Көрнекілік құралдары: Үй жануарларының суреттері, жеке суреттер, интерактивті тақта.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Аймақтық компонент: әр үйдегі үй жануарлары туралы әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту.
Күтілетін нәтиже
Білуі тиіс: Үй жануарларын ажырата біледі.
Түсінуі: Әңгімелеу, тиым сөздер айтуы.
Көрсете білуі: Үй жануарларының дауысын, бейнелеуге шығармашылығын дамыту.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ынталандыру сезімді ояту | Кәнкки, балалар күннің атқан көзі қандай? Ендеше бүгінгі арайлап атқан күнмен амандасайық. Жылулық шеңбері: Қайырлы таң, Алтын күн! Қайырлы таң, Жер-Ана! Қайырлы таң, достарым Қайырлы таң, қонақтар | Жарық Жылулық шеңберіді қимыл-қозғалыспен орындады. Қолдарын жоғары көтерді, Қолдарын жерге созды. Қолдарын екі жаққа созады Қолдарын алдыға созды. |
| Ізденістер Ұйымдас тыру Ойын Жаңа сабақ Сұрақ – жауап Сұрақ – жауап Сергіту сәті Ғажайып сәт Тапсырма |
— Жарайсыңдар, балалар. Ал енді орындарыңа отырыңдар.
Ал, балалар, назарымызды теледидарға аударайық үй жануарлары туралы біраз үзінді көрейік.
— Ендеше, балалар, «Не артық» деген ойын ойнап жіберейік.
Үй жануарларының ішінен жабайы жануарларды тауып орман суретіне орналастыру керек.
— Балалар жануарлар екіге бөлінеді. Жабайы жануарлар және үй жануарлары болып.
— Жабайы жануарларға қандай жануарлар жатады?
— Оларды неге жабайы жануарлар дейміз?
Дұрыс айтасыңдар.
— Ал үй жануарларына қандай жануарлар жатады.
— Оларды неге үй жануарлары дейміз?
— Ендеше балалар бүгін біз үй жануарларымен жақын танысамыз. Жаңа өздерің айтып кеткендей үй
жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Етімен сүті — ас, жүні мен терісі — киім, әрі көлік. Сондықтан адамдар малды күтіп бағады, суғарады, шөп береді, жем береді.
Үй жануарларына:Сиыр, жылқы, қой, ешкі жатады.
— Ал мына суреттен ненің суретін
Сиыр бізге сүт береді, сүттен айран, қаймақ, құрт жасалады. Ал етін тамаққа қосып жейміз.
— Сиырдың төлін қалай айтамыз?
Қарандаршы кіп- кішкентай, әп-әдемі бұзауды көріп отырсыңдар.
— Оның түсі қандай?
— Сиырды қалай шақырамыз?
-Енді жылқы жайлы не білетіңімізді айта отырып сабағымызды одан ары қарай жалғастырамыз.
Халқымыз жылқы малын өте жоғары бағалаған. Себебі, жылқы мінсе — көлік, сүті — қымыз, еті — тамақ. Малды да жылқымен баққан.
— Жылқы төлін қалай айтамыз?
—
— Ал мына суреттен ненің суретін көріп отырсыңдар?
— Қойдың
Қойдын да пайдасы көп. Етін жейміз, жүнінен әртүрлі киімдер тігеді. Қойды бағатын адамды қойшы деп айтамыз.
— Қойдың төлін қалай айтамыз?
— Ал енді үй жануарларымыз ешкімен танысамыз. Ешкі суыққа төзімсіз, тоңғақ келеді. Ешкінің сүтін емге пайдаланады. Түбітінен киім тоқиды. Етін жейді.
— Ешкінің төлін қалай айтамыз?
— Ешкіні қалай шақырамыз?
— Жарайсыңдар, балалар. Енді біз сергіту жаттығуын жасап, сергіп алайық.
Қорбандаған аюдың, Құлпынайы көп екен. Теріп теріп аламыз, Қалтамызға саламыз. — Балалар, қәне, тыңдайықшы, есікті біреу тоқылдататын сияқты Түлкі кіріп келеді сәлем-ме бал-р Сәлеметсіз бе, балалар, бізге қонаққа түлкі келді. Түлкі сөйлейді: балалар, мен сендерге тапсырма алып келдім. Мына тапсырмада сендер енелері мен төлдерін сызық арқылы қосуларын керек. Жақсы, түлкі сіз жайғасып отырыңыз. Балалардан тапсырмалары жинап алады. |
Балалар орындарыңа отырады. Аю, қасқыр, түлкі, арыстан жатады. Өйткені олар орманда, далада жүреді. Қой, ешкі, сиыр, жылқы жатады. Өйткені оларды үйде ұстайды. Суреттерін көрсету. Сиырдын Сиырдың және өнімдерінің суреттерін көрсету. Бұзау деп айтамыз. Бұзаудың суретін көрсету. Қоңыр. Жылқының суреттерін слайд пен көрсету. Құлын деп айтамыз. Қойдың суреттерін слайд пен көрсету. Қозы деп айтамыз. Ешкінің суреттерін слайд пен көрсету. Лақ деп атаймыз Тәрбиешімен бірігіп айтып, жаттығу жасайды. 5 мин беріледі тапсырмаға Жақсы, өте дұрыс. |
| Қорытын дылау өзін-өзі бағалау | — Ал, балалар бүгінгі сабақта біз үй жануарлары туралы не білдік? -Үй жануарларын атау. — Үй жануарының төлдерін аттарын атау. Әр баланың еңбегін бағалап, оларға жұлдызша тарату. | Үй жануарының бізге тигізер пайдасы туралы білдік. Сиыр, жылқы, қой, ешкі Қозы, лақ, құлын, бұзау Балалар жұлдызша алады. |