Армысың, шапағатты күн ана!
Армысың, мейірімді аспан ана!
Армысың, мейірімді жер ана!
Армысың, менің достарым!
Здравствуйте, солнце золотое,
Здравствуйте, небо голубое,
Здравствуй, веселый ветерок,
Здравствуй, мой дружок!
Good morning, good morning
Good morning to you
Good morning, good morning
I’m glad to see you
Тосын сәт: Есік қағылып, хат келу.
Хат: Сәлем, балалар! Балалар біз сендерді Балапан телеарнасындағы «Жас ғалымдар» бағдарламасына түсуге шақырамыз. Бағдарламада сендерге көптеген тапсырмалар беріліп, сұрақтар қойылып, ойындар ұйымдастырылатын болады. Сәлеммен: Бағдарлама ұйымдастырушылары
Бағдарлама алаңына бару. Телестудияға жету үшін табиғатта жүру ережесін айтып бару.
Мына жердегі жасыл, көк түсті бейдждарды таңдап алыңдар. Көк түсті бейдж алғандар – «Тілшілер»; жасыл түсті бейдж алғандар- «Жас ғалымдар» болып бөлінеді.
Бағдарламада табиғат туралы өз ойларымен бөлісесіңдер, әр түрлі тапсырмалар орындайсыңдар. Бағдарлама тікелей эфирде болады. Біздің байланыс телефонымыз: 26-52-33. Сұрақтарыңыз болса хабарласыңыздар.
ІІ.Негізгі бөлім:
1-тапсырма: Ауа – райы болжамымен танысу: (Жеке)
Мақсаты: Табиғаттағы ауа райының жағдайларын бақылау және бақылаулардың нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеу жағдайларын жетілдіруді жалғастыру.
Шарты: 1 — Тілші табиғат күнтізбесіне ауа райын белгілеп, таныстырады.
2-тапсырма: «Сұрақ – жауап» (Жеке)
Мақсаты: Өлі және тірі табиғат туралы білімдерін байыту. Қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Шарты: Тілшілер ғалымдарға бірнеше сұрақтар қояды. (Бейджиктерінің артында микрофон суреті бар балалар сұрақ қояды)
Тілші: Табиғат дегеніміз не?
Ғалым: Табиғат дегеніміз – бізді қоршаған орта.
Тілші: Табиғаттың неше түрі бар?
Ғалым: Табиғат 2 – ге бөлінеді. Тірі табиғат және өлі табиғат. Тірі табиғатқа адам, өсімдік, жануарлар, жәндіктер, бауырмен жорғалаушылар жатады. Өлі табиғатқа тау, тас, құм, су, ауа, күн, жаңбыр, бұлт жатады.
Тілші: Табиғат неге тірі және өлі табиғат болып бөлінеді?
Ғалым: Тірі табиғат – өседі, өнеді, қоректенеді, көбейеді. Өлі табиғат — өспейді, қоректенбейді, көбеймейді.
Көрермендерден қоңырау:
Тәрбиеші: -Алло, сәлеметсіз бе, сіз «Жас ғалым» бағдарламасымен байланыстасыз. Тыңдап тұрмыз…
Көрермен: -Алло, сәлеметсіздер ме, жаңа сіздер өлі табиғатқа құм жатады деп жатырсыздар. Сол құм туралы мәлімет берсеңіздер.
3-тапсырма: Тәжірибелік жұмыс: «Құм» (Жеке)
Мақсаты: Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын, зейіндерін дамыту.
Шарты: 2 ыдыста құрғақ құм және су құм болады. Түтікшемен үрлеу; құрғақ құм қозғалады, су құм қозғалмайды. Қолмен ұстап көру, құрғақ құм судырақ, қолға тоқтамайды, су құм нығыз, қолға ұстап тұруға болады.
Сергіту сәті:
Жел соғады, соғады
Құстар жерге қонады.
Көбелектер тығылып
Дір – дір етіп тоңады
Жел кенеттен тынады,
Күнде бұлттан шығады
Шегірткелер секіріп
Араларда ұшады.
Балалар қимылмен орындайды.
Тәрбиеші: -Бағдарлама ұйымдастырушыларының сендерге дайындаған тапсырмалары бар екен.
4-тапсырма: Д/О: «Топтастыр» (Топтық)
Мақсаты: Көкөністер мен жемістердің 4-5 түрін танып, атай білу; жәндіктер мен бауырмен жорғалаушыларды танып, атай білу дағдыларын бекіту. 5-ке дейін тура және кері санауды жетілдіру. Топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс талдап, қорыта білуді дамыту.
Шарты: Үлестірмелі материалдармен жұмыс: 1 топқа көкөністер мен жемістер беріледі, олар ажыратып топтай білулері керек. 2-топқа жәндіктер мен бауырмен жорғалаушылар суреттері беріледі, ажыратып топтастырады. 5-ке дейін тура және кері санйды. Топтарды салыстырып, қайсысы артық, қайсысы кем екендігін ажыратады.
5 — Тапсырма: «Пантомималық ойын» (Үй және жабайы жануарлар)
Мақсаты: Үй және жабайы жануарлар, олардың сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту. Әдеби кейіпкерлерді дене пластикасы, ым, дауыс, мимика арқылы құру дағдыларын дамытуды жалғастыру.
Шарты: Карточкаларда жасырынған үй және жабайы жануарларды қимылмен көрсету. Көрермендер қай жануар екенінтауып, сипаттап айтады.
Біздің бағдарлама өз соңына таяп қалы. Бағдарлама ұйымдастырушылары сендерге алғыстарын білдіріп жатыр. Олай болса тобымызға қайтаайық.
ІІІ.Қортынды бөлім: Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.
Берілген тапсырмаларды қиналмай орындаған балалар көңілді күннің суретін, ал тапсырма орындау барысында қиналған балалар көңілсіз күннің суретін таңдап алсын.
Таңдап алынған көңіл - күйлерге байланысты сұрақтар қойылып, балалардың жауаптары тыңдалады.
Күтілетін нәтиже/ Ожидаемый результат:
Білу / Знать: Табиғаттағы ауа райының жағдайларын бақылау және бақылаулардың нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеуді; Үй және жабайы жануарлар, олардың сыртқы келбеті, қозғалу және қоректену тәсілдері туралы; Көкөністер мен жемістердің 4-5 түрін таниды, жәндіктер мен бауырмен жорғалаушыларды танып, атай біледі;
Түсінуге тиіс / Иметь: Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануды, топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс талдап, қорытуды.
Істей білу керек / Уметь: сұраққа толық және нақты жауап береді, қарапайым тәжірибелерді орындайды. Әдеби кейіпкерлерді дене пластикасы, ым, дауыс, мимика арқылы көрсетеді.