+7 (708) 440 0179 (WhatsApp)
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.00
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 24 қараша 2026 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 11 - 2026

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Білім беру мазмұнын жаңартуда оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдары

Чехно Ж.Б., «№8 орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Қазір оқушылардың бойына 21-ғасыр дағдыларын дарыту, олардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту білім беру саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Мәселен, оқылым дағдысына келсек, балаларымыз әріп танығанымен зейін қойып оқуға, оқығанын зердесіне құйып өзгеге түсіндіріп беруге шорқақ. Яғни, оқылым дұрыс болмағаннан кейін, айтылымнан да ақсап жатамыз. Ал сондай мәселені түсіндіріп беруге тырысқан, айтылым дағдысы қалыптасқан адамды тыңдай алмайтын да жағдайлар кездесіп жатады. Ойымызды жүйелеп жазып беруге қиналатын сәттеріміз және бар. Мұның бәрі тілдік дағдылардың жете қалыптаспағанын білдіреді. Осы жағдайлардың жаңартылған бағдарламада жан-жақты сөз болатынын, тілдік дағдыларды дамытуға арнайы тоқталатынын айта кеткеніміз жөн. Ол жерде «оқыту үдемелігі» деген жаңа ұғым бар. Оның үш кезеңі көрсетіледі.

 

Оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді,- деді ғалым Хэтти. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың жаңа білімді алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып игеруін көздейтін тұжырымдамаға негізделеді.

Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Осы ретте оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға септігін тигізетін жаттығулармен айналысуға мүмкіндік берілуі аса маңызды болып табылады.

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты — оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.

Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушылар жазған сұрақтарына оқулықты пайдалана отырып, жауаптар жазды. Топтар өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтық оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып түсіндірмелелер жүргізілді. Мұғалімнің түсіндірмесіне қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту қызықты болады. Себебі оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық, әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды. Топтық тапсырмалар орындауда оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды шығарып қана қоймай, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтық қарым-қатынас жасады. Сабақтарымда жұпқа берілген тапсырмада да диалогтік оқыту көрініс тапты, себебі әрбір жұптағы оқушы сұраққа қалай жауап беру керектігін сыныптасымен ақылдасып, парақты толтырып отырды. Құнды сұрақтар қойып, қасындағы сыныптастарынан, басқа оқушылардан жауап алып жатқандығын көріп, топ ішінде тұлғааралық байланыс орнаумен қатар, диалогтік оқыту жүзеге асырылып жатқанын көрдім. Әрбір оқушының бойында белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік сияқты қабілеттер көрініп, оқушылар бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынас жасады. Барлық сабақтарымда диалогтық оқыту көрініс тауып жатыр. Алдағы уақытта оқушыларды ашық сұрақтар, құнды пікірлер, идеялар айтуға дағдыландырып, болашақта қиналмауына себепші боламын. Диалогтік оқытуды ұйымдастыру прoблeмaлық, aқпaрaттық жәнe түсiндiрмeлi, иллюстрaтивтi мaзмұндa жәнe рeпрoдyктивтi жәнe шығaрмaшылық тaпсырмaлaрмeн кeлeтiнiн бiлдiм. Мұндa шығaрмaшылық нeгiзгe құрылғaн тaпсырмa бiрнeшe шaғын тaпcырмaлaрғa бөлiндi. Жұмыcтың бұл түрi бaрлық oқyшылaрдың бeлсeндiлiкпен ic-әрeкeттe бoлуынa жaғдaй тyғызды.

Бала бойындағы қиындықтарды жеңе білу мақсатындағы оқыту әдісінің мазмұнын жаңаша оқыту. Білімді тұлға қайдан шығады? Жаңашыл мұғалімнің баланы дамыта оқытудағы жаңаша еңбегі, балаға ізденіс жолында білім берудегі жұмыс нәтижесінен шығады. Бастауыш сыныпта жаңаша білім беру мазмұнын жетілдіру, жаңашылдық әдістерді мектеп тәжірибесінде қолдану тиімділігімен жүзеге асырылады. Алдағы келешекке сенім мол деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші (ілгеріі) деңгей. 2014ж

2.ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016ж

3.«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж

Share on facebook
Facebook
Share on twitter
Twitter
Share on linkedin
LinkedIn
Share on google
Google+
Share on vk
VK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on email
Email
Share on telegram
Telegram
Share on skype
Skype