Бүлдіршіндердің отбасына құрмет, отансүйгіштік сенімдерін қалыптастыруда Наурыз, Тәуелсіздік күні сынды мерекелерді атап өтудің маңызы зор. Ата-аналармен бірлестікте аталған шараларға ерекше шабытпен дайындаламыз. Өз тәжірибемізден 8-наурызға арналған «Ортеке» тобында өткен тәрбие сағатының сценарийін әріптестерімізге ұсынбақпыз.
Тақырыбы: «Айналайын ақ мамам».
Мақсаты: Балаларға 8-наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау.
Балалар әсем әуенмен кіреді, 3 тілде тақпақ айтады.
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті – аналар! – дей отырып «8-Наурыз халықаралық әйелдер күні» құтты болсын. Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Ендеше осынау мерекелеріңізбен сіздерді құттықтауға келген балаларды ду қол шапалақпен ортамызға шақырайық.
Музыка залына әсем әуенмен балалар кіреді.
Ән: «Ақ мамам»
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
Аман сау жүр ақ мамам.
Қ/сы:
Күлімдеген көзіңнен
Күн мейрімі сезілген
Бұл жалғанда балаға
Жақын жан жоқ өзіңнен
Жақын жан жоқ өзіңнен
Маша: (Маша адасып, әнін айтып, гүл теріп кіреді.)
— Ой балалар мен қайда келдім?
— Мен жан – жағыма қарамай адасып кетіппін?
— Мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: -Балалар біз бүгін қандай мереке тойлап жатырмыз?
Балалар: 8-наурыз аналар мерекесін.
Жүргізуші: ия, дұрыс айтасыңдар. Маша, бүгін сіздің де мерекеңіз, көңіліңізді түсірмеңіз. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ортаға мың бұралған қыздарымызды шақырамыз.
Би: «Испан биі».
Біздің балалардың аналарға арналған тақпақтарын тамашалаңыздар:
1. Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
2. Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
3. My dear, dear Mummy
I love you very much.
I want you to be happy
On the eighth of March!
4. Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.
Маша: (Маша ұйқыға кетеді.)
Аю: (Аю үйінен шығып, Машаны ұстап алады.)
— Ой–охо хо, маған көмекші табылды. Пеш жағып, маған ботқа пісіріп, үй шаруасымен айналысатын боласың.
Жүргізуші: Аю, бүгін бізде мереке, Машаның да мерекесі, аю сіз де бізбен бірге мереке тойлаңыз.
Аю: жарайды, балалардың өнерін тамашалайын.
Жүргізуші: Ендігі кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Анашым» орындайтын:
Маша: Балалар, менің де өнерім бар. Сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Әжемнің сандығы».
Жүргізуші: Балаларымыздың аналарға арналған тақпақтарын тыңдайық:
1. Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
2. Менің әжем,ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып берер тағы әжем.
3.That is your mother
I agree, she is fine.
You love your mother,
And I love mine.
4.Маму любят все на свете
Мама первый друг
Любят мам не только дети
Любят все вокруг
Жүргізуші: Ортада қыздарымыздың көрінісін тамашалаңыздар.
Маша: (Маша бәліш пісіруге үйіне кіріп кетеді.)
Аю: Мереке деген керемет екен ғой, менімен де ойын ойнаңдаршы.
Ойын: «Сыпырғыш пен шар»
Балалар сыпырғыштың көмегімен шарды кедергіден өткізу.
Маша: Мен бүгін Әжем мен Анамның мерекесіне арнап бәліш пісіріп едім, апруға рұқсат етіңізші.
Аю: жоқ, бағанадан бері балалардың өнерін тамашалап, ұмытып кетті,- деп тұрсың ба?
— Өзім апарып беремін.
Маша: жарайды деп қуанады. Аю, сізге қоятын шартым бар, қораптың қақпағын ашпаңыз. Бәліштерді жемеңіз. Мен мына дүрбімен қарап отырамын.
Аю: — Балалар, өнерлерің үстем болсын. Мен мына Машаның бәлішін апарып берейін, сау болыңдар.
Жүргізуші: Маша біздің ұлдардың биін тамашалаңыз.
Би: «Жігіттер».
Маша: Балалар, өте өнерлі екенсіңдер, енді мен де Әжем мен Анамды мерекесімен құттықтайтын болдым, бірақ үйімді қалай тапсам екен.
Жүргізуші: Маша, сен еш мұңайма, әжеңді де анаңды да құттықтайсын, сізге арнап балалармен мынандай сыйлық дайындап қойдық. Мынау сізге компос, аюдан бұрын жол тауып тез жетуіңіз үшін. Мынау сізге құттықтау қағазы балаларымыздың жасаған қол өнері.
Маша: Рахмет, балалар! Аналар сіздердің де мерекелеріңізбен құттықтаймын. Меніңде балаларға арналған сыйым бар. Қабыл алыңдар, балалар.
Сау болыңдар деп шығып кетеді.
Жүргізуші: Сау бол, Маша! Біздің атымыздан Әжең мен анаңды мерекелерімен құттықтап қой.
Келесі кезекте әсем әуенмен «Ақ әжем» тамашалайық.
Ән: «Ақ әжем»
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Шөлдедің бе, ай дана әжем.
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, әжелер, әріптестер! Көңілдеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын деп осымен бүгінгі «Айналайын ақ мамам» ертеңгілігімізді аяқтаймыз.