Әрбір бала балалық шағын бақытты өткізуге құқылы. Олардың өмірі қызықты, болашағы жарқын болуы үшін ата-анамен қатар, мектептің рөлі орасан зор. Мектепте баланың пәнге деген қызығушылығымен бірге, жан-жақты дамыған жеке тұлға боп қалыптасуына сабақтан тыс жұмыстар, әртүрлі мерекелік шаралар, факультативтер мен үйірме жұмыстарының жоспарлы ұйымдастырылып, нәтижелі өтуі зор әсерін тигізеді. Сыныптан тыс жұмыс-бұл оқушы тәрбиесін ұйымдастырудың формасы. Сыныптағы әрбір өткізілген жүйелі жұмыс –мектептің де рухани дәрежесінің артуына, мәдени кеңістігінің кеңеюіне ықпал етеді. Өз тәжірибемде мен сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар мен үйірме жұмыстарын алуан түрлі формада ұйымдастырылуына көңіл бөліп келемін. Осы орайда, мен өзімнің іс-тәжірибемнің негізгі мәселесі етіп, бүкіл оқыту барысында сыныптан тыс шаралар арқылы оқушылардың шығармашылығын арттырумен қатар, жеке тұлға қалыптастыруды мақсат еттім.
Оның басты себебі: ақпараттық технология кең етек алып, космостық жылдамдықпен даму заманында оқушылардың тіл байлығының төмендеп, қызығушылығы азайып, ғаламтордан дайын материалдарды жүктеп аласалуына жол бермеу қажеттілігінен туып отыр.
М. Қашқари: «Бастамастан бұрын мақсатынды ойла» демекші менің тәрбие жұмысымның мақсаты: «Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ой-қиялын дамытуға,ойын еркін жеткізе білуге, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету» болып табылады.
Баланы ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата білу, әрбір оқушының жеке-дара ерекшелігін ескеру қажет екенін әр ұстаз жақсы біледі. Оқушылардың қабілеттерін ерте жастан байқап, бейімділігіне қарай қоғамдық жұмыстар мен шараларға қатыстыру, міндеттер мен тапсырмалар бөліп беруді де аса мән берерлік жұмыс деп санаймын. Мұндай мақсат пен міндеттерді қоюыма ықпал еткен балалардың өз бойындағы қабілеттері мен ынталары десе де болады. Мен тек сол қасиеттерді одан әрі дамыту жолдарын іздестірдім. Жалпы педогогика пікірі бойынша қабілетсіз бала жоқ. Барлық баланың да бір нәрсеге қабілеті, бейімі, икемділігі болады. Тек соны дұрыс бағытта жетілдіру керек. Сондықтан бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстарды да дұрыс талдау қажет. Үйірме сабақтарында оқушылардың шығармашылығы дамытатын тапсырмаларды өзім құрастыруға тырысамын, өзім құрастырған әртүрлі сергіту жаттығулары мен санамақтар, метаграммалар мен шығармашылық тапсырмаларын жинақтап пайдаланып келемін. Баланың тілін дамытып, ой-өрісін жетілдіруге, ізденімпаздыққа баулуға септігін тигізеді. Оқушылардың ой шапшаңдығын, тіл байлығын дамытып, шығармашылыққа баулитын тапсырмалардың бірі-өз беттерімен өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлерін сыныптан тыс шараларда кеңінен қолданамын. Мысалы: баламын, боламын, қаламын-деген сөздер арқылы өлең ұйқастыру тапсырмасын балалар ерекше қызығушылықпен орындады. Нәтижесінде: Мен әдепті баламын, айтқан тілді аламын. Өскенде де осындай Азамат боп қаламын, -деп әдемі ұйқас шумақ құрады. Ұстаздар мерекесіне орай өткізілген сынып сағатында «Ұстаз» сөзіне ассоциация құруда: ұстаз-мейірімді жан, ана, қамқоршы ,дана деген сияқты мағыналы сөздерді тауып жазуға талпынды.
Сабақтан тыс шараларды ұйымдастыруда көп жағдайда балалардың қызығушылықтары мен мүдделері ескерілмей жатады. Осыған орай, қандай да бір іс-шараны, сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға мынадай талаптар қойылуын ұсынар едім:
-сыныптан тыс шаралардың оқу бағдарламасынан жеке дара бөліп қарамау, яғни сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар өзара тығыз байланыста болуы керек;
-сыныптан тыс шараларды ұйымдастырып,өткізуде баланың жас ерекшелігі ескерілуі қажет;
-сыныптан тыс шараның әр жолы әр түрлі формада ұйымдастырылуы;
-сыныптан тыс шараларда да сабақтағы сияқты жеке, жұптық, топтық жұмыстар жоспарлануын ескеру және алдын–ала тапсырмалар беруде балалардың қабілеті мен бейімділігін ескеру.
Сыныптан тыс жұмыстарды мағыналы ұйымдастырудың нәтижесінде сабақта үлгерімі төмен оқушыны озат оқушы қатарынан көрінуіне жетелеуге болады. Дұрыс бағыт таңдалып, қабілеті мен бейімділігі емкеріле отырып берілген тапсырманы кез келген үлгерімі төмен оқушы аса бір құлшыныспен орындап келуге тырысады. Сыныптан тыс жұмыс-мақсат, мазмұны бойынша оқу үрдісімен ұштасып жатады,яғни оның сабақтан тыс кезіндегі жалғасы. «Оқу мен еңбек егіз» деген ұғым осындайдан туса керек. Ұйымдастырылуында анықтаушы рөлді мұғалім атқарады, дегенмен төртінші сыныпқа келгенде ұйымдастыру жұмыстарын сынптың белсенді топ мүшелеріне тапсыруға болады. Мұндай сенім арту-оқушының өзін-өзі басқаруын жүзеге асыруына, позитивті көзқарасын арттыруға септігі мол.
Сыныптан тыс әрбір шараны өткізу барысында сыныптың тәрбие жұмысын айқындайтын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде тәрбие жұмысын жүргізудің 8 бағытына негізделген бір оқу жылына арналып бекітілетін тәрбие жоспары басшылыққа алынады. Яғни, мектеп пен сынып тәрбие жұмысының өзектілігі өзара тығыз байланыста болады деген сөз. «Сабақтан тыс шараларда тәрбие нәтижелеріне қол жеткізудің формаларына» әдістемелік ұсыныстарым ретінде мыналарды қарастырдым:
|
Қызмет түрлері |
Нені қалыптастырады |
|
Танымдық қызмет |
Оқушы дүниетанымын кеңейтеді.білімге құмарлығы мен зияткерлігін қалыптастырады |
|
Көркемдік қызмет |
Әстетикалық талғамын,әсемдікті сезіну,көркем ойлауын дамытады |
|
Спорттық қызмет |
Салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасайды |
|
Еңбек қызметі |
Еңбекке деген құлшынысы адамдарға, өзіне құрметпен қарауына оң ықпал етеді |
|
Құндылықты-бағдарлы қызмет |
Жалпыадамзаттық құндылықтарды ұтымды ұғынуға, сезінуге бағытталады |
|
Өлкетанушылық қызмет |
Мектебінің тарихын,туған өлкенің тарихынтануға бағытталады |
Бұдан күтілетін нәтиже: жоғарыда аталған құндылықтарды бойына сіңіріп өскен оқушы болашақта өз Отанының патриоты, адалдық пен еңбекті сүйетін, білімді жан-жақты, жеке тұлға болып қалыптасары анық.
Сыныптан тыс қызметтерді ұйымдастыруда мектептегі әрбір әдістемелік бірлестіктерінің міндеттері белгіленуін жүзеге асыруын ұсынар едім:
Мысалы:
-бастауыш сыныптардың методикалық бірлестігі-мектеп жағдайында сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың ортақ әдістемелік материалдарын бірлесіп дайындаса;
-сыныптан тыс қызметтің барлық бағыттарын қамтитын курстар,үйірме,секциялар,бағдарлама-лар жиынтығын (копилкасын) жинақтаса;
-ұйымдастырылып өткізілген жұмыстары бойынша әдістемелік бірлестік «портфолиосын» жасаса,- деген ойдамын.
Мектептің тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылатын сыныптан тыс жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің жалпы мақсаты – баланың өмірге және қоғамға қажет әлеуметтік тәжірибені игеріп алуына және қоғам қабылдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Үлгерімі төмен оқушыларды сабақтан басқаға назарын аударуға болмайды деген пікір бар. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені дәл сол оқушыларға өздерінің бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу керек. Әрі сондай оқушыларда сурет салуға, өнерге, қоғамдық жұмыстарға бейімділігі. Айтылып өткен міндеттер сыныптан тыс жұмысының негізгі мүмкіндіктерін және бағыттарын анықтайды. Шынайы тәрбиелік жұмыста олар сыныптың ерекшеліктеріне, ұстаздың өзіне, жалпы мектептік оқудан тыс жұмыстың ағымына байланысты нақтыланып дәлденеді. Тәрбиелік шараның сапасын оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары, эмоциялы икемделуі, өтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше, немқұрайлығы көп нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу атқарылған жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жөн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, ол үшін қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді. Тәрбие процесі сабақтан тыс қызметтің көмегімен жүзеге асатыны белгілі. Мектеп жағдайында ол үздіксіз жүргізілетін процесс. Сыныптан тыс шара өткізудің бір айырмашылығы уақыттың кеңістігі үлкен, баланың өз бойындағы талантын, ізденгіштігі мен шығармашылығын көрсетуіне мүмкіндік мол. Себебі, өткізілетін сыныптан тыс шараға ізденіспен келуіне алдын–ала тапсырмалар алу арқылы дайындалады. Белгіленген уақытты пайдаланып, оқушы ізденеді, кітапханаларға барады, ақпараттық технологияларды қолданады,үлкендермен пікірлеседі, ақыл-кеңес сұрайды. Сондықтан сабақ жүйесінен гөрі өзгешелігі — кең көлемде дайындалуына мүмкіндік мол. Өтілу формаларының алуан түрлілігі арқасында оқушылар қызығушылығының артуына да ықпалы зор. Әрине, сыныптан тыс шараға ұсынылған жұмыстың жоспарлы,мақсатты болуы, мағыналы өтуі, оқушыға берер тәлім-тәрбиесінің жағымды жақтарының артық болуы-мұғалім шеберлігіне байланысты. Қазіргі таңда заман талабына орай, жаңартылған мазмұндағы білім беру үрдісіне байланысты сабақ процесімен қатар сыныптан тыс шараларда да топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстарды қолданып, жүзеге асырып келемін. Мерекелік, даталы күндерге байланысты өткізілетін сынып сағаттарына көбінесе сынып белсенділерін тартуға көңіл бөлемін. Тақырыптық сынып сағаттарға,әртүрлі шараларға сыныптағы барлық оқушыларды қамтуға тырысамын. Сынып сағатына берілген тапсырмаларға оқушы ата-анасымен берге ізденісте болуын ескеремін.
Мектептің тәрбие жұмысы бағыттарын қамтитын бірқатар шаралардың түрлері,өткізілу формасы мен одан күтілетін нәтижелерді өз тәжірибемнен жинақтай келе,мынандай үлгі-кесте жасадым:
— сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақытта, баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасайтын, оқытушының оқушылармен әртүрлі іс-әректтерін ұйымдастыру;
— сыныптан тыс жұмыс – оқу бағдарламаның шеңберіне кірмейтін және оқу кестесінен тыс мектеп өткізетін әртүрлі тәрбиелік- оқытушылық іс-шаралар;
— сыныптан тыс жұмыс – мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің бағыттаушы рөлінің арқасында, көбінесе оқушылар ұжымында белсенді және өздерін-өзі басқару негізінде, сыныптан тыс жүргізілетін сабақтар;
— сыныптан тыс жұмыс – оқушыларға кеңінен позитивті әсер ету мүмкіндігі бар және оқытушының сабақтағы жұмыспен байланыстыра отырып, оқу-әдістемелік өрісте өз бетімен жасайтын әртүрлі іс-әрекеттердің жиыны болып саналады;
— сыныптан тыс жұмыстар-маңызды міндеттерді шешеді-мектептің мәдени кеңістігін кеңейтеді.
Бастауыш білім беру үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Міне, осыған сәйкес оқушыға жас ерекшелігіне сай белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларын меңгертумен қатар табиғат, қоршаған орта, адами қасиеттер, қарым-қатынас, сыйластық туралы түсініктерін кеңейте отырып, шығармашылық бағытта жан-жақты тәрбиелеу қажет.
Елбасы Жолдауында айтылғандай, бәсекелестікке қабілетті қоғамдағы бәсекелестікке қабілетті адамның басты белгісі оның білімділігі мен қатар құзіреттілігіне қол жеткізу болып отыр. Осындай шәкірт тәрбиелеу жолында талмай ізденіп, аянбай еңбек ету-әр ұстаздың міндеті болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қожахметов Қ.Ж «Мектеп-ұлттық тәрбие жүйесі» Алматы, 2002ж
2.Серикова Н.У «Жеткіншектердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық диагностикасы» // Білім –образование. Алматы, 2010ж. №6
3.Қазақстан мектебі-2008ж. №7-8 Б 32-36
4.Қоянбаев Р.М.Педагогика А,1992ж
5.Қалиұлы Серғазы «қазақ энциклопедиясының теориялық негіздері мен тарихы» Алматы, 2013ж
|
Қызмет түрлері |
Нені қалыптастырады |
|
Танымдық қызмет |
Оқушы дүниетанымын кеңейтеді.білімге құмарлығы мен зияткерлігін қалыптастырады |
|
Көркемдік қызмет |
Әстетикалық талғамын,әсемдікті сезіну,көркем ойлауын дамытады |
|
Спорттық қызмет |
Салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасайды |
|
Еңбек қызметі |
Еңбекке деген құлшынысы адамдарға, өзіне құрметпен қарауына оң ықпал етеді |
|
Құндылықты-бағдарлы қызмет |
Жалпыадамзаттық құндылықтарды ұтымды ұғынуға, сезінуге бағытталады |
|
Өлкетанушылық қызмет |
Мектебінің тарихын,туған өлкенің тарихынтануға бағытталады |