+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сәрсенбi, 28 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Психикалық даму тежелуі бар балаларды классификациялаудың теориялық сипаттамасы

Смагулова Алина Нурлановна, С.Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан Мемлекеттік Университетінің магистранты

Қазіргі кезде дамуында бұзылысы бар  балалар арасында психикалық дамуы тежелген балалар өте көп орын алады әрі осы балаларды оқыту жұмыстары бүгінгі таңда қоғамда өзекті мәселеге айналып отыр.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы  төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты  психикалық  дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi, сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, өз ойын ашық айта алмайды, көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде.

 

  Психикалық дамудың тежелуі(ПДТ) – жеке психикалық функциялардың (ес, зейін, ойлау, эмоционалдық-еріктік сфера) дамуы жасқа сай психологиялық мөлшерден төмен болғандағы қалыпты психикалық даму темпінің бұзылуы.

  Осындай артта қалушылықтың негізгі себебі, көптеген зерттеушілердің (Т.А.Власова, И.Ф.Марковская, М.н.Фишман жән т.б.) пікірі бойынша, жатыр ішілік немесе туғанға дейінгі кезеңде, туу кезіндегі, сонымен қоса, баланың ерте жас кезеңінде бас миының минималды органикалық зақымдануы болып табылады. Кейбір жағдайларда ОЖЖ генетикалық себептерге байланысты жеткіліксіздігімен көрінуі мүмкін. Интоксикациялар, инфекциялар, трофикалық-алмасушылық бұзылуы, травмалар және тағы басқалары ми механизмдерінің даму темпінің бұзылуына немесе жеңіл церебралды-органикалық зақымдануға әкеледі.

Жоғарыда аталған тұжырымдамалар негізінде психикалық даму тежелуінің пайда болу себептерін төмендегідей бөліп қарастыруға болады:
Биологиялық:
— жүктілік патологиясы (ауыр токсикоздар, инфекциялар, интоксикациялар және травмалар), жатыр ішілік гипоксия;
— осану кезіндегі асфикция және травма;
— баланың ерте даму кезеңіндегі инфекциялық,травматикалық және токсикалық аурулар сипаты;
— генетикалық себептен.
Әлеуметтік:
— қолайсыз тәрбиелеу шарттары;
— баланың өмірлік әрекетінің ұзақ уақыт шектелуі.

Қазіргі уақытта  балалардың ПДТ жан-жақты  клиникалық, психологиялық және педагогикалық  бағыттарда зерттелген, оның клиникалық белгілері анықталған.
Осы бағыттағы  зерттеу  жұмыстарында Сухарева Г.Е., Власова Т.А., Певзнер М.С. Лубовский В.И., Ковалев В.В., Лебединская К.С. жоғарыда көрсетілген топтардағы балалардың бәрінде әртүрлі дәрежеде психикалық  функциялардың тек тежелуі ғана  болатынын анықтады. Сонымен қатар, ПДТ балаларда  кездесетін  этиопатогенетикалық  өзгерістердің сапасы анықталды. Осыған сай, көптеген ғалымдар психологиялық-педагогикалық, клиникалық тұрғыдан осы балалар категориясын зерттей отырып, сан салалы әрі ерекшеліктері бойынша бірін-бірі толықтыратын классификацияларды ұсынды.

    Осы ұсынылған классификациялардың ішіндегі өте көп қолданылатыны М. С. Певзнер және Т. А. Власованың (1972, 1973)  классификациясы болып табылады. Бұл классификация бойынша, психикалық даму тежелуі төмендегідей топтастырылады:

  1.    Күрделенбеген психофизикалық және психикалық инфантилизм;
  2.   «Екіншілік» ПДТ, яғни әр түрдегі пайда болған церебрастенияны шақыратын онтогенездің ерте кезеңінде пайда болған, соған байланысты, ең алдымен, танымдық іс-әрекет және жұмыскерлік қабілет бұзылады;

  Сонымен  қоса, М. С. Певзнер және Т. А. Власованың (1972, 1973)  классификациясы негізінде (1980) К. С. Лебединская өз классификациясын ұсынды. Оның осы классификациясы негізінде этиопатогенетикалық систематика жатты. Осыған орай, оның сараптауы барысында  ПДТ 4 түрі ажыратылып көрсетілді:

  1. Психикалық даму тежелуінің конституционалды түрі.
  2. Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі.
  3. Психикалық даму тежелуінің психогенді түрі.
  4. Психикалық даму тежелуінің церебральды — органикалық түрі.

     Сонымен қатар, В.В.Ковалевтың (1979) классификациясы да маңызды болып табылады. Ол биологиялық факторлардың әсерінен туындайтын ПДТ келесі түрлерін бөліп қарастырады:

  1. Дизонтогенетикалық (психикалық инфантилизм кезінде);
  2. Энцефалопатикалық ( ОЖЖ  жеңіл органикалық зақымдануы кезінде);
  3. Сенсорлы дефект кезіндегі екіншілік сипаттағы ПДТ (естудің, көрудің ерте бұзылуы кезінде);
  4. Ерте әлеуметтік депривациямен байланысты ПДТ (мысалы, госпитализм кезінде).

      Дегенмен, дамуында бұзылысы бар бала болса да, оларды қоғамға қосу біздің міндетіміз. Психикалық даму тежелуі бар балалармен әртүрлі жұмыс тәсілдері қолданылады. Дефектолог-логопедтің психикасының дамуы тежелген  балалармен жүргiзетiн түзету-дамыту жұмыстарының түрлерi көп, мысалы:

  • баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерiн анықтау;
  • шамадан тыс шаршатпау мақсатында, қозғалыс қимылдарын шектеу;
  • оқу үдерісін ойын түрiнде ұйымдастыру, кеңiстiктiк бағдарын дамыту;
  • шығармашылық жұмыстарға қатыстыру;
  • ойын дағдыларынан оқу әрекетiне ауысу;
  • оқу үдерісін арнайы әдiстемелер бойынша ұйымдастыру;
  • жылдық диагностикалық даму деңгейiн салыстыру.

ПДТ балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстары барысында төмендегi мәселелерге көңiл бөлген жөн:

  • баланың қоршаған ортаға бейiмделуi;
  • мiнез-құлық ерекшелiктерi;
  • өз-өзiн төмен бағалауы;
  • қоршаған ортаға деген сенімсіздігі;
  • өзіне деген сенiмсiздiгi;
  • белсендiлiгiнің төмендігі.

Әрине, түзету жұмысының заманауи әдістемесін қолдану кезінде ПДТ балалардың бойында дағдылар мен икемдерді меңгерудің оң қарқыны байқалады, алайда олардың оқуға қабілетінің нашарлығы мен өмір сүру тынысы төмен күйінде сақталып қалады.

    Сондықтан, біздің міндетіміз – бұндай балалардың бойына оңай емес, кейді тіпті күрделі болып келетін қазіргі заманға бейімділе білу қабілетін сіңіру.

         Қолданылған әдебиеттер:
1.   Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері //Дефектология. 2011. №3. 17 б.
2.  Кальпебаева Г. Психикалық дамуы тежелген балаларды ақыл-есі төмен балалардан ажырату. //Дефектология. 2010. №4. 15 б.
3. Мазанова Е.В. Логопедия. – Москва, 2004.
4. Ермағамбет Ә. Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық -педагогикалық сипаттамасы. Дефектология 2008. № 4, 3-5 б.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype