+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 23 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Шынықсаң шымыр боласың

Алалжанов Асхат Өміртайұлы, Радиотехника және байланыс колледжінің жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы, Семей қаласы

Дене жаттығуларының ашық ауада өткізілетін түрлері – жеңіл атлетика. Жеңіл атлетиканың жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйелеріне тиімді әсері бар және жүгіру, секіру, тас лақтыру жаттығулары бұлшық еттерге пайдалы. Ашық ауадағы жаттығулар жасаудың тиімділігі зор. Ұлы ғұламаларының бірі – Сүлеймен Бақырғани өзінің “Бақырғани кітабы” еңбегінде адам өмірінің күн тәртібі мен оны сақтаудың маңызын ашады.

 

Таңсәріде тұруды “әдет қыл” дейді дағы, оның оның пайдасын тізбектеп келтіреді. “Шынықсаң шымыр боларсың” дегендей, спорт — денсаулық кепілі екенін жете түсіну, ең басты байлық – денсаулық екеніне көңіл бөлу қажет. Себебі спорт – адамның ой-өрісін арттырады, кез келген құбылысқа қызығушылығын оятады. Дене тәрбиесі – денсаулық кепілі. Қазақ елінің ақыны, педагог Мағжан Жұмабаев: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады бақытты өмір» — деп, дене тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді.

Гимнастика оқушының бұлшық еттерінің бірқалыпты жетілуіне, салмағын реттеп отыруға, денесінің сергек болуына көмектеседі. Жүгіру жасөспірімнің дамуына, бойының ширақ, аяқ бұлшық еттерінің қатая түсуіне зор әсер етеді. Дене шынықтыру мұғалімі қандай сабақ түрін өткізсе де, оқушылардың алдында үлгі тұтарлықтай болуы керек, себебі шәкірт көргенін істейді. Ендеше мұғалім сабақ үстінде көрсету тәсілін қолдануда өзі үлгі бола білу керек. Тек сонда ғана оқушыны сабаққа қызықтыра алады. Жаттықтырушы міндетін атқарып, оны абыройымен жүргізгенде ғана мақсатыңа жетесің. Спорт немесе дене қимылы тынымсыз жұмысты талап етеді: күнделікті жаттығу, жүгіру дененді ширатса, денсаулығының кепілі. Жеңіл атлетика – ежелден келе жатқан спорттың бір түрі. Жеңіл атлетикаға жүгіру, секіру, лақтыру жатады. Әр түрлі қашықтыққа жүргізу 30 м, 60 м, 100 м, 200 м, — 800 м – 1500 м – 3000 м, 5000 м – 10000 м және марафон 42 шақырым 195 м жүгіру жатады. Әр қашықтықтағы жүгірудің техникасы мен жарыста жеңу техникасы өзгеше. Мысалы, қысқа қашықтық пен ұзақ қашықтықта жүгірудің айырмасы бар. Кейде жүгіру жылдамдығы ауа-райына немесе қарсыластардың күштілігіне байланысты болады, сол жерде спортшы бірден өзінің ақылына жүгініп, жылдамдық тактикасын өзгертеді. Жаттығу кезінде әр түрлі жаттығулар арқылы әрбір дене мүшесінің бұлшық еттері шынығады. Шыныққан денеге кейде арнайы массаждар жасап, ия болмаса ыстық моншаға түсу арқылы бұлшық еттерді босаңсытып демалдырады. Тыныс алу органдары да кедергісіз жұмыс істеу керек, сондықтан жаттығулардан кейін суық су ішпеу, суық тигізбеуге тырысу абзал. Жаттығудан кейін шөлдесе көп су ішуге болмайтын себепті, адам ағзасы суды аз мөлшерімен толтыруы тиіс. Суды тек ауызды, тамақты кебуден сақтау үшін жай ғана шайып тұру керек. Жеңіл атлетика жаттығу киімдері жұқа және жеңіл болғаны дұрыс, жүгіруге ыңғайлы киім, қысқа қашықтыққа арнайы шеге табанды аяқ киім киген дұрыс. Сондықтан мектептегі оқушылар мен колледж студенттерінің мүмкіндігінше жеңіл кроссовка, резина табанды жұқа кедалар кигені абзал. Жүгіру денсаулық үшін өте пайдалы, сондықтан да жүгіруді жас кезден бастап дағдыға айналдырған дұрыс. Әдетте жүгіруді спорттық немесе жене жаттығуы үшін пайдаланады.

Дене шынықтыруға жай ғана жүгіріс немесе жаяу жүгірудің пайдасы ұшан теңіз. Жеңіл атлетикалық жаттығуды ойын және дәріс түрінде өткізу әлдеқайда тиімді және ашық ауада өткізген жөн. Дене шынықтыру – өсіп келе жатқан ағзаны жаттығулар жасау арқылы қоршаған ортаға бейімдеу. Дене тәрбиесі — жаттығулар жасау арқылы адам денесінің дұрыс өсіп қалыптасуын тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жүйесінің мәні – жасөспірімнің денсаулығын дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтының қажеттіліктеріне тәрбиелеу болып табылады. Дене тәрбиесі сабағында барлық міндеттер мына үш бағытта жүргізіледі:

1.Үйрету. 2.Тәрбиелеу. 3.Білім беру.

Біліктілікті арттыру – басты міндет. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық, білімді және ақпаратты коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болуын қалайды және талап етеді.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype