке тұлғалықтың пайда болуына апаратын жолдар мен формаларды бүтіндей, әрі толық анықтап береді. Сондықтан Л.С.Выготский әлеуметтік жағдайлардың дамуын бірлескен іс-әрекетпен байланыстырады. Ол бала тәрбиесіндегі ақыл-ойды дамытуға қатысты болып келеді. Баланың әр-түрлі жоғары психикалық фнукциясы бала дамуында екі рет көрініс табады. Біріншіден, ұжымдық іс-әрекеттің әлеуметтік түрінде. Екіншіден, жеке тұлға іс-әрекеті, баланың ішкі ойлау жолы арқылы әлеуметтік жағдайлардың дамуы бала дамуындағы өзекті деңгейдің ғана нәтижесін беріп қоймайды. Яғни, бала дамуының ішкі үрдісін оятып, қозғалысқа түсуіне ықпал етеді. Осы сәтте бұл үрдіс баланың қоршаған ортамен байланысы мен жолдастарымен бірігіп «с-әрекетке түсуінде ғана мүмкін болғанымен, ол дамудың ішкі жолын ұзартып жеке баланы жетістікке жетелейді. Сол себепті мектепке дейінгі мекеме педагогтары балалардың ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда өтілетін тақырыпты әр түрлі мәселелі жағдайлар негізінде балалның топ ішінде жолдасымен бірге отырып шешімін табуына жағдай туғызуы тиіс. Сонымен қатар педагогтар топ ішінде демократтық қарым-қатынастың, әлеуметтік жауапкершіліктің, еркіндіктіктің қалыптасуына және шығармашылық тұрғыдан әрбір баланың өзін танытуына жағдай туғызып отыруы қажет.
  Мектеп жасына дейінгі балалардың бағалау қабілеттерін қалыптастыруда баланың қарым-қатынас жасау іскерлігін дамытуда маңызды орынға ие. Баланың өз-өзіне баға беруі күрделі үрдіс және ол баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасады.                                                                                                                  

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

  1. Запорожец А.В., Лисина М.А. Развитие общения у дошкольников. – М.: 1974 г. 134-111
  2. Репина Т.А. Социально – психологическая характеристика группы детского сада. –М: педагогика 1998г
  3. Эльконин Д.Б. Психическое развитие в дошкольных возрастах. М,1997 г. Ст. 201-209
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype