Әрбір спикерлерге 7 минуттан сөз берілді. Қысқа, нұсқа негізде 12 ұстаздан тұратын алғашқы топ өз жұмысын өте сәтті қорғап шықты. Қатысушылар бұл іс-шарадан соң, келесі айда өзінің оқыған әңгімесімен бөлісетін ұстаздарға «келесі қатысушы спикер» бейджигін тапсырды. 14 оқушы — оқырман «Әр адамның өмірлік досы — кітап» тақырыбына қатысып орысша, қазақша өз ойларымен бөлісті. Спикерлер оқыған кітаптарының мазмұны бойынша қызықты оқиғаларды, күлдіргі сәттерді шебер пайдалана отырып, өмірімен байланыстыра тыңдармандармен бөлісті.
Қазіргі таңда «кітап оқымайды» деген қалыптасқан пікірге қарсы RED х-ке қатысушылар бұл ойдың дұрыс еместігіне көзімізді жеткізді. Кері байланыс арқылы тыңдармандардың ұтымды ойы көңілден шықты. З. Ахметованың «Шуақты күндер», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», Ш.Жиенқұлованың «Өлеңім — өмірім», І. Есенберлин «Қаһар», Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар», О.Бөкейдің прозаларымен т.б. шығармаларын ұсынса, оқушылар С.Мұратбековтың «Жабайы алма», М.Шаханов «Нарынқұм зауалы», жапон жазушысы Р.Киосакидің «Богатый папа, бедный папа», Ник Виучич «Жизнь без границ», М.Е.Салтыков – Щедриннің «Примудрый пискарь» және т.б авторлардың көркем шығармалары тыңдалды. Кері байланыс жасау барысында өте қызықты жеткізе алған спикерді таңдау ұсынылды. Көпшілік дауыспен «Примудрый пискарь» ертегісін шебер жеткізе білген 10 — сынып оқушысы Құдайбергенов Олжас жеңімпаз атанды. Қатысқан оқырмандарға «Алғыс хаттар» тапсырылды.
Мазмұнды сөйлеген спикерлерді тыңдаған оқырмандар, кітапханадан кітаптар ала бастады. Бұл кітапхананың оқырмандарды оқуға қызығушылығын арттырудағы жұмысының жандана түскенін байқатты.
Осындай жобалардың тиімді әдіс-тәсілдері — бүгінгі жаңашыл қоғамға өте қажет. Рухани құндылықтарымызды насихаттау — уақыт күттірмейтін кезең.