2019 жылдың 22 сәуірінен бастап 3 мамыр аралығына дейін Семей қаласында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-ның ұйымдастыруымен тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы және құқық негіздері» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» курсы өтуде. Курс «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ тренері Кенжехожаева Л.Ш басшылығымен өткізілуде. Қайта даярлау курсын 35 тыңдаушы өтуде. Орта білім беру мазмұнын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайында тарих пәні бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі жетілдірілуде. Осы уақыт ішінде мұғалімдер нормативтік құжаттармен және жаңартылған оқу бағдарламаларымен танысып, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін игеруде. Оқу мақсатына қол жеткізуде, оқушылардың қабілеттерін ескеріп, сараланған тапсырмаларды дайындау жолдарын қарастыруда.
«Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады», — деп К.Д.Ушинский айтқан екен. Сол білімімізді көтеру жолында бізге жаңартылған білім берудің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы тиянақты да, сапалы білім беріп жатқан тренеріміз Л.Ш.Кенжехожаеваға курс тыңдаушыларының атынан зор алғыс білдіреміз. Болашақ кемел Қазақстанның жаңаша білім беретін ұстаздарының білімін жетілдіру жолындағы үлкен жұмысты абыроймен атқарып жүрген ұлағатты ұстазға шығармашылық табыс тілейміз.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдыретті деп санайтын білімді, жаңашыл мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.