Дамытушылық: Өзгелердің көңіл-күйін түсіну және қалыпты ұстай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өзіне және қоршаған ортаға позитивті қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, музыка терпиясы, психологиялық жаттығулар.
Қажетті материалдар: көңіл-күй таңбалары (смайликтер), көңіл-күй текшесі, муз.диск, суреттер.
Қатысушылар: «Жұлдыздар» орта тобы
Барысы: Ұйымдастыру сәті:
Жаттығу: «Амандасу – сәлемдесу» Балалар жүргізушімен бірге музыкамен топқа кіріп, шеңбер жасап тұрады, бір-бірінің аттарын атайды, бір-біріне амандық сөздерін айтады. Қайырлы таң, Әли! «күліп, басын изейді)
Қайырлы таң, ….! ( жүргізушінің атын атайды)
Қайырлы таң, қонақтар!
Психолог: Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Көңіл-күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы, тамаша, керемет ( бас бармақтарын жоғары көтеріп көрсетеді)
Психолог: Бүгін менің де көңіл-күйім өте тамаша болып тұр. Осы көңіл-күйімді сендермен бөліскім келеді. Олай болса бір – бірімізге жақсы көңіл-күймізді жымию арқылы берейік.
Жаттығу: «Көңіл-күйіңмен бөліс» Балалар бір-біріне қарап күлімдейді, езу тартып жымияды.
Психолог: Жарайсыңдар, балалар! Күлкілерің қандай әдемі! Енді орындарыңа отырыңдар.
Балалар орындарына отырады
Психолог: Балалар, көңіл-күй әлемінде болып көрдіңдер ме?
— Жоқ.
— Ендеше ыңғайланып отырып, денемізді бос ұстаймыз, көзімізді жұмамыз. Көңіл-күй әлеміне аттанамыз. (Музыка ойнап тұрады) Ал енді көздеріңді ашыңдар. Міне, біз ғажайып көңіл-күй әлеміндеміз. Балалар, менің қолымда не?
— Смайликтер.
— Дұрыс. Олардың көңіл-күйлері әртүрлі екен. Олай болса олардың көңіл-күйлерін тауып көрейікші?! Мына смайликтің көңіл-күйі қандай?
— Ашулы.
Осылайша балалар барлық смайликтердің көңіл-күйлерін ажыратып айтады: күліп тұр, таңданып тұр, қорқып тұр, мұңайып тұр, ренжіп тұр.
— Бұл елдің тұрғындары сендер сияқты саяхатшыларды өте жақсы көреді екен. Сендерге арнап тапсырмалар дайындап қойыпты. Ал енді мына суретке қараңдаршы: Суреттегі қыздың көңіл-күйі қандай?
— Көңілді.
— -Дұрыс. Ал көңілді екенін қайдан білдіңдер?
— Күлімдеп тұрғанынан.
— Дұрыс айтасыңдар. Біз үндемей қуанамыз және қатты қуанамыз. Солай ма?
— Иә
— Үндемей, тыныш қуанып көрейікші. «Балалар тыныш отырып қуанады, езу тартады»
— Ал енді қатты қуанамыз.
— 1,2,3 Ура! Орнындарынан тұрып секіреді.
— Ал енді мына суретке қараңдаршы баланың көңіл-күйі қандай деп ойлайсыңдар?
— Көңілсіз.
— Көңілсіз екенін қайдан білдіңдер?
— Көзінен. Аузынан.
— Мүмкін ол ауырып тұрған болар…..
— Кәне, олай болса бейнелеп берейік. (Балалар көңілсіз күйді бейнелейді).
— Ал мына смайликтің көңіл-күйі қандай екен?
— Ашулы.
— Ал сендер қай уақытта ашуланасыңдар? (балалардың жауаптары)
— Кәне, бейнелеп беріңдерші (жұдырықтарын жұмып, қабақтарын түйіп жерді топылдатады)
— Сендер балалар таңданып көрдіңдер ме?
— -Иә. Ал таңданған кезде бет-әлпетіміз қалай өзгереді?
— Аузымыз ашылып, көзіміз шарасына шығып кетеді. Мысалы, сендерге аналарың ерекше бір ойыншық алып берді. Қатты таңданып не дейсіңдер: Керемет! Күшті!
— Көңіл-күй елінің тұрғындары сендерге арнап қорап дайындап қойыпты. Бұл жай қорап емес сиқырлы қорап екен. Ойын ойнағыларың келе ме?
— Иә.
— Ойын: «Көңіл-күй текшесі» ойынның шарты түсіндіреді. Балалар текшені кезекпен лақтырады, көрген көңіл-күйін бейнелейді.
Шынында да балалар кейде біз қуанамыз, кейде ренжиміз әртүрлі көңіл-күйде боламыз. Көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы.
— Ойын сендерге ұнады ма балалар?
— Иә
— Жарайсыңдар!
— Тағы бір ойын бар екен ойнаймыз ба?
— Иә
— Мен сендерге сөйлемдер айтамын. Ал сендер «біз де!» жауап қайтарасыңдар.
— Мен сендермен жақсы көңіл-күйіммен бөлісемін.
— Біз де!
— Мен сендерге әдемі күлкімді сыйлаймын.
— Біз де!
— Мен қуаныштымын!
— Біз де!
— Мен қуаныштан секіремін.
— Біз де!
— Мен сендерді жақсы көремін!
— Біз де!
— Мен сендерді құшақтаймын!
— Біз де!
— Тамаша балалар! Жарайсыңдар!
— Балалар, біздің сендермен көңіл- күй әлеміне жасаған саяхатымыз аяқталды. Бізге топқа бару керек.
Балалар көздерін жұмады. Денелерін бос ұстайды. Өздерін жеңіл, жақсы сезінеді. Іштерінен «Бүгін менің көңіл-күйім тамаша!» дейді
— Ал енді көзімізді ашамыз! Бір-бірімізге қарап жымиямыз.
Рефлексия: — Балалар сендер қайда бардыңдар?
— Не көрдіңдер? – Қалай демалдыңдар?
— Саяхаттан қандай көңіл-күймен оралдыңдар?
— Балалардың жауаптары
— Тамаша!Бүгінгі алған жағымды энергияларың бойларыңда ұзақ уақыт сақталсын! Әрдайым жүздеріңнен күлкі кетпесін! Сауболыңдар!
Психолог балаларды мадақтап, сыйлыққа ойыншықтар таратады.