+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 1 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Күз кереметі
Жумагулова Назым Көгенқызы, А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің жанындағы «Жауқазын» шағын орталығының тәрбиешісі
 
 
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сауат ашу
Тақырыбы:. Күз кереметі.
Білімділік міндеті:.: Күз туралы білімдерін бекіту,жеміс пен көкеністерді айыра білуге, түстерді ажырата білуге қандай пішінге ұқсайтынынүйрету. Тіл байлықтарын дамытып жұмбақ шеше білуге уйрету
Дамытушылық міндеті:. балалардың тілдік қорларын дамыту
 Тәрбиелік міндеті:. ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Көрнекі құралдар:. Муляждар, көрнекі суреттер. Жеміс-жидектер. 
Тілдің үштұғырлығы:  Күз –AutumnVegetables
 
 
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мотивациялық қозғалыс
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
Сергіту сәті
Cәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын,бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық. Балалар, бүгін бізге апайлар қонаққа кеп отыр екен. Қанекей, қонақтармен жылы лебізімізді білдіріп амандасайық.
Қайырлы таң, алтын күн!
Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым!
 Өте жақсы, балалар!
Күндей жарық , айдай арайлы.
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі оқу іс-әрекетін бастайық.
-Қазір жылдың қай мезгілі ?
-Күз неше айдан тұрады?
Күзді біз алтын күз деп те атаймыз.
Балалар мен сендерге қазір бір сөйлем айтамын, сендер аяқтайсыңдар.
-Жер-Ана мейірімді,өйткені ол….
 
  
-Күн мейірімді,өйткені ол……
Ендеше біз бүгін жеміс-жидек көкөністермен танысамыз. Оларды ажырата алуымыз керек.
-Балалар жеміс-жидек қай кезде піседі деп ойлайсыңдар.Мен сендерге қандай жеміс-жидектердің түрі бар екенін айтып берейін.
-Мысалы, мынау жеміс алма,алмұрт,шабдалы,шие банан,жүзім,құлпынай,таңқурай,
апельсин, лимон. Әрбіреуіне жеке-жеке тоқталып дәмін, түсін, пішінін, қайда өсетінін түсіндіріп өтеміз. Жеке себетке салып қоямыз.
Ал енді көкөністерге келейік .
Көкөністерді көктемде егеміз.
-Мысалы: мынау қызанақ тәтті, қызыл, пішіні домалақ. Кейде сары түсіде болады екен. Ал мыналар : қырққабат, сәбіз, картоп, пияз, сарымсақ. Қызылша, бұрыш , қауын, қарбыз, асқабақ. Жеке-жеке тоқталып түсіндіреміз.
-Балалар, есікті біреу қақты ма? Естідіңдер ме?
Осы кезде қолында себеті бар қоян келеді .
-Сәлеметсіңдер ме, достарым !
-Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!
Мен Бағлан атаның үйінен қонақтан келе жатырмын. Сендердің дауыстарыңды естіп келдім. Бағлан ата маған көп сәбіз жинап берді.
 
-Балалар, сендер білесіңдер ме, сәбіз өте пайдалы. Сәбізден не жасаймыз ?
Сәбізді көп жесек бойымыз ұзын болады екен.
-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, неге қоян сәбізді жинап алған ?
-Қоянның өзінен сурайықшы?
 
Қоян : достарым, мен сендерге бір тапсырма бергім келіп тұр.Орындай аласыңдар ма ?
Ермексазбен жұмыс.
 
Қоян : достарым, мен енді қайтайын, басқа да баратын жерім бар .Жасаған жұмыстарын қоянға береміз.
 
-Балалар, қоянның тапсырмасы ұнады ма?
Жақсы, ендеше балалар демалып алайық, шаршадыңдар ма?
 
Оң қолымда бес алма
Сол қолымда бес алма
Алмаларды қомайық
Алақанды соғайық.
 
Жақсы, балалар, біраз дем алдыңдар ма?
Ендеше бүгінгі оқу іс әрекетімізді қортындылайық.
Мына орындықта байланып тұрған шарда жеміс пен көкеністер жапсырылып тұр .Бір бір шардан алып қандай жеміс, қандай көкеніс, пішіні дәмі, түсін айтып беріңдер.
Өте жақсы, балалар. Сендерге бүгінгі ойын сабағымыз ұнады ма?
 
 
Ендеше бәріміз тұрып қонақтар мен қоштасайық.
Үлкендерге   «сіз»
Кішіге де   сіз»
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз.
 
Осымен бүгінгі оқу іс әрекетіміз аяқталды .
Сау болыңыздар !
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
Көкөністер мен жемістерді өсіреді.
 
Жарығын, жылуын береді
  
 
Күзде, жазда
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
Салат, сок, тамаққа қосамыз
 
  
Балалардың жауабы. Өйткені ол қысқы азығы екен.
  
Ия, ия
  
  
Қоянмен қоштасады
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
  
Балалардың жауабы
 
 
 
 
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype