Әрбір қазақ жалғызым мына өмірде,
Бар сұлулық қарақат көздеріңде.
Ар-намысты ибалы қарындастар,
Аман-есен жүріңдер өздеріңде.
Аузым бармас бірінде жаман деуге,
Салсадағы сарсаңға заман кейде.
Қазақ қызы жаман деп айтып алып,
Аузым қалай барады анам деуге.
Бар қазаққа жүрегім кең болсыншы,
Әр бір қазақ жаныма ем болсыншы,
Еш қазақтың құқығы тапталмасын,
Өз елінде қазақтар тең болсыншы.
Бөлінсекте таласып жүзге кейде
Өзге ұлттар байқаңдар бізге тиме
Алты алаш ұрандап атқа қонса
Қаларыңда белгісіз қандай күйде.
Бар өмірім арналсын қазағыма
Ортақ маған қуаныш азабыңда
Әр біріңде ұлтым деп жүрек соқса
Бүкіл әлем жатады табаныңда.
Бұл қазақты басқа ел қасқыр дейді
Байқа аю болсаңда қанша күйлі
Ей айдаһар қазақпен істес болсаң
Өз отыңа өзіңді үйтіп жейді.
Қазақ бауыр ұмытпа жанымыз бір
Түптеп келсе түбінде қанымыз бір
Алты алаш бір болсақ қол жеткізер
Төбемізде батпандай бағымыз тұр.