Негізгі бөлім:
Тәрбиеші балалардан жылдың қыс мезгілі жайында сұрайды.
— Қыс мезгілінде қанша ай бар?
— Үш ай бар.
— Қане, аттарын айтайықшы?
— Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
— Күн суытты, қар жауды, ағаштарды қар басты, құстар жылы жаққа ұшып кетті.
— Иә, балалар, күн суытып құстар жылы жаққа ұшып кетті. Бірақ бізде үйде ұстайтын құстар бар, оларды ұй құстары деп атайды. Оларға қаз, үйрек тауық жатады. Оларға күнделікті жем-су беріп асыраймыз. Сондықтан ұй құстары деп атаймыз (суреттер көрсетіледі)
Ғажайып сәт: Тәрбиеші балалардың назарын топтың шетінде тұрған кішкене тауық күркеге аударып: Балалар, қарандаршы, тауық күркенің есігі жауық тұр. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешуін тапсаңдар мына тауық күркенің есігі ашылады.
Ерте тұрады,
Жар шақырады. (әтеш)
Күн бата қонақтап қалқыған
Таң ата жерден жем аңдыған (тауық)
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. (балапан)
Осы кезде тауық күркенің есігі ашылып, ішінен тауық әтеш балапандарымен шығады.
Әтеш:
Мен-қоразбын, қоразбын,
Жалқаулармен аразбын
Таңды бұрын қарсы алып
Елді оятам жар салып.
Тауық:
Мен, ақ тауық, ақ тауық
Жүремін мен мақтанып.
Құс болсамда ұшпаймын,
Балапанды қорғаймын.
Біз сап-сары балапан
Күні бойы шиқылдап.
Жерден дәнді тереміз,
Анамыздан қалмаймыз.
Үй құстары, жарайсыңдар, балалармен «Ұшты-ұшты» ойынын ойнайық.
«Балапандар» би әуенімен ұйымдастырылған оқу іс әрекеті аяқталады.
Күтілетін нәтиже: Ұй құстары мен жабайы құстардың ерекшеліктерін ажырата білу.
Игеру керек: Ұй құстарын толығымен атау, ұй құстарына қамқор болу.