+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сенбi, 31 қазан 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Ас атасы — нан
Акимжанова Кулим, А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің жанындағы «Жауқазын» шағын орталығының тәрбиешісі
«Ас атасы-нан»
 
Білім беру саласы:Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі:Сөйлеуді дамыту
 
Білімділік міндеті: Наубайханаға саяхат жасау арқылы балалардың нан туралы білімін бекіту.
Дамытушылық міндеті: Суретті схема, мақал-мәтелдер мен тыйым сөздер арқылы балалардың сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Балаларды нанды қастерлеуге, еңбек адамын құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
 
 
Сөздік жұмыс: Наубайшы, наубайхана
Қолданылған технология: Модульдік технология (схема)
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: суреттер, демонстрациялық материалдар
Үш тілділік компоненті: Нан-хлеб-брид, наубайшы — пекарь
Оқу қызметінің кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, қонақтар!
 
Балалар, бүгінгі күндерің сәтті болсын!
Бір-бірлеріңе қандай тілектерің бар?
 
 
Өте жақсы, балалар!
 
Жұмбақ: Күрең қызыл түсі бар
Тағамдардың асылы
Қуат берер күші бар?
 
Дұрыс айтасыңдар, нан пісіретін адамды кім деп атаймыз?
 
Наубашы нады қайда пісіреді?
Олай болса, балалар, қазір наубайханаға саяхатқа барайық.
Балалар, наубайханаға автобуспен барайық па?
 
Балалар наубайханаға жеткенше нан туралы тақпақтарымызды еске түсірейік.
 
 
Қане, наубайханаға жеттік, наубайшымен амандасайық.
Наубайшы: Салеметсіңдерме, балалар! 
Мен Наубайшымын! Мен күнделікті сендер жейтін нан, бауырсақ, тоқашты осы наубайханада пісіремін. Балалар, нан үлкен еңбекпен келетінін білесіңдер ме? Сендер нанды қалай қастерлейсіңдер?
Тәрбиеші: Наубайшы біздің балалар нанды қалай қастерлеу керектігін және білімдерін сізге көрсетсін.
Балалар шеңбер құрып тұрады.
Қонақтармен амандасады.
Салеметсіздерме! Здравствуйте!
 
 
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
Нанымыз көп болсын!
 
Бұл жұмбақтың жауабы нан.
 
 
Наубайшы деп атаймыз
 
 
Наубайханада
Балалар қуана келіседі.
 
Балалар қуана келіседі.
Балалар автобусқа отырады.
 
Нан жесеңдер, балалар
Үлкен болып өсесің
Сүт ішсеңдер, балалар
Тезірек ер жетесің
 
 
Салеметсізбе!
 
Балалар наубайшыны мұқият тыңдайды.
 
 
 
 
Балалар қуана келіседі!
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Наубайшы: Балалар, нан неден жасалады?
Ал ұн неден жасалады?
Бидайды қай мезгілде егеді?
Тәрбиеші:
Олай болса жыл мезгіліне байланысты бидайды қалай өсіреміз, нанды қалай жасаймыз Наубайшыға айтып берейік.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Наубайшы: Өте жақсы, балалар жарайсыңдар!
 
Тәрбиеші: Балалар, наның қандай үлкен еңбекпен келетінін көрдіңдер ме. Нанды құрметтеу керек. Наубайшы, біздің балалар нан туралы тақпақтардыда біледі:
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жарайсыңдар, балалар!
 
 
Үш тілділік:
 
Балалар наубайшыға көрініс қойып берейік.
Көрініс:  «Нанды қадірлемеген бала»
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өте керемет!
 
 
 
Сергіту сәті:
 
 
 
 
 
 
 
 
Ойын: «Ұннан жасалатын тағамдарды тап» деп аталады
Шарты: балалар тек қана ұннан жасалған тағамдарды табады.
 
Наубайшы: Балалар, сендер нанға қатысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мақал-мәтелдер:
 
 
 
 
 
 
 
Тамаша, балалар!
 
Ойын: «Сөйлемді жалғастыр»
Сөйлем айтылады, балалар жалғастырады.
Анам дүкеннен…….
Мен қарындашпен…….
Біз дастарханға……
Мен торғайларға….
Нан таситын машинамен балабақшаға …….
 
Тілдік жаттығу:
 
 
 
 
 
 
 
 
Тыйым сөздер:
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Наубайшы: балалар, өте білімді екенсіңдер, жарайсыңдар, өте ризамын сендерге! Мен пісірген тәтті бауырсақтарды қуана сендерге беремін. Сау болыңдар, балалар!
Нан ұннан жасалады
 
Ұн бидайдан жасалады.
Көктем мезгілінде.
 
1.бала(Әдемі): көктем мезгілінде: жерді жыртады, бидай дәнін себеді.
2.бала(Әділжан): жаз мезгілінде: егінге су құяды, күтіп-баптайды, күннің жылы шуағынан егін өседі.
3.бала(Көркем): күз мезгілінде: комбайнмен орып жинайды, бидайды ұн тартуға диірменге апарады, ұнды нан пісіруге наубайшыға апарады.
 
 
 
 
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Шырын:
Нанда өмірдің дәні бар!
Нанда адамның ары бар,
Нан өмірдің арқауы.
Нансыз өмірдің қандай сәні бар?
Нан, нан, нан, қымбатсың сен алтыннан.
 
Айару.Д:
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Астық дала сәулеті
Астық отан дәулеті.
 
Нурислам:
Нандай жоқ қой асыл дәм.
Жеп үйренген жақсыңнан
Дастарханнан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.
Айару.М:
Ел егінді жинайды
Қамбаға дән сыймайды
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Қоңырау соғылды .
 
Нан-хлеб- брид
Наубайшы- пекарь-
 
Балалар ойнап жүреді.
Санат: Достарым тамақ ішетін уақытымыз келді.
Нурайым: Ия,  жүріңдер
орынымызға отырайық.
Балалар барып столга отырады. Бір бала нанмен ойнап отырады.
Санат: Болды жетер, нанды құрметтеу керек.
Балнур: Нанмен ойнау күлкілі емес.
Ералы: Сонда нанмен ойнау маған ғана қызықты ма.
Әлихан: Ас атасы-нан деген. Нанмен ойнауға болмайды, ол үлкен еңбекпен келеді, нанды құрметтеу керек.
Ералы: Достарым, маған ренжімеңдерші мен енді нанмен ойнамаймын, оны құрметтейтін боламын.
Достары: Жарайды, біз сені кешіреміз!
Төртеуі :
Ой, балалар, балалар,
Нанды баспаңдар.
Онда қол жетпейтін аспан бар,
Өтініп сұраймын.
Ала бол, дана бол, бала бол,
Нанды баспаңдар.
 
Ептеп-ептеп жерден бидай терейік,
Тергенімізді торғайларға берейік.
Торғай-торғай томпаң қағып секірсін,
Олда біздей бойына күш жинасын.
 
 
Балалар ойынға белсене қатысады.
 
1.Ас атасы-нан    
Нан атасы- дән(Айару.Д.)
2. Дастархан көркі-  нан (Балнур)
3.Нан адамның арқауы (Санат)
4.Нан- тамақтың атасы
Ынтымақ- көптің батасы.(Ералы)
5.Нан бар жерде әнде бар (.Шырын)
 
 
 
 
нан сатып әкелді
нанның суретін салдым
нан қойдық
нанның ұсағын
 
нан әкелді
 
     1.    Ән-ән-ән,
Қамба толы нан
  1. Ал-ал-ал,
Ыдысқа ұнды сал.
  1. Шы-шы-шы
Нан пісірді наубайшы.
 
1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.
2. Нанды бір қолмен үзбе (Айару)
3.Нанды жерге тастама.(Ералы)
3.Нан қоқымын аяқпен баспа.(Нурайым)
 
Балалар наубайшыны мұқият тыңдайды.
Балалар өз ризашылықтарын білдіреді.
Сау болыңыз!
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар, бүгін біз қайда бардық?
Наубайшы не пісіреді екен?
Нанды қалай қастерлеу керек?
 
 
Осы нан үлкен еңбекпен келеді екен, өте көп мамандық иелері қызмет етеді екен, сол үшін не істеуіміз керек?
 
Наубайханаға бардық.
Нан, бауырсақ, тоқаш.
Нан шашуға болмайды, нанмен ойнауға болмайды.
Нанды қадірлеп, үлкендердің еңбегін сыйлауымыз керек.
 
 
 
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: нанның келу жолдарын;
Қандай түсініктерді игерді: нанды қастерлеуді;
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype