Жалпы біздің ата-бабабыз осындай ұлаң-ғайыр, кең байтақ, қазақ сахарасының қасиетті жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен, шешендігімен, өнегелі-өсиеті сөздерімен халықты бір ту астында ұстап, бір шаңырақ астында елімізді сақтап қалды. Талай тарихи оқиғаларды бастан өткерді, небір қилы заманда жұртты жұмылдыра білген жүз жылда бір туар қайталанбас тұлғалар елдің нар жүгін арқалай отыр бүгінгі біздерге мұра етіп қалдырды. Ал біздің алға қойған мақсатымыз, рухани жаңғыру аясында мемлекеттік деңгейде өткен деректерді қайта сараптап, қазіргі заман талабына сай жетілдіру және біздерден кейінгі ұрпақтарға аманат етіп қалдыру.
Рухани жаңғыртудың бүгінгі таңда алға қойған мақсаты — «Туған жер», туған жерге, елге, өлкеге тағзым ету, үш тілді дамыту арқылы интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп өсіру, латын әліпбиіне көшу, әлемдік көшке ілесіп озық ел болу, ғаламдық ақпараттарды лезде сүзгіден өткізіп, халыққа шыңайы ақпараттар мен мағлұматтандыру, ұлттық мәдениеттің өрісін кеңейту, шығыс пен батыс елдерінің проблемалық мәселелерін қарайластыратын бейбітшілік мекені Қазақстан Республикасы. Үкіметіміздің ең негізгі бағдарламасының бірі экономика, халықтың тұрмыс деңгейін көтеру. Ғаламдық ғылымдарды игерту арқылы қазіргі жаһандану заманында бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі.