Атап айтсақ «Ескіні еске алып, жаңғыртып, жаңартамыз», «Ескіні ұмытпа, жаңамен жалында» т.б. Сонымен қатар мектебімізде халқымыздың музыкалық мұрасы – киелі домбыра үйірмесі жақсы жолға қойылған. Осындай іс-шараларда Азатбек Орынбектің жетекшілігімен домбырашыларымыздың шерткен күйлері ерекше шабыт береді.Алматы қаласындағы «Ғұмырдария» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өтетін конкурстарының жыл сайынғы жеңімпаздары екенін мақтанышпен айта кетпеске болмас. Домбырадан- таралған тәрбие –ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан сарқылмас қазына.
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында негізгі міндет. Осындай іс-шаралар өту барысында мектебіміздің директоры Оралхан Рақымжанұлы үнемі ата-аналардың, оқушылардың жанынан табылады.Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі — ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген — ұлттық тәрбие тағылымын дәріптейді. «Ұлттық тәрбие – ел болашағының діңгегі» рухани сенімі мол ұрпақты тәрбиелеу келешектің бізге артқан міндеті екенін айтып, ұдайы ескертіп отырады.
Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер , әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенін естен шығармауымыз керек .Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, оларға сай болу патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан, жаңа ғасырдың ұрпағын тәрбиелеуде ұстаздарға жүктелер міндет те, талап та жоғары.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушымыз М.Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс. Рухани жаңғыруды сипаттап және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында №45 бейімделген орта мектебінің бастауыш сынып ұстаздары ата-аналармен патриоттық іс – шараларды бірлесіп ұйымдастырып отырады.