+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Бейсенбi, 29 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Тәуелсіз елдің тұғыры биік

Тлеубердинова В.М., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ бас маманы

«Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы».
Ж.Аймауытов

          Осыдан жиырма жеті жыл бұрын егемегендігімзді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді. Отанымыз осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды.
           Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихымызды ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар.

          Сол заманда ел ақылды әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйсіндіретін азаматтарының маңайына топтасқан. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой.

         Тәуелсіздігімізді алған соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылу да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.
         Жалпы қазақ халқына осы тәуелсіз күндер оңай келген жоқ. Біздің қазағымыз аштықты да, қызыл қырғынды да, Сталиндік репрессияны да бастан өткізді. Бірақ осы қиын-қыстау кезеңдердің бәрінде қазақ қазақтығын, елдігін көрсетіп, қарсы келген дұшпанға айтарлықтай тойтарыс бере алды. Тіпті өзі қырылып қалса да дұшпанға берілмеді, ар-намысты таптатқызбады.
         Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік белестері» атты еңбегінде «Біздің халқымыз тарихтың қатпар-қатпар қыртыстарына тамырын терең жіберген қиын да қызықты тағдыр кешті. Ол негізінен, Тәуелсіздік жолындағы күреспен өтті. Қазақстанның тәуелсіздік тарихы аппақ парақ бетіне күні кеше түсе қалған жоқ. Бүгінгі Қазақстанның алдына уақыт қойып отырған міндеттердің ауқымымен артар жауапкершілік жүгін әлгіндей оқиғалардың таңбалы тарихи тізбегін, ата-бабаларымыздың жүздеген ұрпақтарының жанын жай таптырмаған азапты ізденістерін ескермей тұрып бағалау да, бағамдау да қиын», – деп атап көрсетті.
         Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – мемлекетімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан өз маманының аса дарынды тұлғасы.
       Елбасымыз – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін,оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат, қалың елінің жанашыры, қорыққанға қорған, тарыққанға пана, зарыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті, алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем, елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары, халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең сөйлескенде сөз алатын, егескенде еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.
        Осынау ғасырлар бойғы армандап жеткен Тәуелсіздігіміз әр жылы – ғасырға бергісіз тарихи кезеңдер. Себебі, тәуелсіздік жолында еліміз үшін, оның болашағы үшін аса маңызды қаншама шешімдер қабылданып, қаншама айтулы тариха оқиғалар жүзеге асты. Бабалардан мұраға қалған жердің иесі, егеменді елдің ертеңі – біздер, жастар, осы қол жеткізген табыстар мен жетістіктерімізді тек мақтан тұтамыз. Бүгінгі тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп отырған біздер жан-жақты білім алып, мамандық иесі атанып, болашаққа жоспарлар құрудамыз… Міне, осылардың барлығы Елбасының жас мамандарға жасап отырған қамқорлығы деп білемін.
      «Қазақстан білім қоғамы жолында» деген тақырыппен өткен интерактивті дәрісінде Елбасы өзінің сөзінде педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне де тоқталып, Үкіметке тапсырма берді. Бұл біз үшін өте қуанарлық жағдай. Сондықтан мемлекет тарапынан ұстаз мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шаралар еселене берсе екен деймін. Жақсы ұстаздың еңбегі, тағылымы мен ғибраты мол өмір жолы қандай да бір жоғары марапатқа лайықталған. Тағлымы мол, мазмұны бай, берері көп, шын мәнінде педагогикалық тараптар артығымен сақталған бұл сабақты Ұлтымыздың көшбасшысы, даналығы мен даралығын, білімі мен іскерлігін, ақыл-ойы мен парасатын әлем таныған нағыз Ұстаз өткізді.
      Қорытындылай келе «Ханның жақсы болғаны – қарашаның елдігі» деп өз заманында Бұқар жырау жырлағандай, бүгінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Кешегі бабамыз ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуымызды ойлауымыз қажет», -деп атап көрсетті. Ендеше халқымыздың, ұлтымыздың болашағы бүгінгі жастарымызды тарих тағлымдарынан сабақ алып, кешегі өткенімізді зердесіне түйіп, бүгінгі жетістіктерімізді мақтан тұтатын, ертеңгі жарқын болашағымызды өз қолдарымен жасайтын білікті де білімді ұрпақ ретінде тәрбиелесек, Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болып, Қазақстанымыздың көк Туын биіктете түсетініміз сөзсіз. Өз ойымды мына бір өлең шумағымен аяқтаймын:
Отаным, қазақ жерім, қазақ елім,
Отансыз не болады мынау күнім?
«Отан» десем ойыма елес болып,
Қазақ елі түседі, көңілге толып… 

Қазақ елім, көк аспанмен таласқан,
Қазақ елім, Елбасымен жарасқан.
Мақтан тұтам елімді мынау жаратқан,
Қуанышпен әр күніміз таң атқан.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype