Көрнекілігі: есепшот, презентация, таяқшалар, пішіндер.
Сабақ барысы:
Оқушылылардың психологиялық көңіл-күйлерін көтеру
1. Ұйымдастыру кезеңі. 1-слайд
— Балалар, кәне-ки «таңғы шеңберге» тұрайық та, айналамызбен амандасып алайық.
Амансың ба, Алтын күн!
Қайырлы таң, көк Аспан
Амансың ба, достарым,
Қайырлы таң, қонақтар!
Ой қозғау «миға шабуыл» 2-слайд
—Өте дұрыс , балалар.Сабағымызды бастамас бұрын маған айтыңдаршы математика сабағында не істейміз? (сандарды тура, кері санаймыз, сандар таңбасын әдемі жазамыз, сандарды салыстырамыз, қосу, азайту амалдарымен есеп шығарамыз, сандардың көршілерін, сандардың құрамын атаймыз, пішіндеріді айтамыз, саламыз, суретпен есеп құрастырамыз, амалдардың компоненттерін айтамыз)
«Иә, жоқ» ойыны(қойылған сұрақтарға байланысты жылдам жауап беру )
3. Сабақтың мақсаты 3-слайд
Миға шабуыл жасадық енді сабағымызға кірісейік. Бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр. Сендер бауырсақ туралы ертегіні білесіңдер ме? Математика сабағында алған білімдерімізді біз бауырсаққа көмектесу үшін пайдаланайық. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: өткенді қайталай отырып 10 көлемінде амалдар мен есептерді орындау. Жаттығулар, ойындар мен тапсырмалар арқылы білімімізді тиянақтаймыз.
Балалар, тез арада ертегі еліне бару үшін кеспе сандармен математикалық ауызша диктант көрсетейік. Санды арттыр десек +, кеміт десек —
3-ті 4-ке арттыр (қай амал, амалдың мәні қандай сан, көршісі қайсандар?)
10-ды 4-ке кеміт
9-ды 3-ке кеміт
5-ті 3-ке арттыр ( компонентерін айтамыз, қосу амалының қандай ережесі бар?)
Салыстыр 9 6 10 3 8 7
4-топқа жеке тапсырма (пішіндердің санына сәйкес сан таңбасын қой)
4. Негізі бөлім-Өте жақсы. Тапсырманы орындадақ енді ертегімізді бастайық. Кәне кім «Бауырсақ» ертегісінің басын есімізге түсіреді (Слайд4).
-Біз бауырсаққа көмектесеміз бе? Жақсы, суытып қойған бауырсақ домалап келе жатып қоянға кездеседі. Қояннан бауырсақты құтаруымыз керек. Ол үшін біз тапсырманы мұқият тыңдайық….
— Қоянның тапсырмасы «Вагонға кімді отырғызамын?» соны тауып берсеңдер ғана бауырсақты қайтарымын. (Слайд №6,7).
-Рахмет, балалар. Бауырсақты қояннанқұтқардық, ал ол болса домалап қасқырдың алдына келеді. Қасқыр жемекші болады, бірақ тапсырмаларын орындасақ жібермекші екен. Көрейік қандай тапсырма болды екен?
Қасқырдың тапсырмасы (Слайд №8,9)
—Қақырдан да құтардық бауырсақты. Жарайсыңдар. Бауырсақ та шаршады, бізде шаршадық иә, балалар, біраз дем алайық.
Сергіту сәті (слайд№10)(көзімізді жыпылықтатып, содан кейін қатты жұмайық та ішімізден 5-ке дейін санайық. Енді көзімізді үлкен қылып ашамыз)Орнымыздан тұрайық Алақанды ұрайық .Бір отырып, бір тұрып біз тынығып алайық. (2рет қимылмен қайталау)
-Орнымызға дұрыс отырайық, Арқамыз түзу болсын! Ал бауырсақ болса домалап аюдың алдына келіпті(Слайд № 11)
—Ал аюдың тапсырмасы біреу емес бірнешеу екен.
1-тапсырма — маған футбол ойнағанға көмектес (слайд №12)
2-тапсырма Дәптермен жұмыс
Дәптерімді аламын қиғаш етіп қоямын
Түзу ұстап арқамды, қаламымды аламын ,әдемі етіп жазамын.
(алақанды қыздыру жаттығулары, ауада 8,9,10 сандарын жазу)
Тақтада 13- наурыз, сынып жұмысы.
-әдемі жазу минуты 9,10 жазу
-сан қатарын тура, кері жазу
— (слайд № 13,14) «бал арасының жинаған баладарын санап беріңдер» 1бала тақтада қалғандары дәптерде амалдырды орындаймыз
Амалдарды компоненттерді айтып отырып орындау
Слайд№15,16 —Орманнан маған 4 бөшке бал әкеліп бер, тағы да 3 бөшке әкел. Менде барлығы неше бөшке бал болды? 4+3
—Тоғайда 9қараторғай отырды, 3 ұшып кетті неше қараторғай қалды?9-3
—Данада 5 бәйшешек болды, оған апайы тағы 3бәйшешек сыйлады. Бәйшешектің2-уін Дана досына берді, Данада неше бәшешек қалды? 5+3-2
-Аюдың тапсырмаларын орындап бауырсақты құтқардық, балалар. Жарайсыңдар
Домалаған бауырсақ енді түлкінің алдына келді (Слайд №17)
-менің кептерлерімді санап беріңдер (слайд№18)
Бір оқушы оқиды , талдаймыз
-есеп не туралы?
Есеп.
-Болды -5к.
Қосылды-3 к. ? к.
-Қандай амал қолданамыз?Не белгілі? Не белгісіз? (дәптерге жазамыз)
Геометриялық тапсырма (слайд №19)
Мына пішіндерді атаймыз, санаймыз. (4-типологиялық топқа тапсырма)
Кесінді сызамыз, салыстырамыз.
10см 4см
«кім жылдам» ойыны(математикалық жұмбақ) (№20 слайд)
Қорытынды.-Өте жақсы , балалар. Сонымен бауырсақты орман аңдарынан құтқардық па? Сабақта не істедік? (ауызша есептер шығардық, амалдарды дәптерге орындадық, кесінді сыздық салыстырдық, жұмбақ шештік)
Үй тапсырмасы (слайд№21)
—Көңіл-күйлерің қалай, балалар?
Бағалау Енді кім қанша бауырсақ алды екен сабақ соңында соны санайық. (алған жетондарын оқушылар айтады, бағалаймыз, мадақтаймыз.)
Ең көп алған оқушыға-«5»
-Рақмет, балалар (баурсақтың сыйлығын үлестіру)