Қашанда ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстаған шақта ғана өркениет алға қарай дамымақ. Ол үшін қазіргі таңдағы жеке тұлға өзіндік дәлел нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, көңілді, белсенді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Сондықтан ХХI ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса маңызды болып табылады. Сол себепті жаңартылған оқу бағдарламасының оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне көбірек ықпал етеді деп ойлаймын.
Соның ішінде белсенді оқыту оқушылардың белсенді қызметпен айналысуы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Мысалы: Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуында меңгерту шеберлігі тек белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, оқушы тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсеткен. Сондықтан, мұғалімнің сыныптағы іс-әрететтеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқылуы керектігі жөнінде ойлағаны шарт сияқты. Осыған байланысты егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғысы келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл ашулары керек деп ойлаймын. Оған дәлел « Маған айт — мен ұмытып кетемін. Үйрет маған — менің есімде қалады, өзіме істет — мен үйренемін»,- деген қытай мақалы. Сабақ барысында әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты мұғалім меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді деген, яғни Мерсер құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда ерекше маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып келеді. Баланы оқытудың мақсаты — оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамытуға қабілетті ету деп атап көрсетті Эльберт Хаббарт. Ол үшін мұғалім көштен қалмай өз біліктілігімізді арттыру мақсатымен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы сабақ беру үдерісіне қызықтырума деп ойлаймын. «Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп айтқандай, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті білімді тұлға тәрбиелеу болып отырғаны бәрімізге аян. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, өткізе отырып, тұлғаның жүрегіне сара жол табуы, өмір бойы оқып жемісін көре білуінде. Міне осындай ұстаздардың біліктілігін арттырып отыратын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты. Біліктілігін арттыру институты дегеніміз мұғалімдердің білімдерін үздіксіз жетілдіруін жүзеге асыратын мемлекеттік институт. Мектепте білім беріп жүрген әрбір ұстаз 5 жылда бір рет өз білімін жетілдіруі міндетті. Сол себепті әрбір мектептің ұстаздары жоғарыда аталған институтта дәріс алып келеді. бұл институтта біздің мектептің орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беретін мұғалімдері де Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы негізінде курстардан өтті. Осы курста жоғарыда аталған институттың тренирі Құрманова Жұпар Сақановна өз білгенін мұғалімдерге үйретіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану болса осындай талаптардың орындалуына тренеріміз Жұпар Сақановнаның мен үшін ықпалы зор болды. Мұғалімдер оқып, болашақта қолданатын оқыту әдіс-тәсілдері оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Хэтти (2011) жылы білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60155 педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан астам метаталдау әдісін пайдаланды. Олар алдында қол жеткізген жетістіктерден кейін мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі оқушылардың алға жылжуына, нәтижелі білім алуына айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұндай жағдайда үйрене білу және үйренуге ұмтылу кез келген мұғалімнің басты қабілеттеріне айналуда. «Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен –мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. «Сіз әлемді өзгерту – жалпы өзгеріс болдыру үшін мұғалім болдыңыз. Сіз дұрыс әрекет жасау үшін өзгересіз – себебі ол дұрыс және басқаларға үлгі болу қажеттігін түсінесіз, өйткені олардың да дұрыс әрекет еткендері жөн. Сіз көп сағаттар бойы жұмыс істеуге әдеттендіңіз. Сіз істегендеріңіздің ұзақ нәтижесі бар екенін білесіз» деген С.Бичтің пікірін ескере келе өзгердім. Өзгеру жолында мен әріптестеріммен, әкімшілікпен, ата-анамен, оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын құруға, рефлексия жасауға қол жеткізуге тырысып жүрмін. Нақтырақ дәлелді түрде мысал келтіретін болсам, жаңа әдістермен сабақ жоспарын құру кезінде әрбір әдісті қолданғанда сабақтың кезеңдерін нақты мақсаттармен қаруландырамыз. Оқушылардың алдына нақты не беретініңді, қай кезеңде қандай мақсатты жүзеге асыратыныңды, сол мақсаттардан қандай нәтиже күтетініңді нақты айқындап, сенімді түрде сабақты ұтымды жүргізуге мүмкіндік жасаймын. Өзімнің көңіліме жағып, бірден меңгеріп алған әдіс-тәсілдерімнің бірі: ыстық алақан, шаттық шеңбері, миға шабуыл стратегиясы, ой шақыру, сұрақтар шеңбері, ыстық орындық, синквейн, төрт сөйлем тәсілі т.б. проблеманы айқындау кезеңінде қолданылатын әдіс–тәсілдер, проблеманы шешу кезеңінде қолданылатын әдіс-тәсілдер, проблема шешімін қолдану кезеңінде қолданылатын тәсілдер, жазу тәсілдері. Айта берсең саны шексіз екен. Сабақ жоспарын құрған кезде сыныптағы оқушылардың білім деңгейі «бес саусақ бірдей емес» дегендей әр түрлі.
Сабақтарымды жоспарлағанда аталған проблема бір мезетте әр түрлі деңгейдегі оқушылармен жұмыс жасау қиындық туғызып отыр. Бірақ жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген әріптестеріммен мұндай проблеманың шешімін табуға тырысып жатырмыз. Келешекте өз тәжірибемде: оқушылармен үнемі тепе-теңдікті ұстауды, еркіндік беруді, оқытуды сапалы ету үшін жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарымды түрлендіруді; әріптестеріммен бірлесе жұмыс жасауды; ата-ана, мектеп психологымен жаңаша бағыттағы жұмысты дамытамын деп ойлаймын.