«Басшылық жасау — бұл да басқару, бірақ адамның адамды басқаруы», — деп Э.И Моносзон өте орынды айтқан. Байқап қарасақ, педагогикалық басшылық жасау педагогикалық үрдісте адамдар арасындағы ұзақ қарым-қатынасты негізге алады.
Басқарудың әлеуметтік — педагогикалық әдісі, оның: оқушылар ұжымын топтастыру. Қоғамдық көзқарасты қалыптастыру, тұлғааралық қарым-қатынас тиімділігін, қанағаттылық сезімін тудыру, ұжым мүшелерінің шығармашылық белсенділігін көтеру сияқты компоненттерін бөліп көрсетеді. Басқару қызметі мынадай қағидаларды:
-басқарудың жариялылық қағидасын (оқу орнының алдына қойған мақсатына жетуі үшін барлық ұжымды қамтуды көздейді);
-оңтайлы инновациялық қағидасын (стандарттық басқару мәселелеріне жаңа қолайлы жағдайды іздестіреді, оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырады;
-мұғалімнің құзырлық қағидасын (баскарушының кәсібилік жағынан барлық деңгейдегі басшыларға қойылатын талаптың бірте-бірте өсуін пайымдайды);
Информатика пәні мұғалімі ретінде білім беру үрдісін басқаруда заман талабына сай педагогикалық менеджменттің принциптеріне сүйенемін. Менеджменттің басты мақсаты — жетістікке жету болса, жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш. Оны менеджменттік басқару арқылы педагогикалык қызметтің сапалы нәтижесі үшін атқарылған жұмыстың жемісін көруге болады. Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді бастан кешірді. Классик үлгідегі «әкімшілік» мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни,А. К.Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды.
Педагогикалық менеджмент — бұл білім беру ұйымдарындағы білім беру үрдісін басқару және мектепішілік басқару. Педагогикалық менеджмент—мақсатқа жетуге бағытталған сыныптағы мұғалімнің басқару әрекеті.
Солармен таныса отырып, информатика пәнінің мұғалімі ретінде оқу-тәрбие үрдісінде басшылыққа алуға болады деп келесідей анықтамаға тоқталдым. Ол — педагогикалық менеджмент, мақсатқа жетуге бағытталған сыныптағы мұғалімнің басқару әрекеті.
Пән мұғалімі ретінде оқу үрдісін ұйымдастыруда педагогикалық менеджмент принциптеріне сүйенемін. Олар:
- адамға сену және оны сыйлау принципі;
- ынтымақтастық принципі;
- әлеуметтік әділеттілік принципі
- жекелік тұрғы принципі
- ұжымдық шешім қабылдау принципі
- басқаруға оқушыларды қатыстыру принципі
Жоғарыдағы басқару принциптерін пайдалана отырып: оқушыларды білім беру үрдісінің субъектісі ретінде дамыта отырып, соның ішінде басқаны қабылдау және түсіну субъектілік қасиеттерін дамытуға баса назар аударасын. Адамның субъектілік қасиеттерін дамыту туралы қағидалар өте көп. Бірақ нақтылы жоспар, басшылық жасай отырып қана субъектілікті дамытуда нәтижеге жетуге болады. Субъект –іс-әрекетті білетін субъектілік позициядағы Адам, ол атқарылған іс-әрекет жеке және кәсіби тұрғыда табысты бола алады,- деген анықтамасын басшылыққа алып, іске асырудамын.
Сонымен қатар ғалым Е.Н. Волкованың тұжырымдамасына сәйкес педагог субъектілігінің негізгі компоненттерін басшылыққа алып жұмыс істеймін. Олар:
1. Белсенділік.
2. Рефлексияға қабілеттілік.
3. Таңдау бостандығы және жауапкершілік.
4. Субъектінің бірегейлілігі.
5. Басқаны қабылдау және түсіну.
6. Өзіндік даму.
Осы компоненттердің ішінде 5-ші компонентті дамытуға оқыту үрдісінде мән беремін. М.И.Лисинаның пікірінше қоғамда барлығы қарым-қатынас және түсіністік арқылы шешіледі. Сондықтан баланы кішкене жасынан басқамен қарым-қатынасқа үйрету маңызды.
Қазақстандық білім беруді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мақсаттарында білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдауды күшейту және педагогикалық жұмыскерлердің еңбегін ынталандыру, білім беру саясатының барлық субъектілерінің рөлін және олардың өзара байланысын арттыру деп көрсетілген. Білім беруді дамыту мемлекеттің экономикалық гүлденуінің негізі болуы керек делінген. Сол себепті мектеп мұғалімдерінен де басқарушы ретінде оның кәсіби біліктілігін, әлемдік білім кеңістігіндегі жаңалықтардан хабардарлығын, жеке бас іскерлігін дамыту мәселесіне айрықша назар аудару талап етіледі. Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты болса, ол — оқушыларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және информациялық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады. Бірақ мұндай қоғамда информация көлемінің өсуі (әр 2 жылда екі есе артады) практикалық әрекеттермен шыңдалып отыруы тиіс, мұнда оқытудың тек мәлімет беретін түсіндіру – көрсету технологиясымен шектелуге болмайды. Қазіргі жаңа ақпараттық қоғам түрлі мәліметтермен жұмыс істеп, қойылған мақсатқа жету жолында алдыңғы қатарлы информациялық мәдениеті бар, яғни компьютерлік информациялық технологияларды, жаңа техникалық құралдар мен тәсілдерді пайдаланатын мамандарды керек етеді.
Алғашында информатика пәні бойынша терминдер мен анықтамалардың күрделілігі оқушылардың материалды теориялық түрде толық меңгере алмау қиындығы кездесті. Әсіресе, үлгерімі нашар оқушылардың қиналатындығына көзім жетті. Оқушылардың басқаны қабылдау және түсіну субъектілік қасиетін дамытуда диалогтік оқыту әдісіне көңіл бөлдім. Ол үшін қорытынды кезеңдегі көрсеткіштер мен әдістерді анықтап, өзімнің жеке және кәсіби даму жоспарымды қайта қарап толықтырдым.
Біліктілікті арттыру курсының негізгі бағдарламасы – мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс-тәсілдері жаңа бастама болып отыр. Сол бағдарлама сындарлы оқытуға негізделіп отыр. Бұл теория оқушының тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру болып табылады. Оқушы сабақ барысында жан-жақты дамып, сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді. Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті.
Диалог негізінде оқыту білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс ретінде «Диалог арқылы оқыту» қарастырылған, себебі ол әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі.
Әр сабақта оқушылардың бұрыннан білетін білім, біліктерін ескеріп, соларды еске түсіруге тапсырмалар беріп, одан әрі осы тапсырманы жаңа білімді игеруге бағыттап отырамын. Сондықтан әр оқушыға сабақтың барысында тақырыптың мазмұнына сай мақсат қоя білуге, сабақ соңында мақсатына жету, жетпеу себептерін өздеріне айтқызамын. Дереккөздерге сүйенетін болсақ оқушылардың ойында алған ақпараттарды талқылау кезінде 50 % практикалық жұмыста 75% және білім беру 90% дейін сақталатыны берілген. Жаңа материалды оқушының өздері талқылай отырып меңгерсе тиянақты болады. Сонымен бірге пән мұғалімі ретінде сабақ беретін сынып оқушыларының қызығушылығын, мүмкіндіктерін, бейімдерін ескеріп отырамын. Сабақ барысында оқушыдан жаттанды жауап алудан гөрі жаңа материалды өздерінің таңдап, талқылап түсінуіне, өз ойларын қорықпай ортаға салуына бағыттаған әдістерді қолданамын. Әрбір оқушының сабақ соңында қойған мақсатына жетуін сұрап, өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға үйретемін. Тапсырмаларды бірлескен, топтық, жұптық түрде беремін, оқушылар өзін-өзі және басқаны басқаруға, құрметтеуге үйренеді. Бірігіп жұмыс істеу балалардың ақыл-ойының дамуына және олардың оқуына әсер етеді. Психолог Л.С.Выготский адамдардың іс-тәжірибесін қарым-қатынас жасау арқылы меңгеруімен бала дамиды,- деп тұжырым жасаған. Баланың тапсырманы орындауының 2 түрі болады,- дейді Выготский. Біреуі өз бетімен орындау, біреуі үлкен адамдармен бірлесе орындау. Выготский қарым-қатынасты, білім берудің негізгі құралы деп, диалог құру барысында оқушы білім алады деп есептейді.
Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер етеді. Диалог кезінде білімді бірлесіп алады. Мерсер әңгімелесудің 3 түрін ұсынады.
- Әңгіме-дебат
- Топтық әңгіме
- Зерттеушілік әңгіме
Осының ішіндегі тиімдісі әңгіме-дебат оқушыны дамытады. Оқушылар ортақ проблеманы шешуге талпынып, бірлесіп жұмыс істейді. Әркім өз идеясын қорғауға тырысып, ортақ мәмлеге келеді. 7 сыныптағы сабағым «Компьютерлік желі, оның түрлері» тақырыбы. Мақсаты: оқушылар компьютерлік желі, түрлері және топологиясы жайлы түсінік алады, практикалық жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Сабақта ынтымақтастық жағдайын қалыптастырудың өзін интерактивті тақтадан «Музыкамен тілек» слайдын көрсетуден бастадым, нәтижесінде оқушылар топқа ұйымдасып, көңіл-күйлері жақсарғанын байқауға болады, яғни оқушының қызығушылығы оянды. Келесі кезең үй тапсырмасын тексеруде сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тәсілдерінің бірі «сәйкестендіру тест» жауабын, бағалау критерийімен тақтадан көрсетіп, тапсырманы жұпқа тапсырдым. Мұнда ең алдымен мен уақытты үнемдедім және оқушының диалогтік қарым-қатынаста болуын қамтамасыз еттім. Тесте барлық оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша жауаптарын сәйкестендіріп белгіледі. Бірін-бірі тақтадан жауаптарымен тексеріп, өз жұптарын бағалады. Жаңа тақырыпты сызба көрсетіп, «Сызбадан не көріп отырсыңдар? Компьютерлер неліктен бір-бірлерімен кабельдер арқылы жалғанады? Оның қандай қажеттілігі бар?» — деген сыни сауалдар қою арқылы, жаңа тақырыпқа келдім. Выготскийдің оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс сыныпта тіл қаншалықта қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Осыны ескере отырып, сыныпта оқушылардың диалогті оқуын назардан тыс қалдырмадым. Тақырып арқылы мақсат қою үшін, топпен ақылдаса отырып, өз ойларын, сабақтан не білгілері келеді, пікірлерін білдірді. Мен әр топтың ойларын тыңдап, сабаққа қызығушылықтарын оята келе, ортақ мақсатты айттым. Сонымен қатар, оқулықпен, қосымша ресурстармен танысып, постер жасауға жеті минут уақыт беру арқылы қолдандым. Бұл тапсырманы орындауда топтағы барлық оқушылар білім беру үдерісінің субъектісі ретінде бірін-бірін тыңдауға, қабылдауға үйренді. Жергілікті желі арқылы оқушылар бір-бірлеріне компьютер арқылы, орындарынан тұрмай-ақ, қонаққа баруға болатынын, ортақ желіге біріктірілген принтер арқылы бірнеше компьютерден қағаз басып шығаруға болатынына қызығушылық танытты. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді және балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді және формалді түрде оқуды азайтады. Электрондық оқулықтан компьютерлік желі жайлы бейнежазба көрсету арқылы, сабақты бекіттім. «Электрондық пошта. Электрондық пошта арқылы хат алмасу» тақырыбында жаңа тақырыпқа келу мақсатында оқушыларға «Қалай ойлайсыңдар, ертеректе адамдар бір-бірімен не арқылы байланысқан?, пошта арқылы жіберілген хат қалай және қанша күнде тиісті жеріне барады деп ойлайсыңдар?, техниканың дамыған заманында бірер секунд ішінде хат алмасуға болады ма және қалай? — деген сауалдар арқылы топта жұмыс істеуге тапсырма бердім. Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушының оқуының ажырамас бөлігі болып табылады. Сол әңгімелесудің бірнеше түрі бар. Олар: Топтық әңгіме оқушыларға топтық тапсырма беру барысында жүзеге асты. Топтағы оқушылар берілген тапсырманы ақылдаса отырып талқылап, ортақ шешімге келді. Бұл тәсіл сыныптағы баяу, енжар оқушының сабаққа қатысуына жол ашты. Себебі ол достарымен бір топта жұмыс істеп, сұхбаттасты. Тапсырмаларды орындап белсенділік танытты. Топ жұмысына үлес қосып, бір қырынан көрінді. Оқушылар топпен, өз ойларын ашық, анық дәлелдемелермен жеткізе білді. Балалар сабаққа белсенді, қызығушылықпен қатысты, себебі топ мүшелері бірге жұмыс жасауға тырысты, топта ынтымақтастық атмосферасын құра отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туды.
Мектептерде «оқушы үніне» баса назар аударылып келеді. Джин Раддок «оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушыларамен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады. Осы орайда, шығармашылық жұмыс тақырыбында оқушылардың шығармашылығын дамыту барысында топқа үйге «Интернет» тақырыбына ертегі құрастыру, «Компьютерлік желі» тақырыбына коллаж жасау, «Электрондық пошта» тақырыбына презентация жасау тапсырылды. Бұл сабақта мен оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасағанын және топпен жұмыс арқылы бір-бірлерін үйрете, өздері шешім қабылдап, біршама реттелгенін байқадым. Мен тек бақылаушы, бағдар беруші рөлін атқардым. Сабақ тиянақты білім беруге мақсатталды.
Оқушылардан мектеп психологымен бірлесе отырып, Тұлғаның өзін — өзі өзектеу диагностикасы және Томас тесті алынды. Мақсаты: Оқушылардың қарым — қатынасын, уақытын тиімді қолдануын, шығармашылыққа ұмтылуын, танымдық қажеттілігін анықтау. Зерттеу бойынша оқушылардың уақытпен байланысы — орташа, құндылықтары — негізгі құндылықтар, әдемілікті, қайырымдылықты, әділдікті, тәртіпті бағалайды. Бұл құндылықтардың болуы- өмірде гармонияда, адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болуы. Қарым-қатынас белгісі басқа адамдармен тұрақты және жағымды қарым-қатынасқа түсе алады. Көрсеткіші орташа. Қарым-қатынастағы ептілік өзін қарым-қатынаста әлі де ашық көрсете алмайтын көрсеткіші орташадан төмен оқушыларда кездесті. Түрлі бағытта жұмыстарды мектеп психологымен бірлесе жүргіздім.
Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдаған және балаларды диалог пен дәйектер арқылы талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда, олардың оқуы тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде.
ӘДЕБИЕТ
1. Психология. Январь 8, 2012 г. Алдамұратов.Ә., Выготский Л.С.
2. Кичева И.В. Обогащение педагогической терминологии в 90-е годы XX века. — Пятигорск, 2004. С. 322-326
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы «Қазақстан мектебі», №2 2004 жыл, 8 бет.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы, «Жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Астана қ., 2010 жылғы 29 қаңтар «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 30 қаңтардағы N 33-35 (25881)
5. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.-Астана, 2010.
6. Лисина М.И.Потребность в общении2002,М.: Педагогика, 1986. С.31–57