+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 1 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Технология сабағында оқушыларды көркем еңбекке баулу

Кокбаева Жанат Чингисовна, Құмаш Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейдің технология пәнінің мұғалімі, Өскемен қаласы

     «Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан да, еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы – жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет.
     Білім мен тәрбие ажырамас егіз ұғым. Ұлы данышпан Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берген білімнің күні қараң» деген сөзі осыны дәлелдейді. Сондықтан бүгінгі ұрпақтарға білім-ғылым нәрін берумен қатар, өз халқымыздың тағылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретіп, игерудің мәні зор. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі ата-ана, бала тәрбиелеуші, халық өкілі, ел намысын қорғаушы, ата-бабалардың ісін жалғастырушы мәңгілік күш. Сол себепті жалпы білім беретін орта мектептерде бұл мәселені жолға қою, яғни егеменді елімізге қазақ қоғамын қалыптастыру – басты міндет.
 
      Ал қазіргі таңдағы бастауыш және негізгі мектептің мазмұнын жаңарту ясында «Бейнелеу өнері» мен «Еңбекке баулу» және негізгі мектептегі «Технология» пәндерінің кіріктірілген «Көркем еңбек» пәні оқушыларды тек еңбекке ғана баулымай, балалардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Жаңартылған пән мазмұны білім алушының түрлі өнер салалары бойынша көркем білімдер мен дағдыларды қалыптастыру, көркемдік қабілеттерін, кеңістікті көру арқылы қабылдауларын, елесті, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болып табылады.
Көркем эстетикалық тұрғыда тәрбиелеуде ұлттық өнерді үйретуде келесі мақстаттарды алға қоюымыз керек:
— халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын дүниетанымын, өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыру;
— жас ұрпаққа халқымыздың асыл дәстүрі мен салтынан мағлұмат бере отырып дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу;
— ұлттық қолөнері және рухани-мәдени байлығымызды танып-білуге тәрбиелеу. Өз отанының және халқының қолөнер мұраларын танып, жетік меңгеру.
       Еліміздің өркениетті елдер қатарынан алдыңғы орындарды иеленуге ұмтылуы жағдайында жас ұрпақты жан-жақты дамыта тәрбиелеу қажеттігі арта түседі. Мұны жүзеге асырудың бір жолы олардың эстетикалық тәрбиесін жетілдіру болып табылады. Өйткені, жеке тұлғаның эстетикалық тұрғыдан дамуы тәрбиенің құрамдас бөліктерінің барлығымен сабақтастықта, өзара байланыста жүзеге асырылады. Әсіресе, бұл сәндік-қолданбалы өнерді үйрету үрдісінен айқын көрінеді.
Жасөспірімдердің сәндік-қолданбалы өнерді меңгеру үрдісінде эстетикалық мәдениетін қалыптасытыру оның адам өміріндегі рөлін жетік түсіндіруден, оның маңыздылығы мен мәнін және спецификалық заңдылықтарын толық ашып көрсетуден де талап етіледі. Бұл жағдай сабақтарда халық өнерін қазіргі мәдениеттің ажырымас бөлігі тұрғысынан, кәсіби өнермен өзара әрекеттестігі, ерекше типтегі шығармашылық тұрғысынан қарастырғанда ғана мүмкін болады.
Мектептегі технология сабағында және үйірме жұмыстары барысында шәкірттерге қолөнер арқылы жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды көркем еңбекке баулу халқымыздың мәдени мұрасын жүйелі меңгеруге мүмкіндік береді, рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді.
Ең басты міндет оқушыларды көркем еңбек арқылы қызығушылықтарын арттырып, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, еңбекке деген ынтасын арттыру.
Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарын талдап қана қоймай, соларға ұқсатып жасау баланың шығармашылық жұмысқа, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттырады, әдемі заттар жасауға талпындырады, рухани-адамгершілік сапалары артады, шеберлігі шыңдалады, еңбекке, еңбек адамдарына құрметі қалыптасады, өз еңбегін және өзгелер еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді. Осы тұлғалық сапалардың қалыптасуы барысында эстетикалық мәдениет элементтері де үлкен мәнге ие болады.
       Қолөнерді оқытуда теориялық білім беру мен әр жанрмен терең таныстыру, нақтылы бейнелеуге жаттықтыру ісімен тығыз байланысты жүргізіледі. Қолөнер туралы әңгіме жасағанда оқушыларды көркем бейнелеудің аса маңызды құралдарын ұғынуға үйреткен орынды. Сабақ барысында әр алуан әдіс- тәсілдерді кеңінен пайдаланған жөн.
      Әр сабақ қызықты және әсерлі өту үшін әртүрлі қолөнердің әдіс-тәсілдерін үйретуге дағдыландыру талап етіледі. Оқушыларға сәндік қолданбалы өнерді оқытқанда әр халықтың көркем мұралары сөз етіліп, халық шеберлерінің еңбектерімен таныстырылады. Оқушылардың көркемдік теориялық білімін жетілдіру, практикалық іс әрекеті арқылы өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге белсенділігін күшейту қажет.
Оқыту барысында оқушылар шығармашылық ізденіспен жұмыс жасаса, ұлттық тәрбиені, әдемілікке деген көзқарасты қалыптастырып, ұлттық салт-дәстүрлерімізбен қолөнерімізді бір-бірімен байланыстыра отырып жан дүниесін байытары сөзсіз.
       Қорыта келе, технология сабағында халқымыздың қолөнеріне үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрде тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулу мен қатар ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заман талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның , туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек, қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы іскерлікпен шығармашылыққа кіріседі. Оқыту үрдісінің ғылыми негізі мұғалімнің өз жұмысын жоспарлай білгеніне байланысты, сонымен бірге ол оқушының іс-әрекетін де ұйымдастыра білуінде.  «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», — деп қазақ халқының ұлы, кемеңгер, данышпан ақыны Абай айтқандай, зерек те, іскер бес саусағынан өнер таматын шәкірттерді оқытуға, үйретуге біз, ұстаздар, әрқашанда дайынбыз. Бабаларымыздан жеткен асыл мұраны шаң басқан жерінен сілкіп, тот басқан бетін ашып, кейінгі ұрпаққа жеткізетін кез жетті деп ойлаймыз.
    Ұстаздық — ұлы ұғым, сондықтан ұлттық мектептің ұлы мұратын ұмытпай, бойымыздағы білімімізді, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру міндетіміз.        
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype