+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 3 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытудағы интербелсенді әдістерді қолдану маңыздылығы

Құрманова Жұпар Сакановна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ каф. мең., ф.ғ.к.

Белсенді оқу – терең білім алуға негізделген жағымды оқу ахуалы.

Бүгінгі таңда білім мазмұнының жаңаруы аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша біліктілікті арттыру курстары жүргізілуде. Бағдарлама мазмұнында инербелсенді оқу оқушыны ынтамен тыңдап қана қоймай, белсенді тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігі белгілі.

 

В.В.Сериковтың «Обучение как вид педагогической деятельности» кітабында көрсетілгеніндей, педагогтердің шағын топтарында берілген мәліметтерді сәйкестендіруі кезінде бір-бірімен келісімге келулеріне тура келеді. Мысалға алсақ, өз тәжірибемде қолданып жүргенімдей, «Глоссариидегі» мәліметтерді меңгерту үшін диалогтік әдісті қолдана отырып жүргізетін жұмыстарым қарапайым да өзекті: «Терминологияны саналы түрде қолдану бойынша жұмыстар Бағдарламаны сапалы меңгеруге қол жеткізеді». Терминологияны талдауда қолданылатын белсенді стратегияның бір түрі «Шаршы». Мұғалімдерге А3 парағына 4-тен12-ге дейін термин жазып ұсынамын. Шаршы қабырғаларына «Салыстыр», «Талда», «Түсіндір», «Ассоцияция құр», «Ұсын», «Бөліс» қызметтері жазылып, олар қай терминге түссе, тыңдаушы сәйкес ақпаратты ұсынады. Бұл жұмыстың ұтымдылығы – материалды жан-жақты қарастыру жүргізіледі. Оның сипатын жоғарыда аталған кітаптан таптым: «Пәнді диалогтік оқытудағы нәтиже оның рөлін жалпы дамытуды түсіну болып табылады».

Осылайша, өткізген сабағымды талдай келе, келесі сабаққа жоспар жасауға кірісемін. «Әрбір өткен сағатыңа, күніңе, аптаңа көз жүгіртіп, өз-өзіңді бақылауға ал, есеп бер» деп Абай атамыз айтпақшы, тренер ретінде өз қызметімде ғана сыни тұрғыдан баға беріп, талдап қана қоймай, әр тыңдаушының да өз жұмыстарына сыни көзқарастарының қалыптасуына, өз жауапкершіліктерін сезінулеріне ықпал етуге тырысамын.

Қандай да бір топ болмасын алғашқы кезде тыңдаушылардың бірлесіп әрі дербес ойлауы үшін сөйлесу мәдениетінің жұтаңдығы топтық тапсырмаларды талқылаған кезде көп байқалады. Тапсырмалар күрделіленген сайын олардың сөздік қорын молайып, тіл мәдениетін дамытуға тырысулары олардың қоршаған ортасы мен басқа топ мүшелерінің ынтамен тыңдауларына тығыз байланысты екендігінен көрінді. Біз тыңдаушылар тәжірибелі мектеп мұғалімдері болғандықтан олар әңгіме жүргізу мен ойлау үшін қажеттінің бәрін біледі деп түсінеміз. Шындығында олай еместігін курс барысында көзіміз жетті. Ол көбінесе жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер мұғалімдерінде сөз саптауларында, материалдарды талдау, пікірталастар кезінде байқалып жатады. Сол сияқты, тақтаға жазылып, кері байланыста қолданылатын негізгі сөздерді жетілдіріп, өз бағалауларын жеткізулерінен де көрінеді.

  1. Бүгін менің білгенім…
  2. Қызық болғаны…
  3. Қиын болғаны…
  4. Мен орындаған тапсырма…
  5. Менің түсінгенім,…
  6. Енді мен істей аламын…
  7. Менің білгенім…
  8. Мен үйрендім…
  9. Менде сәтті шықты …
  10. Мен жасап көремін…
  11. Мені таңқалдырғаны…
  12. Алдағы тәжірибем үшін…
  13. Жасағым келгені…

Дегенмен, осы мәтінде жасалатын кері байланыстағы мұғалімдер ойларының жұтаңдығы, сөз саптау мәнерлерінің келісімсіздігі олардың сөздік қорларының жеткіліксіздігін, мағыналы да мәнді сөйлеуге деген құлшыныстарының нашарлығын көрсетеді. Осы келеңсіздіктердің барлығы педагогтердің мазмұнды диалогтік қатынасқа түсулеріне кедергі келтіреді. Оның көркем әдебиеттерді оқу арқылы тілдерін жетілдірмегендігінен бастау алатындығын байқатады.

Жалпы алғанда өз курстық дайындықтарымда түрлі интербелсенді әдістер: ментальды карта, графикалық органайзерлер, топтық жұмыстар арқылы тақырып бойынша білімді меңгерудің жолдары арқылы өткізіледі. Мысалға алсақ, тыңдаушылар шынайы білім берудің белгілі бір аспектілерін моделдеу мен зерттеудің мүмкіндіктерін қарастырады. Ментальді карта жасау арқылы «Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы»: «Белсенді оқу», «Модельдеуші мұғалім», т.б сияқты ауқымды ойды, күрделі тақырыптарды талдайды. Оны меңгерудегі тиімділік мұғалімдер тәжірибесі арқылы жүзеге асып, зерттеу, ізденіске жұмылдырады.

Біз келесі интербелсенді тәсілдерді (немесе кейбіреуін) қолданған кезде мұғалімдердің белсенділігі артып және жақсара түскендігі анықталды:

  • Мұғалімдердің идеяларын зерттеу үшін кейбір «ашық» сұрақтарды пайдалану;
  •  Мұғалімдер өздерінің ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсететін кезде оларды көтермелеу (сондай-ақ мұғалімдер жаңа идеялар ойлап табу үшін жаңа сөздік қорын ұсыну);
  • Мұғалімдердің «Сіз бұл туралы қалай білдіңіз?», «Неліктен?», «Сіздің тағы бірдеме айтқыңыз келе ме?» деген сұрақтарға жауап бере отырып материалды өңдеуге және өз көзқарастарын білдіруге ұмтылуы;
  • Кейбір оқушылардың идеяларын тыңдап болмайынша сабақтың материалын түсіндіруді бастамау (түсіндірулер айтылғанмен және олар көтерген проблемалармен байланысты болуы үшін);
  • Мұғалімдерге түсіндірулер өткізуге, талқылау бағытын өзгертуге мүмкіндік беру (және, мүмкін, тіпті сабақ бағытын);
  • Мұғалімдер біз ұсынған үлгілерден үйренуі үшін орынды даулар барысында қарым-қатынасты және оны қолданудың үлгілік тәсілдерін қолдану.

Қашықтықтан оқыту кезінде де, топтық жұмыста да диалогтік оқытуды тиімді қолдану жақсы нәтижелер беретінін байқадық. Бірақ бізге осыны барлық мұғалімдердің орындағаны және мұғалімдер тренингінде, білім беру саясатында сөйлеу дағдыларының мәселесінде тиісінше жүзеге асырылуы қажет.

Адам күнделікті өз өмірінде жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасауы керек.

Ол адамға ғана тән тәбиғи қасиет және адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт.

Интебелсенді әдістерді қолданғанда қарым-қатынастың негізгі қағидалары басшылыққа алынады:

—                     әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз;

—                     қызықты түрде ақпаратты жеткізуге тырысыңыз;

—                     әрбір адам «жаңалықты» қажет етеді;

—                     зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз;

—                     тыныш, байсалды атмосфера сақтауға тырысыңыз;

—                     өзіңізді ашық-жарқын адам ретінде көрсетіңіз;

—                     әңгімелесушіңізді ашық-жарқын, емін-еркін сөйлесуін қолдап отырыңыз.

Қазақ тілі бай, икемді болғанымен, әркімнің сөздік қоры әртүрлі. Сөздік қорымыздың көлемі мен сапасы білімімізге, өмірдегі тәжірибемізге, т.с.с жағдайларға байланысты. Сөздік қоры аз адаммның жазуы да, сөйлеуі де орашолақ болып келеді. Ондай адамдардың бір сөзді қайталай беруі немесе диалектизмді көбірек қолдануы басымболады. Тіл тазалығына кемшіліктер грамматикалық ережелерді дұрыс пайдаланбаудан да көрінеді

Мұғалімдер сабақ барысында сауалнама түріндегі кері байланыс әдісін қолданады және тапсырмалар орындатуда көптеген сұрақтар қояды.

Қорыта айтқанда, көптеген оқытушылар тыңдаушылардың өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбат арқылы: олар бірін – бірі оқытады, пікірлеседі, ой бөліседі, әңгімелеседі. Бұның бәрі де белсенді оқыту әдістері негізінде жүзеге асып отырады. Олардың курстық дайындықта алған тәжірибелерін тиімді пайдаланса оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізетініне сеніміміз мол.

Егер мұғалімдерге педагогикалық шеберлік туралы теориялық және практикалық бiлiмдерді меңгеру жағдайы туғызылса, және кәсiби қызметтерде оларды қолдана алатын болса, онда оқу-тәрбиелiк процесінің барлық кезеңдерiнде оқушылармен олардың қарым-қатынасқа түсу тиiмдiлiгі жоғарылайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ғ.Р. Рахимбеков Оқыту процесіндегі сұрақтың рөлі. -Алматы, 1999, — 132 б.
  2. Б. Тұрғынбаева, З. Муфтибеков, Қ.Алтаев. Әдебиеттік оқу,- Алматы кітап, 2013ж
  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype