+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 24 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Жаңартылған білім беру жағдайында ағылшын тілін меңгертудің тиімді жолдары

Семейканова А.Е., «№8 орта мектебі» КММ–нің ағылшын тілі пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Ағылшын тiлi сабақтарының басты мақсаты - шәкiрттерге өз елiнде басқа елдердiң тыныс-тiршiлiгiнен хабардар болып, мағлұматтар алып, жеке бас тәжірибесiн жетiлдiре түсуге көмектесу. Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм деңгейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi. Ағылшын тiлiн үйрену баланың өз бетiнше бiлiм алуына, интермәдениет коммуникациясын бойына сiңiруіне септiгiн тигiзедi.

 

Ағылшын тілін бастауыш сыныптарда үйрету ауызша үйретуден басталады. Әуелі ағылшын тілінің фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы, екпіні, ритмі үйретіледі. Бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаты қарапайым деңгейде меңгеруге бағытталған және шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттіліктері бойынша А1 қарапайым деңгейіне сәйкес келеді. Оқу мақсаттары оқушының сөздік қорын көбейтуге бағытталған. 3-4 сыныптарда оқылым және жазылым дағдыларына баса назар аударылады.

Негізгі орта білім беруге арналған шет тілін деңгейлеп оқытудың мақсаты білім алушылардың негізгі мектепті аяқтағанда В1 деңгейінде тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған. 5-8-сыныптардағы бағдарлама мазмұны 6 бағыттан тұрады: Strand 1: Content, Strand 2: Listening, Strand 3: Speaking, Strand 4: Reading, Strand 5: Writing, Strand 6: Use of English, әрқайсысы оңайдан қиынға қарай даму қағидаты бойынша қойылған оқу мақсаттарына бөлінеді. Дағдыларының дамуына қарай сыныптан сыныпқа, бір деңгейден екінші бір деңгейге көшкен сайын мақсаттар күрделене түседі.

Тілді меңгеруде ең маңыздысы – лексика. Басқа білім салаларының ішінде лексиканың бірінші орын алу себебі мынада кейбір сөйлеушінің сөзінде граматикалық қателер кездескенімен адамдар арасында қатынас болуы мүмкін. Айтушының не айтқысы келгенін тыңдаушы түсінеді. Лексиканы меңгеру үшін түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылады. Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн. Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз – сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру. Контексттерде грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөздерге аударылады.

Яғни граматикалық материалды түсіндіруде қазақша мысал келтіріп, берілген мысалды ағылшынға аударып, екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықтарға тоқталған дұрыс. Содан кейін ағылшын тілінде жасалу жолын (ерекшелігін түсіндіріп өтетін граматикалық материалды бекіту үшін, практикалық жаттығулар көп жасалу керек, мүмкін болса, көбіне оқушылардың өз өміріне байланысты мысалдар келтірген жөн. Оқушыларды міндетті түрде сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге үйрету керек, бірақ ол жаттанды түрде болмауы тиіс.

Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясына байланысты. Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту және сабақта ойын түрлерін қолдануы керек. Өйткені, ойын – көңіл-күй, ойлау күштерін талап ететін, ұйымдастырылған сабақ болып табылады. Әр кез ойын шешім қабылдауды ұсынады, себебі, жеңіске жету мақсаты болады. Осы сұрақтарды шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Пән бойынша алған білімі емес, тіл бойынша дайындығы төмен оқушылар ойында алдыңғы, бірінші болуы мүмкін, себебі, олардың тапқырлығы, жинақтығы ойын барысында көрінеді. Мысалы 1сыныпқа арналған бір сабағымды алып көрсетсем, «About myself» яғни, өзін және отбасымен таныстыру. Бұл тақырыпта оқушы отбасы мүшелерімен танысады. Танысу барысында “This is ” құрлымымен және “my” есімдігімен толықтай меңгеріп шығады. Сондай-ақ бұл құрлымдарды оқулыққа арналған дискіден оқушылар тыңдап, қайталап және көзбен көріп сөйлей алуға дағдыланады.

Қарым-қатынаста қабілеттерін дамыту үшін өлеңдер қолданылады. Әндердің оқушылар үшін қызықтылығы мынада: олардың не жайында айтылатында, қандай әуен түрінде орындалатындығы. Әндер оқушыларға бірдеңе жайлы хабар береді, қызықтырады, яғни қарым-қатынаста бірінші орынды алуға итермелейді. Бұл жағдайды оқушылар шығармашылық жұмыс арқылы, яғни отбасы мүшелері суретін салып және жазып, басында түсіндірілген құрлымды қолданып айтып шығады. Бұл жерден оқушылардың толық жұмысқа қамтылуы байқалады. Осыдан келе сурет салу барысында ән қосымша орындалса, оұушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа деген ынталары, қызығушылықтары молайады. Осы оқулықтан көретініміз, әр тақырыпқа ән бірге берілген және сол әннің бейне баяныда бірге берілген. Оқушылар әндерді үйрену барысында, жаңа ақпараттар алады, шығармашылық қызығушылықтарын қалыптасуына септігін тигізеді. Мысалы, оқушылар, өлеңді үйрену барысында, дене мүшелері мен сезім мүшелерінің, ағылшын тіліндегі атауымен танысады. Эстетикалық мотивация жайлы айтпай кетуге болмайды. Әсіресе, эстетикалық мотивация-ойлауды дамытады, көңіл-күй, ойлау, жағымды сезімдерді қалыптастырады. Бұлардың барлығы оқушылар шет тіліндегі өлеңді сүйіп қызығушылықпен орындаған жағдайда ғана жүзеге асады. Тілді үйрету үрдісінде әндер-дәстүрден тыс мерекелік элемент ретінде білім алушылардың эмоционалды ортасына (кеңістігіне) өз әсерін тигізеді. Өзге оқыту барысында тіл шығармашылығын әуен түрінде қолданғанда, материал тез жатталып, шаршағандарын басады.

Әндерді орындау мынандай қабілеттерді арттырады:

– айту дағдыларын жетілдіреді, дауыс ырғағы және ырғақ артикуляциясындағы нақтылықты жетілдіруге мүмкіндік береді, шет тілі бойынша тілін, сөздік қорын байытады,

– тыңдалым, оқылым дағдыларын, біліктілігін арттырады.

– монологтық, диалогтік айтылуларды қалыптастырады.

– сөйлеудің дайындалған, еркін түрін дамытады.

Оқу материалдарының мазмұнын іріктеу барысында тез жатталатын, эмоционалды, бояуы қанық материалдарды алғаны дұрыс. Сабақ материалдарына нақты кейіпкерлерді енгізген жөн. Жұмыс барысында оқушылармен, оқулықтағы мәтіндерді ғана қолданбай, мұғалім бейнесабақтарды қолдануға мүмкіндігі бар. [2,55б] Ағылшын тілі сабағындағы диалогтар жаңа сөздерді игеруге көмегін тигізуде, нәтиже көрсеткеніндей коммуникативтік әдістер – оқушылардың сабақ барысындағы сүйікті ең көп қолданылатын әдістерінің бірі.

Жас ерекшеліктерін ескере отырып, көп күш түсірмейтін тапсырмалар беруі қажет. Бастауышта ағылшын тілі оқыту кезеңінде әр сабаққа билер және әр түрлі қозғалыс түрлері қолданылады (сергіту сәттері). Бұларды қолдану барысында әрбір оқушыға тілдік материалды сақтау мақсаты қойылады. Өлеңдердің шумақтарын, тармақтарын қолдану күнделікті тәжірибеде негізгі грамматикалық үлгілерін сақтауға септігін тигізеді. Сонымен бірге, оқыту үрдісінде пәнге деген қызығушылығын арттырып, тартымды ойындарға ұласады. [3,30б.]

Ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стнадартқа сай жаңа білім беру — жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.

2. Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012.

3. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011.

4. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype