Қазір жанұямызда 9 адам тұрамыз. Балаларымның жас ерекшеліктері әртүрлі. Үйдің үлкендері, кішкентайларға өз қамқорлықтарын көрсетеді. Сабақтарын қаратады, үй шаруасына көмектеседі, бос уақыттарында қызығушылықтарына қарай үйірмелерге барады. Абыр-сабыр күндегі тірлікпен күннің қалай өткенін де байқамай қаламыз. Жанұямызда қалыптасқан дәстүрлерімізде бар. Мереке күндерін, балаларымның туылған күндерін ескерусіз қалтырмаймын.
Балалар ауылына кеше ғана келген сияқтымын, осы уақыт ішінде жанұямыздан 13 балам ер жетіп, өз өмірлерін құрып жатыр. 4 балам жоғарғы оқу орнын, 5 балам колледжден өз мамандықтарын алды. Қазір екеуі студент. Төртеуі өз отбасыларын құрды. Олардың енді өз балалары бар. Тағы да, мен үшін қуанышты жағдай, ол балаларымның төртеуі кезектері келіп, пәтерлерін алғаны. Қазір өз баспаналарында тұрып жатыр. Қалған балаларымда үйдің кезегіне қойылған.
Мен балаларымды жанымдай жақсы көрем. Өйткені, бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жүздерінде күлкі ойнаған сәттерін көру, мен үшін — бақыт! Балаларымды тәрбиелеу барысында қашанда олардың бойына адамдық қасиеттерді сіңіруге тырысамын. Жан-дүниелерінің бай болуына, жүректері махаббатқа толы, әділ болып өсулерін қалаймын. Бұл менің ана-тәрбиеші болудағы ұстанымым!