Керекті құралдар: гимнастикалық орындық, құрсаулар, кеглилер, кубиктер, үн таспа, интерактивті тақта.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, мадақтау.
| Әрекет кезеңі | Нұсқаушының іс-әрекеті |
| Мотивациялық кезең Дене қыздыру жаттығулары Жалпы дамыту жаттығулары Негізгі қимыл. Қимылды ойын. Рефлексивті Коррекциялаушы. |
Балалар бүгін бізде ерекше күн. Үн таспада ормандағы жануарлар мен аңдардың дыбысы естіледі. Балалар бұл ненің дыбысы? Ендеше мен сендермен Африкада мекендейтін қызықты аңдармен жануарлармен танысып қайтамыз. Онда саяхаттап шығайық.
Музыка әуені орындалады. Жай жүріспен жүру, адымдап жүру. Папугай сияқты өкшемен жүру.Жираф сияқты аяқтың ұшымен, түйеқүс сияқты тізені бүкпей, арыстан сияқты төрт тағандап, зебра сияқты жеңіл жүгіріспен жүгіру және адымдап тыныс алу жаттығуы. Балалар екі қатарға бөлініп тұрады.
1.«Табиғатты тамашалап қарау» Б.қ, тізерлеп, кеудені тік ұстап, қолымызды тізеге қойып, басты оңға қараймыз. 5-6 рет қайталау.
2.«Кіші толқын жасау» Б.қ тізерлеп отыру, кеудені тік ұстап, матаны жоғары төмен түсіру. 5-6 рет қайталау.
3. «Үлкен толқын жасау » Б.қ тізерлеп отыру, кеудені тік ұстап, матаны жоғары көтеріп тізерлеп төмен түсіру 5-6 рет қайталау.
4. «Қайықтың желкені» Б.қ. тізерлеп отыру, кеудені тік ұстап, матаны оң қолмен ұстап матаны жоғары көтеріп аяқты созу. 5-6 рет қайталау.
5. «Суға түсу» Б.қ. аяқты созып еденге отыру, жоғары матаны көтеру аяқты екі жаққа ашу. 5-6 рет қайталау.
1 Құрсаудан секіру.(саз балшық)
2. Гимнастикалық орындықтан тартылу.(үлкен тоғай)
3. Кеглилердің арасынан жүгіру.(тоғайлар)
4.Кубиктер. (биік тастан аттау)
«Кеңгіру» Ойынның шарты: Балалар допты ұстап өкшемен тізені бүкпей мәреге дейін жету. Дем алысты ретке келтіреді.
«Айкүне» жаттығуын орындау.
Сұрақ-жауап тәсілі арқылы сабақты қорытындылау.
Балалар, біз бүгін не істедік?
Белсене қатысқан балаларды мадақтау.
|