+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Дүйсенбi, 23 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

«Біз Отаның сарбазы» (ашық сабақ сценарииі)

Кабдешова Толкын Шукурканкызы, Өскемен қаласы әкімдігі «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ-нің жанынан ашылған «Жауқазын» шағын орталығының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелесіп осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердың рухына бас ие отырып ,балаларды отан қорғауға, Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батылда ержүрек болуға үйрету. Елін жерін, жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:

Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.      

Айша:

Ойлап-ойлап тұрдым көп,

Қуанышты мереке

Жеңіс күні қай күн? — деп.

Дәулет:

Атамнан да сұрадым,

Көкемнен де сұрадым.

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

— Дұрыс, — десті, — сұрағың!

Бейбіт күні бәрі де —

Жеңіс күні, шырағым!

Нұрасыл:

Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоям алау-қабырға!

Еске алып атамды.

Үн қосамын дабырға.

Айбын:

Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Ән: «Атамекен»

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі. Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.

Муслима:

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды.

Бейбітшілік болса,

Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

Бейбітшілік болса.

Ұлағат:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап,тау құлап…

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ…

Айзере:

Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік. 

Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары- деп келесі кезекте «Ел қорғауға әзірміз» «Солдат болам мен ертең» атты әнін қабыл алыңыздар!

Әлижан:

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды

Әлімжан:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

Би: «Ақ көгершін» биі

Жүргізуші:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтарының амандығын ойлайды.

Жүргізуші:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен кәне бәрің түрегел!

Хор: Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әні.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype