+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

Турсаева Гаухар Сериковна, Күршім ауданы, №2 Теректі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сыни ойлау. Ол не?

Көпшілігіміз онда тұрған ешқандай ерекшелік жоқ, біз күнделікті мұны қолданамыз деп есептейміз. Десек те біздің өміріміздің сапасы, жасаған әрекеттеріміз біздің ойымызға байланысты. Жақсы ойлау өз кезегінде үнемі дамып отыруы керек. Сыни ойлау - бұл ойлаудың кез келген зат туралы, мазмұн мен мәселеде ойланушының интеллектуалдық стандарттар құрылымын дұрыс қолдану арқылы ойлаудың сапасын арттыратын ойлау типі.

 

Нәтижесінде сыни тұрғысынан ойлауы жақсы дамыған адам:

— нақты сұрақтар мен мәселелерді түсінікті, нақты құрастырып, қояды;

— тиімді интерпретациялау үшін абстрактілі идеяларды қолдана отырып, іске қатысты ақпараттар жинайды;

— оларды критерийлер мен стандарттарға сай тексере келе негізделген қорытынды мен шешімге келеді;

— балама ойлау жүйесі аясында ойлайды, басқалардың ұсыныстарын да ескере отырып, өзгеше ойлайды;

— шешім қабылдамас бұрын басқалардың ойларымен санасады. Сыни ойлау дегеніміз қысқаша айтқанда-өзіне бағытталған,өзін тәртіпке келтіретін,өзін-өзі дамытатын ой.

Сыни ойлау технологиясы тек мұғалім мен оқушының серіктестігіне ғана емес, сонымен қатар оқушының әрекетке араласуына және психологиялық қалыпты орта құруға көмектеседі.

«Сыни ойлау» технологиясы бойынша жұмыс жасау кезінде оқушылар өз мәселелерін өздері шешу,сондай ақ өз әрекетіне баға беруге үйренеді. Мен өзімнің іс-тәжірибемде«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданып жүрмін. «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының модулдерін ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының басты ерекшеліктерін сабақтарымда қолданылу жолдарына тоқталмақмын. Менің өз іс-тәжірибемде әдебиеттік оқу сабағынан өткізген М.Әуезов «Жетім»тақырыбында өткізген сабағыма тоқтала өтейін. Сабағымды бастамас бұрын, оқушыларымның психологиялық жағынан көңіл күйлерін қалыптастыру және олардың арасында достық қарым- қатынас орнату мақсатында көңіл күйлерін көтеретін «Сыйлық» тренингін қолдандым. Оқушылардың ұйымшылдық қарым-қатынастарын жақсарту және саралау мақсатында топтарға бөлдім. Балалардың қызығушылықтарын ояту үшін сөзжұмбақ шешіліп, бүгінгі күннің тақырыбын оқушылар өздері анықтады. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолдана отырып оқытудаың негізгі кезеңдері:қызығушылықты ояту , мағынаны ажырату, ой толғау, рефлексия

Қызығушылықты ояту кезеңінде жұпта жұмыс жасай отырып миға шабуыл стратегиясы арқылы тақырып туралы өз болжамдарын айтты. Осылайша оқушылар алдыңғы білімдерін жаңа ақпаратпен байланыстыра отырып жаңа ақпаратқа сыни тұрғыдан пайым жасайды.

Мағынаны ажырату кезеңіндемәтінді оқып шығып, бұл тақыптағы «жетім» сөзін қалай түсінгенін айтады, ұқпағанын сұрақ түрінде жазып отырады. Оқушыға бұл сөздің мәнін түсінуге не көмектескенін, немесе кедергі болғанын айтып беруіне үйрету керек.

Ой толғау кезеңінде «жетім» сөзінің мағынасын мәтінді талдау арқылы ашты. Алған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, әңгімеледі, пікір алмасты, өз пайымдарын жасады.

Рефлексия. Бұл кезеңде оқушылар осы сабақта не оқығаны жайлы ойланады, бір-бірімен пікір алмаса отырып, жолдасын тыңдауға, өз ойын дәледеуге үйренеді. Рефлексияны «Мен қандай құспын?» деген тәсілмен өткіздім. Осылайша сабақта үздіксіз білім алуға, өздігінен білім алуға үйретемін.

Технология оқушыға не береді дегенге келсек, оқушының ақпаратты қабылдау тиімділігін арттырады, оқу материалын меңгеруге деген және оқу процесіне қызығушылығы артады, сыни ойлауға және басқалармен бірлесе жұмыс жасаудағы дағдылары қалыптасады.

Ал технология мұғалімге не береді? Бұл технологияны сабақта қолдануарқылы мұғалімге сыныпта ашықтық, жауапкершілік, бірлесе жұмыс жасау ортасын құру және оқу процесінде оқушылардың сыни тұрғыдан үйренуіне мүмкіндік беретін тиімді оқыту әдістемелік жүйесін құруға; өз әрекетін сауатты түрде сараптай алатын практик болуға мүмкіндік береді.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype