Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылар:
1. Өз бетінше тұжырым жасай білуді арттырады;
2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білуге бағыттайды;
3. Проблеманы шеше біліп, пікір таласты жүргізе білуге қабілеттерін арттырады.
Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:
1. Әдіс түрлері;
2. Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы;
3. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу;
4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
5. Топтық тұжырымға келе білу;
6. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. Жаңа технологиялардың басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін (жеті модульдің бірі) ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіен орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін (дарынды және талантты модулі), терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын, пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу-үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғары деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында. Бұл жаңашыл педагагтардың мақсаты – оқушылардың алатын білімдерін сапалы етумен, жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.
Сын тұрғысынан ойлау – ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыру, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап талқылау. Сыни ойлау — адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні – бұл көптеген жолдар мен шешімдер ішінен адамдарға өздері үшін маңызды, әрі пайдалы, тек қажетті ақпраттарды жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже мен Л.С.Выготскийдің теорияларын басшылыққа алады. Осы бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 жылы қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Сын тұрғысынан ойлау – бұл сынау емес, шындалған ойлау. Осы деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына және оқушыларға ғана тән деп ойлау дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобаның жұмыс жасау барысында көз жеткіздік. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Осы үш деңгей оқушының алған білімін болашақта пайдаға асыруға, қажетке жаратуға қабілетін қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін таңдап алуға үйретеді. Сабақ жоспарын осы моделді Блум таксономиясымен біріктіріп құрастыру өте тиімді. Онымен қатар жеті модульді ескере отырған жөн. Сабақта жеті модулдің барлығын қодану мүмкін емес, бірақ оның ішінде міндетті түрде қажеттісі де бар. Ол оқушының жас ерекшеліктерін ескеретін «оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер». Топта жұмыс жасаған кезде «оқытуды басқару және көшбасшылық», оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулдерін қолдануға болады. Бірақ қатып қалған нәрсе жоқ, бұл модулдерді күнедікті де қолдануға болады. Әр деңгейде қолданатын әдіс элементтерін Блум таксономияның әр бөлігіне бөліп алу қажет. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік. Қызығушылықты ояту «үйрену процесі» — бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Бұл кезеңде оқушы өзінің бұрынғы білетін білімін жаңа ұғымдармен, түсініктермен байланыстырып, жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі.
Қолданылған әдебиеттер
- Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. -2006. — № 1. — 21-23 б.
- Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б.
- Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей, 2012 ж.
- Выготский Л.С. Психология. – М., 2000.
- Интернет ресурстар.